Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    91 961,9 млрд.
    2022 жылғы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 91961,9 млрд. теңгені құрады.
    Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж.
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2022 жылғы 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 3 924 бірлікті құрады және оның ішінде 2 405 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 17995,4 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 23,6%.

    Өндірістік шығыстар құрамында материалдық шығындар - 56,3%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 13,6% және 9,9% құрады.

    2022 жылғы міндеттемелер бойынша берешек 77876,5 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,4% деңгейінде қалыптасты.

    2022 жылғы дебиторлық берешек 14280,6 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 1,6%.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 146822,7 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті ұзақ мерзімді активтер алды 62,2%.

    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж.
    Ірі және орта кәсіпорындардың рентабельділігі
    Процентпен
    2022ж.
    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
    Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік 3 792 3 748 3924
    одан орта, бірлік 2 254 2 213 2 405
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 32 439,6 42 113,7 55 422,2
    одан орта, бірлік 6 312,1 7 475,7 9 768,7
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 46 675,6 60 323,9 78 132,5
    одан орта, бірлік 10 415,1 12 999,5 16 430,5
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 32 307,4 39 355,0 51 716,3
    одан орта, бірлік 7 634,0 9 542,9 12 104,9
    Жалпы пайда 14 368,2 20 968,9 26 416,2
    Нақты аударылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 6 811,2 9 124,7 14 792,5
    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2022 жылға 100 адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны 320 690 бірлікті құрады;

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 11 275,3 млрд.теңге сомасында пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 37 518,3 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 25,7%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 10,4% және 5,4%.

    2022 жылға жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны –1 646,0 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 213 122 теңгені құрады.

    2022 жылға өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 65 969,4 млрд. теңге.

    Шағын кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж.
    Шағын кәспорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2020 2021 2022
    Шағын кәсіпорындардың саны, бірлік 223 995 237 914 320 690
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 409 882 1 421 017 1 645 995
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 153 304 180 969 213 122
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 23 164,0 28 025,4 36 539,7
    Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 41 739,0 57 646,6 65 969,4
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 29 757,1 40 259,1 43 906,5
    Жалпы пайда 11 981,6 17 387,5 22 062,9
    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі - өндірушінің бағасында шығарылған барлық өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құны.

    Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден түскен кіріс - алынған және алуға жататын кіріс сомасынан қосылған құн салығын, акциздерді алып тастағандағы, сондай-ақ, қайтарылып берілген, тұтынушыларға ұсынылған сауда жеңілдіктері мен баға жеңілдіктерін алып тастағандағы түскен кіріс.

    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - босатылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) нақты өзіндік құны.

    Өндірістік емес шығыстар - бұл өнімдер өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстарды, әкімшілік шығыстарды, қаржыландыруға жұмсалған шығыстарды қамтитын кезең шығыстары.

    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін табыс пен өткізілген өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны, сондай-ақ өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына енгізілмейтін шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалатын өнімді (тауарларды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаржылық нәтиже.

    Кәсіпорындардың рентабельділігі олардың қызметінің тиімділігін сипаттайды, салық салынғанға дейінгі пайданың (залалдың), кезең шығыстарын есепке ала отырып, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге және өткізуге кеткен шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.

    Міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорындардың уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтарылған ақшалай қаражаттары. Кредиторлық берешекті жөнелтілген тауарларға төленбеген төлемдер, төленбеген салықтар, төленбеген есептелген жалақы құрайды.

    Мерзімі өткен берешек – өткен кезеңнен берешектің ауыспалы қалдықтарын қамтитын және есепті күнге өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасы.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Торғауытова
    Тел. +7 7172 749527
    Орындаушы:
    Г.Омарова
    Ж.Әбдәлімова
    Тел. +7 7172 749330, 749306
    Е-mail: gul.omarova@aspire.gov.kz
    Е-mail:zh.abdalimova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші