Қысқаша сипаттамасы:
Көрсеткіш жағалаудағы теңіз сулары мен су түбі шөгінділеріндегі Органикалық заттардың, синтетикалық беттік-белсенді заттардың (СББЗ), ауыр металдардың шоғырлануын анықтауға мүмкіндік береді. Көрсеткіш олардың ластану деңгейіне байланысты жағалаудағы теңіз сулары мен су түбіндегі шөгінділердің жай-күйін өлшеуді қамтамасыз етеді. Тазарту құрылыстарынан ластанған сарқынды суларды ағызу, өнеркәсіптік сарқынды сулар және ауыл шаруашылығынан ұйымдастырылмаған сарқынды сулар ластау көздері болып табылады.