Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    526 290
    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 526290 бірлікті құрады, оның ішінде 421209 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 719 279
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1719279 құрады, оның ішінде 1638998 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 178 951
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2178951 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2002199 құрады.
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 526 290 421 209 1 719 279 1 638 998 32 062 22 305 2 178 951 2 002 199
    Шағын 517 123 412 186 - - 30 931 21 188 2 175 927 1 999 259
    Орта 6 689 6 575 - - 632 623 3 024 2 940
    Ірі 2 478 2 448 - - 499 494 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2013-2023 жылдары) олардың саны 338981-дан 526290 дейін (187309 бірлікке немесе 55,3%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
    Қазақстан Республикасы 338 981 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290
    шағын 330 435 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123
    орта 6 113 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689
    ірі 2 433 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2023 жылғы желтоқсанды қараша айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,4%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 3,6%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2% азайған, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 қаңтарда олардың үлесі 27,7%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,9%-ын құрады.

    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (148244 немесе 28,2%) және Астана (100990 немесе 19,2%), және Қарағанды облысына (28737 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2969 және 0,6%), және Жетісу (8288 және 1,6%) және Абай (8281 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 526 290 421 209 56 632 198 516 166 061 4 786
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 20 990 17 809 1 825 7 987 7 997 120
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 331 4 429 644 1 464 2 321 51
    Өндеу өнеркәсібі 26 482 20 858 1 929 10 157 8 772 288
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 910 1 599 156 773 670 9
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 781 2 211 171 1 112 928 42
    Құрылыс 69 792 52 722 5 756 17 197 29 769 1 234
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 145 813 108 795 16 321 46 785 45 689 1 656
    Көлік және жинақтау 21 681 17 293 2 305 8 100 6 888 212
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 357 8 469 1 390 4 002 3 077 42
    Ақпарат және байланыс 17 922 15 132 2 942 7 098 5 092 64
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 897 5 567 777 2 734 2 056 124
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 25 299 21 903 3 110 12 957 5 836 166
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 612 28 428 3 125 14 288 11 015 212
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 164 21 331 2 512 11 405 7 414 145
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 512 9 241 114 8 988 139 36
    Білім беру 29 780 27 669 1 952 20 125 5 592 130
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 916 9 887 986 6 145 2 756 40
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 978 6 658 1 003 3 484 2 171 37
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 52 072 41 207 9 614 13 714 17 879 178
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 526 290 25 507 450 245 325 11 210 50 538
    Шағын 517 123 20 750 446 336 259 10 931 50 037
    Орта 6 689 3 587 2 809 30 173 293
    Ірі 2 478 1 170 1 100 36 106 208
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2023 жылғы желтоқсанды қараша айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (2,4%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 8,5%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 1,9%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 қаңтарда олардың үлесі 37,5%-ды құрайды. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (17,4 %), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (16,2%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 71,1%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 719 279 1 638 998 1 646 800 1 567 308 72 479 71 690
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 278 973 269 898 206 596 198 292 72 377 71 606
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 763 734 763 734 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 96 169 92 004 96 160 91 995 9 9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 591 554 591 554 - -
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 933 1 823 1 932 1 822 1 1
    Құрылыс 50 870 48 010 50 868 48 008 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 644 624 616 742 644 607 616 727 17 15
    Көлік және жинақтау 79 935 74 699 79 926 74 693 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 43 444 40 880 43 440 40 876 4 4
    Ақпарат және байланыс 17 591 16 549 17 591 16 549 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 524 479 524 479 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 85 336 81 691 85 316 81 675 20 16
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 30 028 28 096 30 027 28 095 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 37 683 35 778 37 672 35 767 11 11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 138 135 138 135 - -
    Білім беру 27 168 25 838 27 167 25 837 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 710 10 275 10 710 10 275 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 14 259 13 377 14 258 13 376 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 298 540 281 436 298 514 281 419 26 17
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 32062 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасайтыны - 22305. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3821 немесе 11,9%) және Астана қаласына (3721 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (2136 немесе 6,7 %) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12997 немесе 40,5%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4554 немесе 14,2%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2250 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2024 жылғы 1 қаңтардығы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 28 036 2 500 24 235 200 706 1 301
    Шағын 26 949 2 261 23 435 177 669 1 253
    Орта 609 121 459 13 17 29
    Ірі 478 118 341 10 20 19
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2024 жылғы 1 қаңтардығы жағдай бойынша
    Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 026 2 395 387 989 1 019 83
    Шағын 3 982 2 353 386 948 1 019 82
    Орта 23 21 1 20 - 1
    Ірі 21 21 - 21 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 16,1%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,9%-ға артты.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 37,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,1%, «Құрылыс» – 9,6% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 55 865 43 421 11 916 8 740
    Ресей 23 009 19 444 5 091 3 954
    Түркия 5 431 3 806 767 474
    Қытай 3 964 2 460 818 559
    Өзбекстан 3 889 3 047 676 472
    Қырғызстан 3 076 2 316 397 301
    Украина 1 384 1 056 386 290
    Әзірбайжан 1 359 1 062 224 157
    Германия 943 748 531 399
    Корея Республикасы 877 615 180 113
    Беларусь 836 732 183 140
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 10,1%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,2%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 21%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,7%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,9%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,5% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    тіркелген жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 178 951 2 002 199
    Абай 57 925 53 269
    Ақмола 62 503 57 919
    Ақтөбе 92 112 83 819
    Алматы 141 877 134 628
    Атырау 70 866 65 045
    Батыс Қазақстан 62 642 57 653
    Жамбыл 118 621 106 779
    Жетісу 63 584 58 914
    Қарағанды 109 615 99 190
    Қостанай 67 997 64 286
    Қызылорда 71 147 67 180
    Маңғыстау 84 971 79 742
    Павлодар 60 689 54 578
    Солтүстік Қазақстан 37 977 34 891
    Түркістан 210 898 206 855
    Ұлытау 19 858 18 791
    Шығыс Қазақстан 69 702 62 616
    Астана қаласы 254 999 227 386
    Алматы қаласы 381 950 340 132
    Шымкент қаласы 139 018 128 526
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    А.Умирбаева
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: ak.umirbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші