Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    6 255,9 млрд.
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4%-ға өсіп, 6255,9 млрд. теңгені құрады.
    84,4%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен - 84,4%, шетелдік - 15,5%, мемлекеттік - 0,1% орындалды.

    Құрылыс саласы тез өсетін экономикалық салалардың бірі болып табылады және соңғы екі жылда тұрақты оң өсімі бар.

    Құрылыс жұмыстары көлемінің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Динамикалық кестелер

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстар көлемінің өсуі құрылыс жұмыстарына және тұрғын емес ғимараттарды жөндеуге ( 21,7%), тұрғын үй құрылысында (13,7%) және имараттарға (9,7%), байланысты.

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең үлкен үлес салмағын тұрғын емес ғимараттар (23,6%), тұрғын ғимараттар құрылысы(15,4%) және жолдар құрылысы (13,9%) алады.

    Аумақтық бөлінісінде республиканың 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Ақмола (36,8%), Алматы (28,4%), Атырау (18,4%), Қызылорда (16,6%), Шығыс Қазақстан (11,3%) облыстарында және Шымкент (35,5%) қаласында елеулі өсуі байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2022 жылғы желтоқсан, % 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан 2021 жылға Республикалық көлемге пайызбен
    2022 жылғы қарашаға 2021жылғы желтоқсанға
    Қазақстан Республикасы 6 255 905 893 241,7 137,4 109,4 100,0
    Абай 186 907 676 280,6 224,3 108,8 3,0
    Ақмола 270 513 363 237,6 160,0 136,8 4,3
    Ақтөбе 245 757 026 258,2 127,5 107,7 3,9
    Алматы 306 502 578 248,4 201,3 128,4 4,9
    Атырау 1 164 480 900 220,4 227,5 118,4 18,6
    Батыс Қазақстан 218 850 082 245,1 121,7 105,7 3,5
    Жамбыл 227 655 678 268,6 98,0 101,0 3,6
    Жетісу 136 422 224 215,4 77,7 104,3 2,2
    Қарағанды 350 554 907 506,8 117,8 94,4 5,6
    Қостанай 185 067 628 148,4 95,1 103,4 3,0
    Қызылорда 124 802 896 235,8 97,2 116,6 2,0
    Манғыстау 205 519 160 220,5 109,8 78,7 3,3
    Павлодар 287 622 750 243,6 129,3 107,6 4,6
    Солтүстік Қазақстан 122 545 584 770,4 143,7 110,8 2,0
    Туркістан 350 884 527 207,5 115,9 104,6 5,6
    Ұлытау 106 201 864 216,5 88,8 109,5 1,7
    Шығыс Қазақстан 271 763 961 204,9 117,1 111,3 4,4
    Астана қаласы 709 376 746 210,8 146,6 107,4 11,3
    Алматы қаласы 565 615 578 248,4 127,7 106,3 9,0
    Шымкент қаласы 218 860 765 271,7 131,6 135,5 3,5
    Электрондық кестелер
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 18597,3 мың шаршы метр құрады.

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Динамикалық кестелер

    Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2021 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға азайып, 15422,1 мың шаршы метрді құрады, олардан 8843,9 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6499,8 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін - 13930,8 мың шаршы метрді немесе 90,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде жалпы көлемінде 44,1%-ды құрайтын, 6799,3 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 15 422 054 91,2 1 251 032 13 930 845 6 799 322 96,2 240 177
    Абай 340 518 104,1 48 419 292 099 105 320 79,6 -
    Ақмола 631 186 105,8 17 665 613 521 323 134 78,7 -
    Ақтөбе 1 252 272 106,0 41 875 х 744 601 105,9 x
    Алматы 790 024 105,7 23 060 766 964 647 921 101,8 -
    Атырау 830 759 92,2 - 830 759 551 744 85,0 -
    Батыс Қазақстан 621 487 105,2 61 218 549 843 266 240 96,5 10 426
    Жамбыл 693 545 101,5 146 618 546 927 516 592 104,9 -
    Жетісу 295 316 108,8 19 277 276 039 240 646 164,0 -
    Қарағанды 597 232 102,6 43 882 553 350 159 125 120,4 -
    Қостанай 448 972 100,3 47 597 395 659 177 189 97,6 5 716
    Қызылорда 683 214 103,3 36 033 647 181 626 698 116,0 -
    Манғыстау 1 046 920 84,9 5 638 1 041 282 583 202 96,5 -
    Павлодар 488 079 132,1 139 388 х 182 690 105,7 x
    Солтүстік Қазақстан 299 862 86,9 61 535 224 773 136 255 66,6 13 554
    Туркістан 864 127 104,6 311 983 552 144 498 615 92,0 -
    Ұлытау 57 062 70,4 17 870 39 192 30 273 81,4 -
    Шығыс Қазақстан 318 050 115,4 34 887 283 163 99 361 82,8 -
    Астана қаласы 2 369 278 75,3 18 262 2 246 303 74 650 82,0 104 713
    Алматы қаласы 1 720 505 65,4 13 294 1 661 864 448 266 81,1 45 347
    Шымкент қаласы 1 073 646 106,1 162 531 876 075 386 800 87,8 35 040

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 50475 оқушылар орынына арналған 85 жалпы білім беру мектептері, 5724 орынға арналған 46 мектепке дейінгі мекемелер және 430 төсек-орынға арналған 3 аурухана, сонымен қатар ауысымына 1385 келушіге арналған 30 амбулаториялық емхана пайдалануға берілді.

    Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді пайдалануға беру
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Электрондық кестелер
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    О. Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: О.Edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министрліктер үйі, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші