Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    528 410
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 528410 бірлікті құрады, оның ішінде 424223 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 725 703
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1725703 құрады, оның ішінде 1651768 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 187 241
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2187241 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2017379 құрады.
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 528 410 424 223 1 725 703 1 651 768 31 970 22 510 2 187 241 2 017 379
    Шағын 519 229 415 188 - - 30 841 21 395 2 184 193 2 014418
    Орта 6 703 6 587 - - 632 623 3 048 2 961
    Ірі 2 478 2 448 - - 497 492 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2014-2023 жылдары) олардың саны 353833-дан 526290 дейін (172457 бірлікке немесе 48,7%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Өлшемділігі бойынша 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
    Қазақстан Республикасы 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290
    шағын 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123
    орта 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689
    ірі 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2024 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,2%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,9%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4% көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 сәуірде олардың үлесі 27,6%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,8%-ын құрады.

    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (149571 немесе 28,3%) және Астана (101606 немесе 19,2%), және Қарағанды облысына (28755 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2964 және 0,6%), және Жетісу (8221 және 1,6%) және Абай (8316 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 528 410 424 223 59 259 202 234 162 730 5 096
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 083 18 030 1 767 8 501 7 762 121
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 415 4 495 614 1 582 2 299 54
    Өндеу өнеркәсібі 26 635 20 944 1 879 10 529 8 536 306
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 906 1 601 142 802 657 9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 770 2 170 156 1 161 853 43
    Құрылыс 70 080 53 101 5 789 17 825 29 487 1 298
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 145 701 108 836 17 232 47 109 44 495 1 790
    Көлік және жинақтау 21 806 17 458 2 445 8 201 6 812 236
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 455 8 562 1 533 4 032 2 997 51
    Ақпарат және байланыс 18 134 15 418 3 152 7 249 5 017 72
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 848 5 589 845 2 740 2 004 125
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 25 536 22 189 3 221 13 204 5 764 167
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 737 28 614 3 377 14 580 10 657 229
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 108 21 269 2 569 11 578 7 122 158
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 535 9 277 168 8 962 147 32
    Білім беру 30 036 27 988 2 132 20 366 5 490 131
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 092 10 094 1 032 6 287 2 775 40
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 974 6 672 1 054 3 553 2 065 41
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 52 558 41 915 10 152 13 972 17 791 193
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 528 410 25 551 451 109 276 11 149 51 750
    Шағын 519 229 20 792 447 187 230 10 866 51 250
    Орта 6 703 3 585 2 822 20 173 296
    Ірі 2 478 1 174 1 100 26 110 204
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2024 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,1%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,6%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,2%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 сәуірде олардың үлесі 37,3%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (17,1 %), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (15,8%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 70,2%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 725 703 1 651 768 1 653 018 1 579 862 72 685 71 906
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 273 125 264 469 200 541 192 645 72 584 71 824
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 763 724 763 724 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 91 481 87 630 91 473 87 622 8 8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 594 558 594 558 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 910 1 804 1 909 1 803 1 1
    Құрылыс 51 004 48 172 51 002 48 170 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 644 285 618 532 644 269 618 519 16 13
    Көлік және жинақтау 89 895 84 973 89 886 84 967 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 44 597 42 175 44 593 42 171 4 4
    Ақпарат және байланыс 17 584 16 586 17 584 16 586 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 508 466 508 466 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 93 075 89 700 93 056 89 685 19 15
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 30 321 28 591 30 320 28 590 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 38 148 36 382 38 136 36 370 12 12
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 125 122 125 122 - -
    Білім беру 28 688 27 592 28 687 27 591 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 763 10 364 10 763 10 364 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 14 467 13 643 14 466 13 642 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 294 370 279 285 294 343 279 267 27 18
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 31970 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22510. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3825 немесе 12%) және Астана қаласына (3739 немесе 11,7%), және Қарағанды облысына (2142 немесе 6,7%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12925 немесе 40,4%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4520 немесе 14,1%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2255 немесе 7,1%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 27 954 2 538 24 130 185 706 1 286
    Шағын 26 866 2 297 23 331 163 670 1 238
    Орта 611 120 461 13 16 30
    Ірі 477 121 338 9 20 18
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 016 2 402 416 974 1 012 82
    Шағын 3 975 2 363 416 935 1 012 81
    Орта 21 19 - 19 - 1
    Ірі 20 20 - 20 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 13%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,1%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,6%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,4%, «Құрылыс» – 9,3% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 57 052 44 568 11 855 8723
    Ресей 23 321 19 735 5 051 3935
    Түркия 5 447 3 823 765 467
    Қытай 4 378 3 458 669 482
    Өзбекстан 4 088 2 577 833 577
    Қырғызстан 3 125 2 366 395 301
    Украина 1 434 1 152 217 152
    Әзірбайжан 1 391 1 071 393 300
    Германия 938 748 529 395
    Корея Республикасы 891 628 174 107
    Беларусь 865 763 186 145
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,4%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 21%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,5%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,7%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,7%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,3% салаларына тиесілі .

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 187 241 2 017 379
    Абай 57 435 53 262
    Ақмола 63 163 58 794
    Ақтөбе 91 094 82 968
    Алматы 143 683 136 669
    Атырау 68 514 63 144
    Батыс Қазақстан 62 192 57 720
    Жамбыл 117 843 106 701
    Жетісу 63 392 59 513
    Қарағанды 110 045 100 533
    Қостанай 68 793 65 468
    Қызылорда 67 455 63 962
    Маңғыстау 83 014 77 980
    Павлодар 60 862 55 190
    Солтүстік Қазақстан 38 358 35 461
    Түркістан 208 873 204 408
    Ұлытау 19 325 18 408
    Шығыс Қазақстан 69 478 62 895
    Астана қаласы 260 384 233 511
    Алматы қаласы 391 813 351 086
    Шымкент қаласы 141 525 129 706
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: d.toleugali @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші