Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    513 572
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 513572 бірлікті құрады, оның ішінде 414178 жұмыс жасайтын заңды тұлғалар
    1 682 235
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1682235 құрады, оның ішінде 1582594жұмыс жасайтын субъектілер
    2 129 821
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2129821 бірлікті, оның ішінде жұмыс жасайтындары – 1939801 құрады.
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
      Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 513 572 414 178 1 682 235 1 582 594 32 239 22 206 2 129 821 1 939 801
    Шағын 504 468 405 214 - - 31 093 21 074 2 126 832 1 936 893
    Орта 6 643 6 536 - - 630    620 2 989 2 908
    Ірі 2 461 2 428 - - 516    512 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2012-2022 жылдары) олардың саны 317926-нан 507238 дейін (189312 бірлікке немесе 59,5%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,9%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
    Қазақстан Республикасы 317 926 338 981 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238
    шағын 309 499 330 435 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995
    орта 6 095 6 113 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685
    ірі 2 332 2 433 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558
    Тіркелген және жұмыс жасайтын заңды тұлғалар

    2023 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар санының (0,5%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 6,2%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалар санының да – 0,8%-ға және 15,0%-ға сәйкесінше өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 сәуірдегі олардың үлесі 27,9%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 51,2%-ын құрады.

    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (143265 немесе 27,9%) және Астана (96300 немесе 18,7%), және Қарағанды облысына (28593 немесе 5,6%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2954 және 0,6%), Абай (8053 және 1,6%) және Жетісу (8141 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
      Барлығы Одан
    жұмыс істейтіндер оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 513 572 414 178 61 771 208 544 143 863 5 107
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 20 547 17 449 2 221 8 751 6 477    122
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 143 4 331    764 1 519 2 048    58
    Өндеу өнеркәсібі 25 943 20 561 2 164 10 574 7 823    306
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 882 1 563    212    790    561    12
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 770 2 213    187 1 156    870    44
    Құрылыс 68 721 53 315 6 947 19 330 27 038 1 282
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 143 393 108 271 17 288 50 549 40 434 1 749
    Көлік және жинақтау 20 790 16 830 2 486 8 454 5 890    236
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 9 883 8 213 1 469 4 161 2 583    51
    Ақпарат және байланыс 16 777 14 260 3 199 7 134 3 927    69
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 994 5 652    822 2 791 2 039    137
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 23 748 20 447 3 310 12 390 4 747    200
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 290 28 374 3 574 15 492 9 308    223
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 24 612 20 934 2 733 12 122 6 079    147
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 562 9 284    132 9 033    119    41
    Білім беру 28 630 26 511 1 743 20 411 4 357    129
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 306 9 288    940 6 166 2 182    59
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 678 6 382 1 081 3 360 1 941    43
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 50 902 40 299 10 499 14 360 15 440    199
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1    1 -    1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
      Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке всего одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 513 572 25 587 442 885    380 11 144 45 100
    Шағын 504 468 20 866 438 997    299 10 862 44 605
    Орта 6 643 3 579 2 771    33    172    293
    Ірі 2 461 1 142 1 117    48    110    202
    Тіркелген және жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері (ЖК және ЖКС)

    2023 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда кейбір тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (1,8%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 29,6%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілер санының да 2,1%-ға және 36,1%-ға сәйкесінше өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 сәуірдегі олардың үлесі 36,8%-ды құрайды. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (18,4%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (16,0%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілердің 71,2%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
      Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істейтін тіркелген жұмыс істейтін
    Барлығы 1 682 235 1 582 594 1 609 970 1 511 183 72 265 71 411
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 269 036 258 684 196 880 187 359 72 156 71 325
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    630    608 630    608 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 90 024 85 226 90 015 85 217    9    9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    567    516 567    516 - -
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 878 1 723 1 877 1 722    1    1
    Құрылыс 48 194 44 675 48 193 44 674    1    1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 619 654 587 102 619 636 587 087    18    15
    Көлік және жинақтау 78 394 72 093 78 385 72 087    9    6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 43 870 40 574 43 866 40 570    4    4
    Ақпарат және байланыс 17 571 16 136 17 571 16 136 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    560    489 560    489 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 84 916 76 891 84 892 76 871    24    20
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 30 767 28 155 30 766 28 154    1    1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 35 896 33 417 35 887 33 408    9    9
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    127    125 127    125 - -
    Білім беру 25 455 23 938 25 454 23 937    1    1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 908 9 401 9 908 9 401 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 13 896 12 697 13 895 12 696    1    1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 310 892 290 144 310 861 290 126    31    18
    Тіркелген және жұмыс жасайтын филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 32239 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасайтыны - 22206. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3845 немесе 11,9%) және Астана қаласына (3755 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (2142 немесе 6,6%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12967 немесе 40,2%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4695 немесе 14,6%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2266 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген және жұмыс істейтін филиалдар
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 28 193 2 284 24 586    249    727 1 323
    Шағын 27 094 2 080 23 738    223    681 1 276
    Орта    606    111    469    12    20    26
    Ірі    493    93    379    14    26    21
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік филиалдары
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
      Барлығы Одан
    жұмыс істейтіндер Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 046 2 440    373 1 024 1 043    86
    Шағын 3 999 2 395    373    979 1 043    85
    Орта    24    22 -    22 -    1
    Ірі    23    23 -    23 - -
    Тіркелген және жұмыс жасайтын заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік және бірлескен меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 32,2%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 3,3%-ға артты.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік және бірлескен меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 37,3%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 11,6%, «Құрылыс» – 9,8% салаларына тиесілі.

    Шетелдік мен бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
      Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік бірлескен меншік
    тіркелген жұмыс істейтін тіркелген жұмыс істейтін
    Қазақстан Республикасы 50 469 39 674 11 871 8 739
    Ресей 20 405 17 441 5 070 3 958
    Туркия 5 172 3 845 785 498
    Қытай 3 372 1 925 763 496
    Өзбекстан 3 044 2 407 689 497
    Қырғызстан 2 968 2 347 397 300
    Украина 1 302 1 022 380 285
    Әзірбайжан 1 212 968 211 150
    Германия 927 746 529 392
    Корея Республикасы 858 611 188 124
    Беларусь 739 649 183 140

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел

    Тіркелген және жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 31,8%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 66,8%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,9%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,2%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,8%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 16,0%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 13,6% салаларына тиесілі

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    тіркелген Жұмыс істейтіндер

    Қазақстан Республикасы

    2 129 821 1 939 801

    Абай

    57 680 53 020

    Ақмола

    61 816 57 201

    Ақтөбе

    94 417 87 160

    Алматы

    134 508 125 759

    Атырау

    72 141 66 333

    Батыс Қазақстан

    61 564 56 483

    Жамбыл

    113 299 100 566

    Жетісу

    62 256 56 865

    Қарағанды

    108 309 97 940

    Қостанай

    67 372 63 721

    Қызылорда

    74 987 70 879

    Маңғыстау

    86 159 80 293

    Павлодар

    60 306 54 017

    Солтүстік Қазақстан

    37 247 34 182

    Түркістан

    203 877 200 551

    Ұлытау

    19 751 18 585

    Шығыс Қазақстан

    70 636 63 961

    Астана қаласы

    242 499 215 902

    Алматы қаласы

    368 618 315 184

    Шымкент қаласы

    132 379 121 199
    Глоссарий

    Жеке кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Жеке кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

       Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Шукалова
    Тел. +7 7172 749543
    Орындаушы:
    А.Умирбаева
    Тел. +7 7172 74-92-89
    E-mail: ak.umirbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші