Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    101,1%
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 101,1% құрады
    103,4%
    Өнеркәсіптің негізгі салаларының ішінде өңдеу өнеркәсібі айтарлықтай өсім көрсетті (103,4%)

    Өткен жылмен салыстырғанда өсу көлемі сусындар өндіруде, химия өнеркәсібі өнімдерінде, машина жасауда, темекі бұйымдарында, жеңіл өнеркәсіпте,тамақ өнімдері өндірісінде байқалады.

    Өңірлер арасында едәуір өсу Ақмола, Жамбыл, Абай облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

    Есепті кезеңдегі өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдері 48007 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында 24644 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 51,3%), өңдеуде 20697 млрд. теңгеге (43,1%).

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі
    өткен жылғы сәйкес кезеңге пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері
    пайызбен
    2022 жылғы қаңтар-қараша 2021 жылғы қаңтар-қарашаға 2022 жылғы желтоқсан 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан 2021 жылға
    2022 жылғы қарашаға 2021 жылғы желтоқсанға
    Өнеркәсіп 101,4 105,3 97,2 101,1
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 99,1 104,3 98,2 99,0
    Өңдеу өнеркәсібі 104,2 105,1 95,1 103,4
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 98,7 119,2 107,8 99,5
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 99,5 94,1 83,7 98,2

    Шикі мұнайды өндіру (98,1%), табиғи газды өндіру (99%), темір кендерін өндіру (79,4%) салаларының азаюына байланысты 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 99%-ды құрады.

    Шикі мұнайды өндіру (98,1%), табиғи газды өндіру (99%), темір кендерін өндіру (79,4%) салаларының азаюына байланысты 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 99%-ды құрады.

    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі негізінен бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 3,5%-ға азаюы есебінен ӨӨИ 99,5%-ды құрады.

    Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ӨӨИ 98,2%-ды құрады.

    Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеу Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалды.

    Өнеркәсіптік өндірістің индексі
    Өнеркәсіптік өндірістің индексі
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Глоссарий

    Өнеркәсіптік өндірістің құндық көріністегі көлемі – өзінің күрделі құрылыс тараптарына және өнеркәсіптік емес бөлімшелерге өткізуге немесе өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы есебінде беруге, сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кәсіпорындардың өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.

    Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – бұл өнімнің нақты түрлерінің заттай көріністегі шығарылымы. Заттай көріністегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жалпы шығарылым, аталған кәсіпорын ішінде өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалған және өңделме шикізаттан өндірілген өнімдер қоса есептеледі.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер, шаруашылық және фермерлік қожалықтардың жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларының бастапқы деректері ақпараттық база болып табылады.

    Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.

    Неғұрлым толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    С. Тілеуберген Тел. +7 7172 749774 E-mail: sy.tileubergen@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 8 Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші