Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    526 663
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 526663 бірлікті құрады, оның ішінде 423868 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 726 176
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1726176 құрады, оның ішінде 1654396 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 186 275
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2186275 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2020036 құрады.
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 526 663 423 868 1 726 176 1 654 396 32 017 22 432 2 186 275 2 020 036
    Шағын 517 496 414 844 - - 30 887 21 316 2 183 245 2 017 089
    Орта 6 690 6 577 - - 634 625 3 030 2 947
    Ірі 2 477 2 447 - - 496 491 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2014-2023 жылдары) олардың саны 353833-дан 526290 дейін (172457 бірлікке немесе 48,7%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орт а және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Өлшемділігі бойынша 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
    Қазақстан Республикасы 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290
    шағын 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123
    орта 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689
    ірі 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2023 жылғы желтоқсанды 2024 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,1%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 3,7%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,6% көбейген, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 ақпанда олардың үлесі 27,7%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,8%-ын құрады.

    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (148741 немесе 28,2%) және Астана (101181 немесе 19,2%), және Қарағанды облысына (28683 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2977 және 0,6%), және Жетісу (8176 және 1,6%) және Абай (8294 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 526 663 423 868 58 679 199 418 165 771 4 709
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 20 974 17 923 1 859 8 121 7 943 118
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 346 4 444 661 1 502 2 281 51
    Өндеу өнеркәсібі 26 486 20 914 2 022 10 254 8 638 285
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 905 1 603 163 786 654 9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 771 2 201 175 1 136 890 42
    Құрылыс 69 807 53 058 5 889 16 996 30 173 1 223
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 145 712 109 527 16 982 46 973 45 572 1 622
    Көлік және жинақтау 21 714 17 412 2 403 8 068 6 941 207
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 403 8 532 1 460 4 031 3 041 41
    Ақпарат және байланыс 17 995 15 291 3 041 7 166 5 084 62
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 878 5 611 810 2 739 2 062 124
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 25 298 21 972 3 172 12 982 5 818 165
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 706 28 648 3 280 14 409 10 959 208
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 267 21 510 2 604 11 519 7 387 142
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 507 9 235 136 8 969 130 37
    Білім беру 29 880 27 820 2 054 20 238 5 528 127
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 983 9 972 996 6 229 2 747 38
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 982 6 693 1 029 3 527 2 137 37
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 52 048 41 501 9 943 13 772 17 786 171
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 526 663 25 497 450 219 321 11 170 50 947
    Шағын 517 496 20 742 446 309 257 10 891 50 445
    Орта 6 690 3 582 2 814 30 173 294
    Ірі 2 477 1 173 1 096 34 106 208
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2023 жылғы желтоқсанды 2024 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,4%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 6,2%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,9%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 ақпанда олардың үлесі 37,3%-ды құрайды. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (17,2 %), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (16%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 70,5%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 726 176 1 654 396 1 653 601 1 582 604 72 575 71 792
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 276 495 268 089 204 021 196 380 72 474 71 709
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 776 745 776 745 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 94 244 90 581 94 235 90 572 9 9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 599 561 599 561 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 906 1 809 1 905 1 808 1 1
    Құрылыс 50 639 48 010 50 637 48 008 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 643 885 619 030 643 868 619 015 17 15
    Көлік және жинақтау 87 834 82 990 87 825 82 984 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 44 048 41 709 44 044 41 705 4 4
    Ақпарат және байланыс 17 465 16 506 17 465 16 506 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 515 476 515 476 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 89 678 86 368 89 659 86 353 19 15
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 30 139 28 461 30 138 28 460 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 37 738 36 016 37 727 36 005 11 11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 129 126 129 126 - -
    Білім беру 27 786 26 670 27 785 26 669 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 710 10 325 10 710 10 325 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 14 330 13 515 14 329 13 514 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 297 260 282 409 297 234 282 392 26 17
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 32017 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасайтыны - 22432. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3831 немесе 12%) және Астана қаласына (3729 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (2140 немесе 6,7 %) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12953 немесе 40,5%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4538 немесе 14,2%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2276 немесе 7,1%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 27 990 2 526 24 174 193 711 1 290
    Шағын 26 903 2 287 23 374 170 675 1 242
    Орта 612 121 462 13 16 29
    Ірі 475 118 338 10 20 19
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 027 2 405 398 988 1 019 83
    Шағын 3 984 2 364 398 947 1 019 82
    Орта 22 20 - 20 - 1
    Ірі 21 21 - 21 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 15,5%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,5%-ға артты.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,1%, «Құрылыс» – 9,4% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 56 264 43 953 11 881 8 754
    Ресей 23 084 19 551 5 074 3 961
    Түркия 5 434 3 828 768 476
    Қытай 4 046 3 219 669 474
    Өзбекстан 3 997 2 494 821 569
    Қырғызстан 3 103 2 347 394 298
    Украина 1 402 1 115 219 155
    Әзірбайжан 1 384 1 063 389 296
    Германия 938 747 531 398
    Корея Республикасы 879 618 179 111
    Беларусь 846 746 187 145
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,4%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,9%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,1%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,7%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,8%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,4% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 186 275 2 020 036
    Абай 57 575 53 479
    Ақмола 62 846 58 630
    Ақтөбе 91 713 84 056
    Алматы 142 978 136 315
    Атырау 70 141 64 692
    Батыс Қазақстан 62 468 57 889
    Жамбыл 118 526 107 418
    Жетісу 63 465 59 234
    Қарағанды 109 932 100 260
    Қостанай 68 774 65 451
    Қызылорда 69 626 66 061
    Маңғыстау 84 061 79 249
    Павлодар 60 747 55 157
    Солтүстік Қазақстан 38 233 35 299
    Түркістан 209 826 206 056
    Ұлытау 19 467 18 577
    Шығыс Қазақстан 69 586 63 105
    Астана қаласы 257 476 230 869
    Алматы қаласы 387 343 346 754
    Шымкент қаласы 141 492 131 485
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    А. Бейсембеков
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: ru.beisembekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші