Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    21 238,6
    2022 жылдың 3 тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 21 238,6 млрд. теңгені құрадыы.
    309 209
    2022 жылғы 1 қазанға 100 адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны 309 209 бірлікті құрады
    3 924
    2022 жылғы 1 қазанға 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 3924 бірлікті құрады және оның ішінде 2398-і орта кәсіпорын болып табылады
    Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж. III тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 5022,0 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 26,1%.

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 5022,0 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 26,1%.

    2022 жылғы 1 қазанға міндеттемелер бойынша берешек 69178,3 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,5% (341,3 млрд. теңге) деңгейінде қалыптасты. Кәсіпорындардың есептік деректеріне сәйкес 2022 жылғы 1 қазанға еңбекақы төлеу бойынша берешек 326,9 млрд. теңгені құрады.

    2022 жылғы 1 қазанға дебиторлық берешек 14374,5 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 187,9 млрд. теңге.

    2022 жылғы 1 қазанға дебиторлық берешек 14374,5 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 187,9 млрд. теңге.

    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж. III тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың рентабельділігі
    процентпен
    2022ж. III тоқсан

    Бұдан басқа, бюллетеньде орта кәсіпкерліктің 2398 кәсіпорнының қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері көрсетілген. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша 2022 жылғы 3 тоқсандағы шаруашылық жүргізуші орта кәсіпкерлік субъектілер 553,8 млрд. теңге шамасында пайда тапты, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 12,4%.

    Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығыстар 2725,1 млрд. теңгені құрады, өндірістік шығыстар – 1496,3 млрд. теңге, одан 70,0% - материалдық шығындар, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 11,5% және 6,4%.

    2022 жылғы 1 қазанға 2398 орта кәсіпкерліктің кәсіпорындарында міндеттемелер бойынша берешек 19452,2 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 1,0% (165,0 млрд. теңге) деңгейінде қалыптасты.

    2022 жылғы 1 қазанға 2398 орта кәсіпкерліктің кәсіпорындарында міндеттемелер бойынша берешек 19452,2 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 1,0% (165,0 млрд. теңге) деңгейінде қалыптасты.

    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2020 жылғы 3 тоқсан 2021 жылғы 3 тоқсан 2022 жылғы 3 тоқсан
    Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік 3 807 3 729 3 924
    одан орта, бірлік 2 242 2 191 2 398
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 8 332,9 10 603,1 14 344,9
    одан орта, бірлік 1 544,8 1 933,2 2 502, 3
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 12 081,8 15 135,3 20 517, 0
    одан орта, бірлік 2 548,8 3 407,9 4 376,4
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 8 181,4 9 844,8 13 602,3
    одан орта, бірлік 1 883,5 2 491,9 3 248, 1
    Өндірістік емес шығыстар 3 665,7 3 057,2 5 626, 8
    одан орта, бірлік 725,1 676,4 1 228,8
    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) 1 788,0 4 004,0 5 022, 0
    одан орта, бірлік 201, 1 540,2 553,8
    Өндіріс пайдалылығы (залалы), % 15,1 31,0 26,1
    одан орта, бірлік 7,7 17,0 12,4
    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 4 338,9 млрд.теңге сомасында пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 9 800,4 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 29,2%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 10,4% және 6,2%.

    2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1554,9 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 237 407 теңгені құрады.

    2022 жылғы 3 тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 19302,3 млрд. теңге.

    Шағын кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж. III тоқсан
    Шағын кәспорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2020 жылғы 3 тоқсан 2021 жылғы 3 тоқсан 2022 жылғы 3 тоқсан
    Шағын кәсіпорындардың саны, бірлік 220 081 237 112 309 209
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 280 503 1 383 609 1 554 876
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 159 238 196 213 237 407
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 5 780,2 7 665,0 10 635,5
    Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 10 398,0 16 460,2 19 302,3
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 7 118,7 11 459,2 12 819,4
    Барлық шығыстар 6 738,8 6 377,0 9 800,4
    Жалпы пайда 3 279,3 5 001,0 6 482,9
    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) 1 089,4 2 711,0 4 338,9
    Шағын кәсіпорындар шығыстарының құрылымы
    пайыз
    2022ж. III тоқсан

    2022 жылғы 1 қазандағы шағын кәсіпорындардың кезең соңындағы қорлары құндық мәнде 13663,0 млрд. теңгені құрады, соның ішінде шикізаттар мен материалдар үлесі 18,9%, дайын өнімдер – 7,3 %, тауарлар – 46,1%, аяқталмаған өндіріс – 18,3%, қайта сатуға арналған мүлік – 2,6%, өзге де қорлар – 6,8%.

    Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ұлттық компаниялардың сальдолық қаржы нәтижесі 693,3 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталса, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі – 69,7% құрады.

    Өнімді өндіруге шығыстар 699,7 млрд. теңгені, олардан 75,5% - материалдық шығындар, еңбекке еңбекақы төлеу және амортизация шығындарының үлесі, сәйкесінше 10,2% және 8,2% құрады.

    2022 жылғы 1 қазанға Қазақстан Республикасындағы орта және ірі кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша жалпы берешегіндегі ұлттық компаниялардың міндеттемелері бойынша берешегі 13,9% немесе 9589,4 млрд. тенгені құрады. Республиканың ірі және орта кәсіпорындарының еңбекақы төлеу бойынша берешегінің жалпы көлеміндегі жалақы бойынша жиынтық берешектің үлесі 4,7% немесе 15,4 млрд. теңгені құрады.

    2022 жылғы 1 қазанға дебиторлық берешек 1124,8 млрд. теңге, одан мерзімі өткен берешек – 36,0 млрд. теңгені құрады.

    Ұлттық компаниялар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж. III тоқсан
    Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2020 жылғы 3 тоқсан 2021 жылғы 3 тоқсан 2022 жылғы 3 тоқсан
    Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің көлем 482,8 507,6 530,9
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 693,5 627,9 900,4
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызмет-тердің өзіндік құны 576,9 518,6 750,6
    Өндірістік емес шығыстар 392,5 173,7 244,5
    Жалпы пайда - 80,7 638,1 693,4
    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі - өндірушінің бағасында шығарылған барлық өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құны.

    Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден түскен кіріс - алынған және алуға жататын кіріс сомасынан қосылған құн салығын, акциздерді алып тастағандағы, сондай-ақ, қайтарылып берілген, тұтынушыларға ұсынылған сауда жеңілдіктері мен баға жеңілдіктерін алып тастағандағы түскен кіріс.

    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - босатылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) нақты өзіндік құны.

    Өндірістік емес шығыстар - бұл өнімдер өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстарды, әкімшілік шығыстарды, қаржыландыруға жұмсалған шығыстарды қамтитын кезең шығыстары.

    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін табыс пен өткізілген өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны, сондай-ақ өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына енгізілмейтін шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалатын өнімді (тауарларды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаржылық нәтиже.

    Кәсіпорындардың рентабельділігі олардың қызметінің тиімділігін сипаттайды, салық салынғанға дейінгі пайданың (залалдың), кезең шығыстарын есепке ала отырып, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге және өткізуге кеткен шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.

    Міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорындардың уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтарылған ақшалай қаражаттары. Кредиторлық берешекті жөнелтілген тауарларға төленбеген төлемдер, төленбеген салықтар, төленбеген есептелген жалақы құрайды.

    Мерзімі өткен берешек – өткен кезеңнен берешектің ауыспалы қалдықтарын қамтитын және есепті күнге өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасы.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    А. Байканова
    Г.Омарова
    Тел. +7 7172 749521,749330
    Е-mail: a.baikanova@aspire.gov.kz
    Е-mail:gul.omarova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші