Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    527 474
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 527474 бірлікті құрады, оның ішінде 422495 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 723 575
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1723575 құрады, оның ішінде 1648548 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 184 363
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2184363 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2012702 құрады.
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 527 474 422 495 1 723 575 1 648 548 31 942 22 468 2 184 363 2 012 702
    Шағын 518 307 413 472 - - 30 811 21 351 2 181 328 2 009 752
    Орта 6 688 6 574 - - 633 624 3 035 2 950
    Ірі 2 479 2 449 - - 498 493 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2014-2023 жылдары) олардың саны 353833-дан 526290 дейін (172457 бірлікке немесе 48,7%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Өлшемділігі бойынша 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
    Қазақстан Республикасы 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290
    шағын 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123
    орта 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689
    ірі 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2024 жылғы қаңтарды ақпан айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,2%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 3,3%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,3% азайды, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,9%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 наурызда олардың үлесі 27,6%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,8%-ын құрады.

    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (149193 немесе 28,2%) және Астана (101382 немесе 19,2%), және Қарағанды облысына (28715 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2971 және 0,6%), және Жетісу (8188 және 1,6%) және Абай (8302 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 527 474 422 495 58 533 201 314 162 648 4 798
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 022 17 944 1 699 8 446 7 799 118
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 373 4 448 630 1 568 2 250 54
    Өндеу өнеркәсібі 26 600 20 870 1 935 10 476 8 459 293
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 904 1 594 153 800 641 9
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 774 2 168 157 1 161 850 43
    Құрылыс 69 925 52 853 5 715 17 589 29 549 1 243
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 145 658 108 564 17 103 46 959 44 502 1 650
    Көлік және жинақтау 21 744 17 362 2 393 8 192 6 777 219
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 412 8 508 1 498 4 018 2 992 46
    Ақпарат және байланыс 18 064 15 323 3 092 7 225 5 006 62
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 845 5 570 817 2 742 2 011 122
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 25 402 22 029 3 215 13 075 5 739 162
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 687 28 509 3 311 14 509 10 689 212
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 195 21 304 2 592 11 557 7 155 148
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 524 9 260 152 8 959 149 33
    Білім беру 29 976 27 905 2 053 20 331 5 521 130
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 051 10 045 979 6 265 2 801 39
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 965 6 657 1 043 3 545 2 069 38
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 52 352 41 581 9 996 13 896 17 689 177
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 527 474 25 544 450 557 279 11 146 51 373
    Шағын 518 307 20 784 446 651 233 10 864 50 872
    Орта 6 688 3 586 2 808 19 173 294
    Ірі 2 479 1 174 1 098 27 109 207
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2024 жылғы қаңтарды ақпан айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,2%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 4,3%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы аймен салыстырғанда 0,4%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2024 жылғы 1 наурызда олардың үлесі 37,3%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (17,2 %), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (15,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 70,4%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 723 575 1 648 548 1 650 914 1 576 681 72 661 71 867
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 273 765 265 011 201 204 193 225 72 561 71 786
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 762 722 762 722 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 92 272 88 368 92 263 88 359 9 9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 586 550 586 550 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 918 1 806 1 917 1 805 1 1
    Құрылыс 50 781 47 913 50 779 47 911 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 643 127 617 039 643 111 617 026 16 13
    Көлік және жинақтау 89 155 84 169 89 146 84 163 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 44 286 41 834 44 282 41 830 4 4
    Ақпарат және байланыс 17 509 16 491 17 509 16 491 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 514 472 514 472 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 91 449 88 034 91 430 88 019 19 15
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 30 218 28 454 30 217 28 453 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 37 877 36 081 37 866 36 070 11 11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 128 125 128 125 - -
    Білім беру 28 370 27 261 28 369 27 260 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 723 10 317 10 723 10 317 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 14 386 13 552 14 385 13 551 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 295 749 280 349 295 723 280 332 26 17
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 31942 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22468. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3827 немесе 12%) және Астана қаласына (3732 немесе 11,7%), және Қарағанды облысына (2139 немесе 6,7 %) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12935 немесе 40,5%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4512 немесе 14,1%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2256 немесе 7,1%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 27 932 2 531 24 114 188 708 1 287
    Шағын 26 843 2 291 23 313 166 672 1 239
    Орта 611 120 461 13 16 30
    Ірі 478 120 340 9 20 18
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 010 2 395 402 981 1 012 83
    Шағын 3 968 2 355 402 941 1 012 82
    Орта 22 20 - 20 - 1
    Ірі 20 20 - 20 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 14,3%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,1%-ға көбейді.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,6%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,3%, «Құрылыс» – 9,3% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 56 670 44 156 11 854 8697
    Ресей 23 198 19 602 5 058 3930
    Түркия 5 435 3 812 769 471
    Қытай 4 244 3 322 669 477
    Өзбекстан 4 035 2 521 826 568
    Қырғызстан 3 119 2 358 392 296
    Украина 1 419 1 136 218 153
    Әзірбайжан 1 390 1 073 389 296
    Германия 937 747 532 396
    Корея Республикасы 886 624 176 109
    Беларусь 856 754 185 144
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5,7%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,4%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,9%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,5%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,7%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,8%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,3% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 184 363 2 012 702
    Абай 57 349 53 137
    Ақмола 62 996 58 582
    Ақтөбе 91 283 83 056
    Алматы 142 885 135 750
    Атырау 68 824 63 415
    Батыс Қазақстан 62 184 57 677
    Жамбыл 117 896 106 622
    Жетісу 63 290 59 351
    Қарағанды 109 882 100 239
    Қостанай 68 667 65 285
    Қызылорда 68 192 64 654
    Маңғыстау 83 140 78 086
    Павлодар 60 676 54 947
    Солтүстік Қазақстан 38 278 35 331
    Түркістан 208 827 204 292
    Ұлытау 19 515 18 585
    Шығыс Қазақстан 69 436 62 838
    Астана қаласы 259 100 231 970
    Алматы қаласы 389 887 348 876
    Шымкент қаласы 142 056 130 009
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    А. Бейсембеков
    Тел. +7 7172 74-97-98
    E-mail: ru.beisembekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші