Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    5918,9 млрд.
    2023 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6% өсіп, 5918,9 млрд. теңгені құрады.
    87,3%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен – 87,3%, шетелдік – 12,5%, мемлекеттік - 0,2% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2023 жылғы қаңтар-қарашада құрылыс жұмыстары көлемінің 2022 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (24,9%) мен тұрғын емес ғимараттарының (6,8%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2023 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (19,5% жалпы көлемге), автомобиль жолдары (14,8%) мен тұрғын үйлердің (14,2%) құрылысы алады.

    Құрылыс жұмыстары көлемінің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар-қараша
    Динамикалық кестелер

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Маңғыстау (55,9%), Жетісу (49,1%), Батыс Қазақстан (42,8%), Абай (39%), Қарағанды (32,2%), Солтүстік Қазақстан (27,6%), Қостанай (21,8%), Ақтөбе (21,3%), Қызылорда (20,4%), Павлодар (15%), Жамбыл (10,3%) облыстарында байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2023 жылғы қараша, пайызбен 2023 жылғы қаңтар-қараша 2022 жылғы қаңтар- қарашаға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2023 жылғы қазанға 2022 жылғы қарашаға
    Қазақстан Республикасы 5 918 938 356 110,7 112,7 112,6 100,0
    Абай 181 239 444 122,8 127,7 139,0 3,1
    Ақмола 225 144 646 106,6 99,5 100,3 3,8
    Ақтөбе 256 588 833 154,0 128,3 121,3 4,3
    Алматы 252 291 110 100,4 106,6 101,4 4,3
    Атырау 1 082 592 626 85,0 122,5 106,6 18,3
    Батыс Қазақстан 251 800 601 113,9 132,3 142,8 4,3
    Жамбыл 200 677 370 476,9 105,6 110,3 3,4
    Жетісу 182 956 647 88,6 165,5 149,1 3,1
    Қарағанды 384 192 160 57,9 182,7 132,2 6,5
    Қостанай 202 225 573 108,8 124,7 121,8 3,4
    Қызылорда 134 112 038 115,9 110,3 120,4 2,3
    Маңғыстау 262 401 706 236,1 137,0 155,9 4,4
    Павлодар 261 461 000 179,3 98,3 115,0 4,4
    Солтүстік Қазақстан 121 167 998 128,0 246,7 127,6 2,0
    Туркістан 277 969 137 139,5 64,0 99,1 4,7
    Ұлытау 85 579 153 162,1 118,1 92,6 1,4
    Шығыс Қазақстан 247 909 737 90,9 114,2 106,0 4,2
    Астана қаласы 624 573 680 152,6 88,2 104,9 10,6
    Алматы қаласы 499 744 856 79,5 112,5 102,8 8,4
    Шымкент қаласы 184 310 041 157,6 143,7 104,5 3,1
    Электрондық кестелер
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2023 жылғы қаңтар-қарашада пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 17296,8 мың шаршы метр құрады.

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар-қараша
    Динамикалық кестелер

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2022 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 15,6% ұлғайып, 15067,2 мың шаршы метрді құрады, олардан 9107,9 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5862 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 13736,2 мың шаршы метрді немесе 91,2%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 6003,9 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Оның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 15 067 186 115,6 1 188 970 13 736 222 6 003 950 98,9 141 994
    Абай 285 025 112,5 69 906 215 119 90 172 95,7 -
    Ақмола 588 132 103,5 11 952 568 914 304 535 100,2 7 266
    Ақтөбе 990 316 104,2 29 135 954 426 672 442 109,4 6 755
    Алматы 813 449 107,1 17 137 726 131 569 909 90,2 70 181
    Атырау 631 918 82,5 14 220 603 420 438 386 84,5 14 278
    Батыс Қазақстан 535 050 100,4 35 386 499 249 270 754 112,0 x
    Жамбыл 607 242 101,4 53 015 554 227 508 386 108,0 -
    Жетісу 271 601 128,1 105 547 166 054 132 714 82,5 -
    Қарағанды 397 532 81,6 22 332 375 200 70 347 49,6 -
    Қостанай 427 641 101,5 45 648 376 924 142 453 84,8 x
    Қызылорда 702 738 116,3 42 183 660 555 650 730 113,2 -
    Манғыстау 772 497 89,0 34 563 715 367 320 899 74,7 x
    Павлодар 292 782 106,4 46 284 246 498 142 491 100,9 -
    Солтүстік Қазақстан 240 184 135,9 52 217 172 504 118 514 116,1 15 463
    Туркістан 853 334 105,1 215 337 637 997 600 668 128,2 -
    Ұлытау 67 622 160,7 7 340 60 282 47 762 205,5 -
    Шығыс Қазақстан 244 980 102,9 36 076 208 904 91 873 100,8 -
    Астана қаласы 3 430 895 161,0 309 201 3 121 694 48 841 67,9 -
    Алматы қаласы 2 087 372 130,9 - 2 087 372 386 362 87,6 -
    Шымкент қаласы 826 876 110,6 41 491 785 385 395 712 104,0 -

    2023 жылғы қаңтар-қарашада білім беру және денсаулық сақтау саласында 39250 оқу орнына арналған 70 жалпы білім беретін мектеп, 5502 орынға арналған 44 мектепке дейінгі ұйымдар, 350 төсек-орынына арналған 2 аурухана және ауысымда 1714 келіп-кетушіге арналған 31 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді пайдалануға беру
    2023ж. қаңтар-қараша
    Электрондық кестелер
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Шауенова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші