Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    22376,8 млрд.
    2023 жылдың 1 тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 22376,8 млрд. теңгені құрады.
    Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023ж. I тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2023 жылдың 1 тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4 072 бірлікті құрады және оның ішінде 2 538 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 4361,9 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 24,8%.

    Өндірістік шығыстар құрамында материалдық шығындар - 57,5%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 14,7% және 10,2% құрады.

    2023 жылдың 1 тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 79622,0 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,9% деңгейінде қалыптасты.

    2023 жылдың 1 тоқсанында дебиторлық берешек 15171,9 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 1,3%.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 150801,3 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті ұзақ мерзімді активтер алды 61,0 %.

    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023ж. I тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың рентабельділігі
    Процентпен
    2023ж. I тоқсан
    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2021 жылғы 1 тоқсан 2022 жылғы 1 тоқсан 2023 жылғы 1 тоқсан
    Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік 3 724 4 033 4 072
    одан орта, бірлік 2 166 2 473 2 538
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 8 611,7 12 098,3 13 013,3
    одан орта, бірлік 1 428,1 1 870,0 2 341, 0
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 12 543,0 17 071,5 18 589,9
    одан орта, бірлік 2 481, 9 3 322, 3 3 954,3
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 8 129,5 10 517,7 12 870,2
    одан орта, бірлік 1 830, 7 2 397,3 2 840, 1
    Жалпы пайда 4 413,6 6 553,8 5 719,7
    Нақты аударылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 1 721,7 3 316,2 3 903,8
    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2023 жылдың 1 тоқсанында 100 адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны 336 515 бірлікті құрады.

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 4001,4 млрд.теңге сомасында пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 7476,7 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 25,5%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 13,9% және 10,0%.

    2023 жылдың І тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1 562,0 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 246 951 теңгені құрады.

    2023 жылдың І тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 18 947,3 млрд. теңге.

    Шағын кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023ж. I тоқсан
    Шағын кәспорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2021 жылғы 1 тоқсан 2022 жылғы 1 тоқсан 2023 жылғы 1 тоқсан
    Шағын кәсіпорындардың саны, бірлік 234 365 292 008 336 515
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 290 654 1 479 263 1 561 974
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 173 199 205 259 246 951
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 5 311,6 7 471,3 9 363,5
    Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 9 936,3 14 191,9 18 947,3
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 6 782,0 9 286,6 12 820,1
    Жалпы пайда 3 154,0 4 905,3 6 127,3
    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі - өндірушінің бағасында шығарылған барлық өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құны.

    Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден түскен кіріс - алынған және алуға жататын кіріс сомасынан қосылған құн салығын, акциздерді алып тастағандағы, сондай-ақ, қайтарылып берілген, тұтынушыларға ұсынылған сауда жеңілдіктері мен баға жеңілдіктерін алып тастағандағы түскен кіріс.

    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - босатылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) нақты өзіндік құны.

    Өндірістік емес шығыстар - бұл өнімдер өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстарды, әкімшілік шығыстарды, қаржыландыруға жұмсалған шығыстарды қамтитын кезең шығыстары.

    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін табыс пен өткізілген өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны, сондай-ақ өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына енгізілмейтін шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалатын өнімді (тауарларды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаржылық нәтиже.

    Кәсіпорындардың рентабельділігі олардың қызметінің тиімділігін сипаттайды, салық салынғанға дейінгі пайданың (залалдың), кезең шығыстарын есепке ала отырып, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге және өткізуге кеткен шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.

    Міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорындардың уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтарылған ақшалай қаражаттары. Кредиторлық берешекті жөнелтілген тауарларға төленбеген төлемдер, төленбеген салықтар, төленбеген есептелген жалақы құрайды.

    Мерзімі өткен берешек – өткен кезеңнен берешектің ауыспалы қалдықтарын қамтитын және есепті күнге өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасы.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Торғауытова
    Тел. +7 7172 749527
    Орындаушы:
    Г.Омарова
    Ж.Әбдәлімова
    Тел. +7 7172 749330, 749306
    Е-mail: gul.omarova@aspire.gov.kz
    Е-mail:zh.abdalimova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші