Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    1 809,4 млрд.
    2024 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 1809,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-ақпаннан (салыстырмалы бағамен) 7,9% көп.

    Қызылорда облысында 64,4%, Астана қаласында 57,9%, Түркістан облысында 53,8%, Жетісу облысында 46,9%, Алматы облысында 45,5%, Батыс Қазақстан облысында 34,8% және Солтүстік Қазақстан облысында 32,4% елеулі өсуі байқалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестицияның динамикасы
    өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    2024 жылғы қаңтар-ақпан

    Инвестицияның едәуір үлесін Атырау облысы алады (19,1%).

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
    2024 жылғы ақпан 2024 жылғы қаңтар-ақпан 2023 жылғы қаңтар-ақпанға
    2024 жылғы қаңтар 2023 жылғы ақпан
    Қазақстан Республикасы 129,3 114,0 107,9
    Абай 198,0 117,9 104,7
    Ақмола 141,9 63,2 60,2
    Ақтөбе 320,6 125,7 100,5
    Алматы 182,4 152,2 145,5
    Атырау 77,0 73,3 77,0
    Батыс-Казақстан 190,8 180,8 134,8
    Жамбыл 67,5 92,7 116,3
    Жетісу 129,1 119,7 146,9
    Қарағанды 123,2 115,8 109,2
    Қостанай 103,2 123,1 112,8
    Қызылорда 92,8 220,7 164,4
    Манғыстау 73,2 71,9 96,0
    Павлодар 208,2 129,7 126,9
    Солтүстік Қазақстан 199,0 200,4 132,4
    Түркістан 222,8 167,5 153,8
    Ұлытау 84,7 83,1 111,1
    Шығыс Қазақстан 194,7 111,3 116,9
    Астана қаласы 182,0 179,9 157,9
    Алматы қаласы 133,5 125,1 124,5
    Шымкент қаласы 126,3 111,7 108,3

    Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

    Кәсіпорындардың мөлшері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    мың теңге
    Негізгі капиталға инвестицияларды игерді Соның ішінде
    Шағын кәсіпорындар Орта кәсіпорындар Ірі кәсіпорындар
    2023 жылғы қаңтар-ақпан 1 616 382 572 656 648 845 105 526 120 854 207 607
    2024 жылғы қаңтар-ақпан 1 809 357 363 956 691 544 154 863 294 697 802 525

    Жалпы шығындардың 59,5% ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге, жалпы сомасының төрттен бірінен астамы машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ элементтерінің технологиялық құрылымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2024 жылғы қаңтар-ақпан

    Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 1439,7 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 79,6% - құрады.

    Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 7% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 10,2% төмен.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 4% алады.

    Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    2024 жылғы қаңтар-ақпан Анықтама: қорытындыға пайызбен
    мың теңге қорытындыға пайызбен 2023 жылғы қаңтар-ақпан
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 809 357 363 100,0 100,0
    қаражаттарды қоса алғанда:
    мемлекеттік бюджеттен 126 113 841 7,0 8,4
    меншікті қаражат 1 439 651 064 79,6 81,7
    банктердің кредиттері 72 907 106 4,0 1,8
    одан:
    шетелдік банкттердің кредиттері 6 029 857 0,3 -
    басқада қарыз қаражаты 170 685 352 9,4 8,1
    одан:
    резидент емес қарыз қаражаты 37 564 036 2,1 2,7

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (48%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына – 30,7%, өңдеу өнеркәсібі – 11,5%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (21,3%), көлік пен қоймаға (13,3%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (3,9%) тиесілі.

    Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, мың теңге 2023 жылғы қаңтар-ақпанға, пайызбен Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, пайызбен
    Барлығы 1 809 357 363 107,9 100,0
    оныңішінде:
    ауыл, орман және балық шаруашылығы 70 373 508 111,8 3,9
    Өнеркәсіп 868 185 259 97,6 48,0
    оның ішінде:
    кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 554 773 444 84,9 30,7
    өңдеу өнеркәсібі 208 443 930 136,9 11,5
    электрэнергиясымен, газбен,бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 73 789 852 131,6 4,1
    сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 31 178 032 106,6 1,7
    Құрылыс 29 217 462 265,5 1,6
    көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 37 501 054 102,5 2,1
    көлік және қоймалау 241 477 881 147,0 13,3
    тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 20 373 658 123,0 1,1
    ақпарат және байланыс 23 250 602 144,8 1,3
    қаржы және сақтандыру қызметі 22 532 325 255,3 1,2
    жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 384 674 573 106,3 21,3
    кәсіби, ғылым және техникалық қызмет 14 523 639 62,5 0,8
    әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 11 153 814 125,4 0,6
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 7 472 276 45,6 0,4
    білім беру 30 019 743 156,4 1,7
    денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 33 683 498 77,6 1,9
    өнер, ойын-сауық және демалыс 13 302 934 98,9 0,7
    өзге де қызметтер түрлерін көрсету 1 615 120 91,1 0,1
    Глоссарий

    Негізгі капиталға инвестициялар - инвесторлардың жаңа құрылыс, сондай-ақ объектінің кеңейту (объектінің бастапқы құнының ұлғаюына әкеп соғатын) жағдайында инвесторлар үшін экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық әсер алу мақсатындағы инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға кететін шығындар және т.б.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар бойынша кешенді жұмыстардың шығындары, сондай-ақ тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі шығындар жатады.

    Машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар-машиналарды, Көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды қамтитын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар-жобалау-іздестіру жұмыстарына, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстар, мәдениетті биологиялық шығындарға арналған шығындар, сондай-ақ ұйымдар құрған немесе сатып алған, шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, ақшалай бағасы бар, иеліктен шығару қабілеті бар және кірістер әкелетін объектілерге жұмсалатын шығындар, бірақ материалдық құндылықтар емес.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі динамикадағы инвестициялық инвестициялардың өзгеруін сипаттайды, есепті және салыстырылатын кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің салыстырмалы бағалардағы қатынасымен анықталады.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Негізгі капиталға инвестициялар туралы статистикалық ақпарат инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жұмыс істейтіндердің санына және экономикалық қызмет түріне қарамастан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың бастапқы статистикалық деректері негізінде қалыптастырылады.

    Инвестициялық салымдарды есепке алу инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелген жеріне қарамастан, нақты жүзеге асырылатын жер бойынша көзделген.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы айлық негізде қалыптастырылған жедел деректер жылдық деректермен нақтыланады.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер пайдалану бағыты бойынша (инвестиция (түпкілікті пайдалану) бағытының сипатына және инвестордың экономикалық қызметінің түріне байланысты) қалыптастырылады.

    Толығырақ әдістемелік түсініктемелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді

    Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    Н. Қайырбекова
    Тел. +7 7172 749317
    E-mail: na.Kairbekovav@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министерлік үй, 4 подъезд
    Онлайн кеңесші