Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    18 043,7 млрд.
    2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 18043,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылдан (салыстырмалы бағамен) 13,7% көп.

    Манғыстау облысында 34,3%, Абай облысында 32,7%, Түркістан облысында 26,1%, Шымкент қаласында 26%, Павлодар облысында 25,6%, Алматы қаласында 25,3%, Жамбыл облысында 17,3% және Солтүстік Қазақстан облысында 17,3% елеулі өсуі байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы

    2021 жылғы тамыз айынан бастап инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу серпініне ие.

    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2023ж. қаңтар-желтоқсан

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (17,3%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
    2023 жылғы желтоқсан 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан 2022 жылға
    2023 жылғы қарашаға 2022 жылғы желтоқсанға
    Қазақстан Республикасы 139,9 109,0 113,7
    Абай 209,3 103,6 132,7
    Ақмола 241,6 119,0 107,1
    Ақтөбе 130,6 103,1 109,5
    Алматы 132,2 96,3 110,7
    Атырау 163,3 102,2 100,7
    Батыс-Казақстан 160,8 93,9 116,4
    Жамбыл 226,9 131,9 117,3
    Жетісу 210,4 122,6 115,4
    Қарағанды 147,6 94,0 112,2
    Қостанай 267,0 120,0 109,0
    Қызылорда 120,7 90,1 114,2
    Манғыстау 85,6 86,1 134,3
    Павлодар 151,7 112,3 125,6
    Солтүстік Қазақстан 139,3 95,4 117,3
    Түркістан 128,7 73,3 126,1
    Ұлытау 207,5 107,1 114,0
    Шығыс Қазақстан 129,6 146,2 113,9
    Астана қаласы 181,9 114,5 106,6
    Алматы қаласы 80,2 171,9 125,3
    Шымкент қаласы 94,5 166,1 126,0

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
    Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    Шағын кәсіпорындар Орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2021 жыл 13 242 233 420 7 127 645 084 1 128 594 126 4 985 994 210
    2022 жыл 15 251 104 090 8 156 215 530 947 478 819 6 147 409 741
    2023 жылғы қаңтар-желтоқсан 18 043 687 257 9 836 176 360 1 174 262 818 7 033 248 079

    Жалпы шығындардың 59,5% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге, жалпы сомасының төрттен бірінен астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ элементтерінің технологиялық құрылымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2023ж. қаңтар-желтоқсан

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 13279,8 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 73,6% - құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 15,8% құрады, бұл ретте 2022 жылмен салыстырғанда 15,6% ұлғайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 2,5% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    2023 жылғы қаңтар-желтоқсан Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2022 жыл 2021жыл
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 043 687 257 100,0 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:
    мемлекеттік бюджеттен 2 850 117 810 15,8 15,5 15,6
    меншікті қаражат 13 279 782 562 73,6 73,2 70,7
    банктердің кредиттері 445 356 629 2,5 3,2 2,6
    одан:
    шетелдік банкттердің кредиттері 21 930 223 0,1 0,2 0,5
    басқада қарыз қаражаты 1 468 430 256 8,1 8,1 11,1
    одан:
    резидент емес қарыз қаражаты 459 926 236 2,5 1,9 2,2

    2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (45,7%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына - 26,3%, өңдеу өнеркәсібі - 9,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (17,9%), көлік пен қоймаға (14%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (5,4%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2022 жылға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 18 043 687 257 113,7 100,0
    оныңішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 981 049 914 110,3 5,4
    Өнеркәсіп 8 241 210 161 107,3 45,7
    оның ішінде:
    кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 4 752 850 939 102,4 26,3
    өңдеу өнеркәсібі 1 704 825 774 103,2 9,4
    электрэнергиясымен, газбен,бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 184 926 414 138,9 6,6
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 598 606 998 114,3 3,3
    Құрылыс 187 703 274 83,7 1,0
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 489 810 278 132,7 2,7
    көлік және қоймалау 2 522 809 512 140,3 14,0
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 143 871 116 104,5 0,8
    ақпарат және байланыс 451 661 728 230,2 2,5
    қаржы және сақтандыру қызметі 119 489 741 95,9 0,7
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 3 231 217 048 105,5 17,9
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 94 800 185 151,0 0,5
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 160 199 143 102,0 0,9
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 178 777 617 104,3 1,0
    білім беру 448 712 477 115,3 2,5
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 409 996 238 151,1 2,3
    өнер, ойын-сауық және демалыс 298 630 770 111,4 1,7
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 83 747 897 124,8 0,5
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, ав-торлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торгаутова
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    Д. Бустаев
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: da.bustayev@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші