2023 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстары көлемінің 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (16,8%) мен тұрғын емес ғимараттартарының (13,6%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2023 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (21,9% жалпы көлемге) мен тұрғын үйлердің (13,9%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың барлық өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Жетісу (на 87,6%), Абай (66,1%), Қызылорда (54,9%), Жамбыл (38%), Батыс Қазақстан (37,9%), Манғыстау (26,4%), Солтүстік Қазақстан (24,2%), Павлодар (20,4%), Ақмола (20,3%) облыстарында және Шымкент қаласында (14%) байқалады.
Барлығы, мың теңге | 2023 жылғы маусым, пайызбен | 2023 жылғы қаңтар-маусым 2022 жылғы қаңтар-маусымға, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
---|---|---|---|---|---|
2023 жылғы мамырға | 2022 жылғы маусымға | ||||
Қазақстан Республикасы | 2 403 165 823 | 192,0 | 110,6 | 112,3 | 100,0 |
Абай | 63 080 530 | 518,1 | 245,5 | 166,1 | 2,6 |
Ақмола | 73 224 289 | 141,9 | 148,1 | 120,3 | 3,0 |
Ақтөбе | 96 780 881 | 210,8 | 114,9 | 111,8 | 4,0 |
Алматы | 92 979 807 | 280,7 | 123,0 | 100,4 | 3,9 |
Атырау | 477 852 975 | 80,8 | 65,6 | 101,3 | 19,9 |
Батыс Қазақстан | 100 284 969 | 265,4 | 135,0 | 137,9 | 4,2 |
Жамбыл | 108 330 650 | 413,2 | 129,3 | 138,0 | 4,5 |
Жетісу | 66 262 081 | 265,6 | 288,3 | 187,6 | 2,8 |
Қарағанды | 147 081 884 | 148,8 | 164,3 | 112,9 | 6,1 |
Қостанай | 70 595 222 | 254,3 | 113,4 | 110,2 | 2,9 |
Қызылорда | 53 659 895 | 306,4 | 142,6 | 154,9 | 2,2 |
Манғыстау | 87 461 489 | 281,0 | 116,3 | 126,4 | 3,6 |
Павлодар | 98 810 435 | 270,7 | 126,5 | 120,4 | 4,1 |
Солтүстік Қазақстан | 48 706 272 | 358,4 | 117,0 | 124,2 | 2,0 |
Туркістан | 138 438 552 | 373,1 | 91,0 | 102,4 | 5,8 |
Ұлытау | 35 135 268 | 94,3 | 56,6 | 92,8 | 1,5 |
Шығыс Қазақстан | 98 163 415 | 97,6 | 96,4 | 106,5 | 4,1 |
Астана қаласы | 254 782 240 | 174,5 | 96,0 | 100,5 | 10,6 |
Алматы қаласы | 219 935 445 | 235,7 | 129,1 | 111,8 | 9,2 |
Шымкент қаласы | 71 599 524 | 237,3 | 97,5 | 114,0 | 3,0 |
Қазақстан Республикасында 2023 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 8287,2 мың шаршы метр құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 11,8% ұлғайып, 7370,5 мың шаршы метрді құрады, олардан 4321,7 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 3009 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 6878,4 мың шаршы метрді немесе 93,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3038,8 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Оның ішінде салушылармен | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
жалпы алаңы шаршы метрмен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
халықпен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | ||||||
Қазақстан Республикасы | 7 370 463 | 111,8 | 418 850 | 6 878 400 | 3 038 785 | 97,7 | 73 213 |
Абай | 130 102 | 130,7 | 10 021 | 120 081 | 45 391 | 98,8 | - |
Ақмола | 310 297 | 103,9 | 2 527 | 304 376 | 169 811 | 99,8 | x |
Ақтөбе | 393 137 | 104,6 | 5 073 | 381 309 | 251 251 | 121,6 | 6 755 |
Алматы | 539 940 | 112,0 | 6 625 | 489 598 | 384 110 | 93,8 | x |
Атырау | 268 799 | 71,4 | - | 254 521 | 204 710 | 86,1 | 14 278 |
Батыс Қазақстан | 274 609 | 104,9 | 1 241 | 273 368 | 113 408 | 125,6 | - |
Жамбыл | 304 104 | 101,8 | 21 280 | 282 824 | 256 529 | 101,9 | - |
Жетісу | 103 859 | 130,3 | 24 782 | 79 077 | 61 912 | 89,2 | - |
Қарағанды | 232 644 | 112,2 | 12 949 | 219 695 | 42 762 | 79,5 | - |
Қостанай | 242 469 | 101,2 | 18 219 | 219 181 | 87 626 | 88,7 | x |
Қызылорда | 318 744 | 102,1 | 4 403 | 314 341 | 310 535 | 103,2 | - |
Манғыстау | 357 663 | 69,0 | 34 563 | 323 100 | 140 825 | 53,9 | - |
Павлодар | 135 854 | 120,7 | 21 626 | 114 228 | 53 666 | 76,2 | - |
Солтүстік Қазақстан | 76 050 | 89,7 | - | 76 050 | 54 727 | 109,2 | - |
Туркістан | 308 556 | 104,2 | 36 058 | 272 498 | 272 498 | 115,9 | - |
Ұлытау | 28 668 | 141,1 | 4 740 | 23 928 | 16 252 | 170,6 | - |
Шығыс Қазақстан | 135 591 | 107,9 | 17 325 | 118 266 | 44 261 | 88,4 | - |
Астана қаласы | 1 593 821 | 128,3 | 155 927 | 1 437 894 | 27 270 | 53,1 | - |
Алматы қаласы | 1 225 765 | 142,0 | - | 1 225 765 | 314 898 | 112,9 | - |
Шымкент қаласы | 389 791 | 132,3 | 41 491 | 348 300 | 186 343 | 111,9 | - |
2023 жылғы қаңтар-маусымда білім беру және денсаулық сақтау саласында 5369 оқу орнына арналған 15 жалпы білім беретін мектеп, 1320 орынға арналған 17 мектепке дейінгі ұйымдар, 150 төсек-орынына арналған 1 аурухана және ауысымда 1013 келіп-кетушіге арналған 7 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.