Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    510 797 бірлік
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 510797 бірлікті құрады, оның ішінде 410744 жұмыс жасайтын заңды тұлғалар
    1 652 564 бірлік
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1652564 құрады, оның ішінде 1550617 жұмыс жасайтын субъектілер
    2 097 519 бірлік
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2097519 бірлікті, оның ішінде жұмыс жасайтындары – 1904656 құрады
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 510 797 410 744 1 652 564 1 550 617 32 200 22 130 2 097519 1 904656
    Шағын 501 657 401 746 - - 31 056 21 000 1 839108 1 653680
    Орта 6 647 6 538 - - 630 620 2 992 2 910
    Ірі 2 493 2 460 - - 514 510 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2012-2022 жылдары) олардың саны 317926-нан 507238 дейін (189312 бірлікке немесе 59,5%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,9%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
    Қазақстан Республикасы 317 926 338 981 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238

    шағын

    309 499 330 435 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995

    орта

    6 095 6 113 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685

    ірі

    2 332 2 433 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558
    Тіркелген және жұмыс жасайтын заңды тұлғалар

    2023 жылғы ақпанды қаңтармен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар санының (0,5%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 6,0%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалар санының да – 0,8%-ға және 14,1%-ға сәйкесінше өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 наурыздағы олардың үлесі 27,9%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 51,2%-ын құрады.

    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (142271 немесе 27,9%) және Астана (95697 немесе 18,7%), және Қарағанды облысына (28530 немесе 5,6%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2936 және 0,6%), Абай (8113 және 1,6%) және Жетісу (8002 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Барлығы Одан
    жұмыс істейтіндер оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 510 797 410 744 59 392 207 416 143 936 5 056
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 20 392 17 279 2 076 8 717 6 486 119
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 118 4 304 739 1 511 2 054 57
    Өндеу өнеркәсібі 25 789 20 403 2 065 10 476 7 862 292
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 878 1 558 206 792 560 13
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 763 2 198 186 1 152 860 43
    Құрылыс 68 470 52 998 6 686 19 341 26 971 1 276
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 142 632 107 269 16 607 50 191 40 471 1 714
    Көлік және жинақтау 20 643 16 660 2 393 8 408 5 859 232
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 9 781 8 090 1 393 4 113 2 584 50
    Ақпарат және байланыс 16 554 14 030 3 053 7 031 3 946 69
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 991 5 632 797 2 794 2 041 137
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 23 649 20 314 3 354 12 202 4 758 201
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 121 28 164 3 412 15 419 9 333 224
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 24 456 20 751 2 603 12 055 6 093 148
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 582 9 301 128 9 047 126 41
    Білім беру 28 496 26 362 1 593 20 376 4 393 136
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 223 9 197 870 6 142 2 185 59
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 599 6 291 1 014 3 332 1 945 43
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 50 659 39 942 10 217 14 316 15 409 202
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке всего одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 510 797 25 585 440 980 380 11 111 44 232
    Шағын 501 657 20 860 437 061 299 10 833 43 736
    Орта 6 647 3 581 2 772 34 169 294
    Ірі 2 493 1 144 1 147 47 109 202
    Тіркелген және жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері (ЖК және ЖКС)

    2023 жылғы ақпанды қаңтармен салыстырғанда кейбір тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (1,6%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 28,9%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілер санының да 2,1%-ға және 35,3%-ға сәйкесінше өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 наурыздағы олардың үлесі 36,7%-ды құрайды. Екінші орында «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну » (18,5%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (16,1%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілердің 71,3%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істейтін тіркелген жұмыс істейтін
    Барлығы 1 652 564 1 550 617 1 580 344 1 479 261 72 220 71 356
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 265 639 255 121 193 528 183 851 72 111 71 270
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 607 584 607 584 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 86 491 81 593 86 481 81 583 10 10
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 554 501 554 501 - -
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 859 1 703 1 858 1 702 1 1
    Құрылыс 47 700 44 100 47 699 44 099 1 1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 606 395 573 063 606 378 573 049 17 14
    Көлік және жинақтау 78 046 71 621 78 037 71 615 9 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 43 367 39 988 43 363 39 984 4 4
    Ақпарат және байланыс 17 165 15 703 17 165 15 703 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 568 495 568 495 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 84 343 76 177 84 319 76 157 24 20
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 30 703 28 022 30 702 28 021 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 35 399 32 859 35 390 32 850 9 9
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 120 118 120 118 - -
    Білім беру 24 946 23 385 24 945 23 384 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 757 9 250 9 757 9 250 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 13 686 12 473 13 685 12 472 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 305 219 283 861 305 188 283 843 31 18
    Тіркелген және жұмыс жасайтын филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 32200 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасайтыны - 22130. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3837 немесе 12,0%) және Астана қаласына (3754 немесе 11,7%), және Қарағанды облысына (2140 немесе 6,6%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» (12944 немесе 40,2%), «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» (4697 немесе 14,6%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2227 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген және жұмыс істейтін филиалдар
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 28 160 2 269 24 566 252 729 1 325
    Шағын 27 063 2 068 23 716 226 682 1 279
    Орта 606 110 470 12 20 26
    Ірі 491 91 380 14 27 20
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік филиалдары
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Барлығы Одан
    жұмыс істейтіндер Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 040 2 414 357 1 023 1 034 86
    Шағын 3 993 2 369 357 978 1 034 85
    Орта 24 22 - 22 - 1
    Ірі 23 23 - 23 - -
    Тіркелген және жұмыс жасайтын заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік және бірлескен меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 31,7%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 2,5%-ға артты.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік және бірлескен меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» – 37,4%, «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» – 11,6%, «Құрылыс» – 9,9% салаларына тиесілі.

    Шетелдік мен бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
      Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік бірлескен меншік
    тіркелген жұмыс істейтін тіркелген жұмыс істейтін
    Қазақстан Республикасы 49597 38 736 11 840 8 680
    Ресей 19 882 16 902 5 032 3 914
    Туркия 5 127 3 787 783 493
    Қытай 3 319 1 867 758 489
    Өзбекстан 3 023 2 382 687 495
    Қырғызстан 2 953 2 324 402 303
    Украина 1 285 1002 381 285
    Әзірбайжан 1 195 951 210 148
    Германия 922 740 530 391
    Корея Республикасы 850 602 189 124
    Беларусь 718 628 185 140

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел

    Тіркелген және жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 31,1%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,6%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 21,1%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,2%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,2%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» – 35,5%; «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» – 15,9%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,1% салаларына тиесілі .

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    тіркелген Жұмыс істейтіндер
    Қазақстан Республикасы 2 097 519 1 904 656
    Абай 56 918 52 144
    Ақмола 61 185 56 473
    Ақтөбе 93 028 85 694
    Алматы 131 785 122 867
    Атырау 71 309 65 396
    Батыс Қазақстан 60 644 55 488
    Жамбыл 111 205 98 266
    Жетісу 61 353 55 844
    Қарағанды 106 880 96 316
    Қостанай 66 626 62 870
    Қызылорда 73 686 69 503
    Маңғыстау 84 918 78 999
    Павлодар 59 591 53 117
    Солтүстік Қазақстан 36 923 33 895
    Түркістан 199 393 196 031
    Ұлытау 19 432 18 224
    Шығыс Қазақстан 69 814 63 144
    Астана қаласы 239 311 212 402
    Алматы қаласы 364 139 309 947
    Шымкент қаласы 129 379 118 036
    Глоссарий

    Жеке кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Жеке кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

       Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Шукалова
    Тел. +7 7172 749543
    Орындаушы:
    А.Умирбаева
    Тел. +7 7172 74-92-89
    E-mail: ak.umirbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші