Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    104,3%
    2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 104,3% құрады.

    Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,6%, өңдеу өнеркәсібінде – 4,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 1,8%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 1,9% байқалады.

    Өңірлер арасында едәуір өсу Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

    Есепті кезеңдегі өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

    2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдері 46401,7 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 21773,3 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,9%), өңдеуде – 21640,7 млрд. теңгеге (46,6%).

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі
    өткен жылға пайызбен
    2023ж. қаңтар-желтоқсан
    Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері
    пайызбен
    2023 жылғы қаңтар-қараша 2022 жылғы қаңтар-қарашаға 2023 жылғы желтоқсан 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан 2022 жылға
    2023 жылғы қарашаға 2022 жылғы желтоқсанға
    Өнеркәсіп 104,3 107,8 103,6 104,3
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 105,2 105,4 99,2 104,6
    Өңдеу өнеркәсібі 103,4 110,2 110,5 104,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 103,0 114,3 90,7 101,8
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 102,6 101,8 95,3 101,9

    Шикі мұнайды (106,8%), табиғи газды (110,8%), темірді қоспағанда, кендерді (101%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,7%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 104,6% құрады.

    Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылмен салыстырғанда ӨӨИ 104,1%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдерінде – 1,5%, темекі өнімдері – 3,7%, жеңіл өнеркәсіп – 12,2%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 5%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіруде – 6,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 3,3%, машина жасауда 25,4% белгіленді.

    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және тарату көлемдерінің - 10,8%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 2,8% артуы есебінен ӨӨИ 101,8% құрады.

    Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда ӨӨИ 101,9% құрады. Суды жинау, өңдеу және тарату көлемдері - 8,5%, ақаба суларды жинау және өңдеу 2,9% артты.

    Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында белгіленді.

    Өнеркәсіптік өндірістің индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
    2023ж. қаңтар-желтоқсан
    Глоссарий

    Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

    Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылы-мы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.

    Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торгаутова
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    С. Тілеуберген
    Тел. +7 7172 749774
    E-mail: sy.tileubergen@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші