Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    790,8 млрд.
    2024 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 790,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтардан (салыстырмалы бағамен) 0,6% көп.

    Жетісу облысында 2,1 есе, Ұлытау облысында 52,3%, Жамбыл облысында 40,4%, Алматы облысында 34,4%, Қызылорда облысында 32,4% және Түркістан облысында 30,4% елеулі өсуі байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2024 жылғы қаңтар

    Инвестицияның едәуірүлесін Атырау облысы алады (24,7%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
    2024 жылғы қаңтар
    2023 жылғы желтоқсанға 2023 жылғы қаңтарға
    Қазақстан Республикасы 28,6 100,6
    Абай 10,8 85,4
    Ақмола 32,5 56,6
    Ақтөбе 11,1 61,7
    Алматы 25,3 134,4
    Атырау 45,3 80,1
    Батыс-Казақстан 26,8 91,0
    Жамбыл 22,1 140,4
    Жетісу 14,9 205,7
    Қарағанды 29,8 101,9
    Қостанай 32,5 103,8
    Қызылорда 73,1 132,4
    Манғыстау 52,5 126,9
    Павлодар 17,2 121,2
    Солтүстік Қазақстан 21,8 80,0
    Түркістан 18,6 130,4
    Ұлытау 26,8 152,3
    Шығыс Қазақстан 21,8 128,9
    Астана қаласы 20,9 129,4
    Алматы қаласы 30,3 123,5
    Шымкент қаласы 25,4 104,2

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
    Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    Шағын кәсіпорындар Орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2022 жылғы қаңтар 609 183 297 228 580 182 50 096 320 330 506 795
    2023 жылғы қаңтар 755 065 042 293 298 101 45 369 241 416 397 700
    2024 жылғы қаңтар 790 806 112 397 913 283 73 266 994 319 625 835

    Жалпы шығындардың 55,6% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге, жалпы сомасының төрттен бірінен астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ элементтерінің технологиялық құрылымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2024 жылғы қаңтар

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтарда 653,3 млрд. теңгені немесе жалпы көлемнің 82,6%-құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 2,8% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 7,3% ұлғайды.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 1,6% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    2024 жылғы қаңтар Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы қаңтар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 790 806 112 100,0 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:
    мемлекеттік бюджеттен 22 354 707 2,8 2,7 3,6
    меншікті қаражат 653 261 066 82,6 85,6 83,6
    банктердің кредиттері 12 303 209 1,6 1,5 2,5
    одан:
    шетелдік банкттердің кредиттері - - - 0,3
    басқада қарыз қаражаты 102 887 130 13,0 10,2 10,3
    одан:
    резидент емес қарыз қаражаты 19 708 585 2,5 2,7 1,1

    2024 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (52,3%)(оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына- 37%, өңдеу өнеркәсібі-11,7%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (18,2%),көлік пен қоймаға (15,5%),ауыл, орман және балық шаруашылығы (3,3%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2023 жылғы қаңтарға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 790 806 112 100,6 100,0
    оның ішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 25 946 825 82,9 3,3
    Өнеркәсіп 413 275 184 92,6 52,3
    оның ішінде:
    кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 292 408 269 86,8 37,0
    өңдеу өнеркәсібі 92 181 421 115,8 11,7
    электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялау мен жабдықтау 25 347 959 125,9 3,2
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 3 337 535 32,6 0,4
    Құрылыс 7 740 093 200,6 1,0
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 14 605 885 67,3 1.9
    көлік және қоймалау 122 816 376 209,1 15,5
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 8 976 982 84,0 1,1
    ақпарат және байланыс 13 746 713 120,9 1,7
    қаржы және сақтандыру қызметі 10 265 720 295,9 1,3
    жылжымайтын мүлік пен жасалатын операциялар 144 108 255 82,5 18,2
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 4 774 009 117,7 0,6
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 4 053 266 179,0 0,5
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 1 070 125 9,7 0,1
    білім беру 10 874 261 363,0 1,4
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 5 155 942 87,1 0,7
    өнер, ойын-сауық және демалыс 3 120 292 80,9 0,4
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 276 169 24,3 0,0
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    Д. Бустаев
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: da.bustayev@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші