Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    27 278,6 млрд. теңге
    2023 ж. ІІІ тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 27278,6 млрд. теңгені құрады.
    Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023 ж. ІІІ тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2023 ж. ІІІ тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4017 бірлікті құрады және оның ішінде 2480 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 3687,2 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 17,6%.

    Өндірістік шығыстар құрамында материалдық шығындар - 57,1%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 15,0% және 10,2% құрады.

    2023 ж. ІІІ тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 76299,1 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,6% деңгейінде қалыптасты.

    2023 ж. ІІІ тоқсанында дебиторлық берешек 16515,4 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 3,3%.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 150674,8 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті ұзақ мерзімді активтер алды 63,5%.

    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023 ж. ІІІ тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың рентабельділігі
    Процентпен
    2023 ж. ІІІ тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2021 жылғы ІІІ тоқсан 2022 жылғы ІІІ тоқсан 2023 жылғы ІІІ тоқсан
    Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік 3 729 3 924 4 017
    одан орта, бірлік 2 191 2 398 2 480
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 10 603,1 14 344,9 14 979,0
    одан орта, бірлік 1 933,2 2 502,3 3 107,6
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 15 135,3 20 517,0 20 828,9
    одан орта, бірлік 3 407,9 4 376,3 4 975,4
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 9 844,8 13 602,3 14 547,7
    одан орта, бірлік 3 407,9 3 248,1 3 503,3
    Жалпы пайда 5 290,5 6 914,7 6 281,2

    *Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысқа кәсіпорынның тауарлар мен қызметтерді сатудан, оның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша қайта сату үшін сатып алынған тауарлардан алған табысының сомасы кіреді. Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріске қосылған құн салығы, акциздер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сатудан түсетін жеңілдіктер және сатып алушыға ұсынылған баға бойынша жеңілдіктер кірмейді.

    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2023 ж. IIІ тоқсанындағы шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 4017,9 млрд.теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 11659,5 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 24,1%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 10,6% және 5,1%.

    2023 ж. IІІ тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1625,1 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 274034 теңгені құрады.

    2023 ж. ІIІ тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 22720,8 млрд. теңге.

    Шағын кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023 ж. ІІІ тоқсан
    Шағын кәспорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2021 жылғы IIІ тоқсан 2022 жылғы IIІ тоқсан 2023 жылғы IIІ тоқсан
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 383 609 1 554 876 1 809 421
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 196 213 237 407 274 034
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 7 664,10 10 635,5 12 299, 6
    Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 16 460,3 19 302,3 22 720, 8
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 11 459,2 12 819,4 15 269, 9
    Жалпы пайда 5 001,0 6 482,9 7 450, 9
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    Г.Омарова
    Ж.Әбдәлімова
    Тел. +7 7172 749521, 749306
    Е-mail: gul.omarova@aspire.gov.kz
    Е-mail:zh.abdalimova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші