Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Құрметті елорда және Ақмола облысы Жібек жолы ауылының тұрғындары
25.04.2024
Құрметті елорда және Ақмола облысы Жібек жолы ауылының тұрғындары
25-26 сәуірде Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері 2024 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында жүргізілетін «Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу» үшін мекенжайлар тізімін құру мақсатында үй-үйді аралайды. Аралау кезінде Бюро өкілі үй шаруашылығы басшысының атын, тұрғынжайда қанша үй шаруашылығы бар екенін және негізгі сауалнама кезінде, яғни 1 қыркүйек-30 қараша аралығында олардың сол жерде тұратынын не тұрмайтынын нақтылайды. Статистика бюросы деректердің құпиялылығын сақтауға және оларды қатаң түрде тек статистикалық мақсатта пайдаланылуына кепілдік береді. Үй-үйді аралау қаланың Алматы ауданында (Юго-Восток шағын ауданы) және Жібек жолы ауылының барлық аумағында жүргізіледі. Жоба сенімді деректер жинау және талдау арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдау салаларын кеңейту мақсатында БҰҰ-ның Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қорының өкілдігімен серіктестікте жүзеге асырылады.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші