Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    103,9%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңіне 103,9% құрады.
    3886,7 млн.
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Республика көлігімен млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 2,8%-ға аз, осы кезеңде жүк айналымы 603 млрд. т-км құрады (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1%-ға өсті), 7750,8 млн. жолаушы тасымалданды (2,3%-ға артық 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда), жолаушылар айналымы 116,5 млрд. п-км құрады (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 9,1%-ға өсті).
    2022ж. қаңтар-желтоқсанда
    Өңірлік бөліністе 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының ұлғаюы Қызылорда (18,7%), Ақмола (15%), Шығыс-Қазақстан (8,1%), Ақтөбе (7,3%), Павлодар (4,2%) облыстарында және Астана (9%) және Алматы (5,4%) қалаларында байқалады. Жолаушылар айналымы барлық облыстарда, ең көп дәрежеде Маңғыстау (1,6 есе), Батыс Қазақстан (43,7%) және Жетісу (33,8%) облыстарында ұлғайды.
    «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Қазақстан Республикасында жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
    Жүк айналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы 101,0 109,1
    Абай 100,2 104,6
    Ақмола 115,0 117,1
    Ақтөбе 107,3 121,4
    Алматинская 96,3 128,2
    Атырау 85,1 131,9
    Батыс Қазақстан 78,2 143,7
    Жамбыл 97,3 105,7
    Жетісу 102,0 133,8
    Қарағанды 99,1 97,5
    Қостанай 99,7 109,6
    Қызылорда 118,7 105,3
    Маңғыстау 95,8 160,8
    Павлодар 104,2 100,6
    Солтүстік Қазақстан 93,7 100,7
    Түркістан 102,8 118,3
    Ұлытау 93,9 97,9
    Шығыс Қазақстан 108,1 102,4
    Астана қ. 109,0 103,5
    Алматы қ. 105,4 107,3
    Шымкент қ. 102,5 102,0
    Теміржол көлігі

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда республика темір жол көлігімен 405 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 2,7%-ға аз, осы кезеңде жүк айналымы 311,9 млрд. т-км құрады (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,3%-ға ұлғайды), 19,4 млн. жолаушы тасымалданды (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 22,1%-ға артық), жолаушылар айналымы 16,4 млрд. п-км құрады (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 33,2%-ға өсті).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігінің жүктері мен жүк айналымы тиісінше 3,2% және 7,6%-ға төмендегені байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 2,2% және 0,4%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 272,9 млн. тонна жүк тасымалданды (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2%-ға артық), жүк айналымы – 144 млрд.т-км (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,6%-ға өсті).

    Әуе көлігі

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда республиканың әуе көлігімен 11 млн. жолаушы тасымалданды (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 16,5%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 20,1 млрд.п-км құрады (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 35,7%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда республиканың ішкі су көлігінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүктер мен жолаушылар тасымалының 11,2% және 64,1%-ға төмендеуі байқалады.

    Теңіз және жағалау көлігі

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда теңіз көлігімен 1193,7 мың тонна жүк тасымалданды, жүк айналымы 681,9 млн. т-км құрады (осы көрсеткіштер бойынша 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тиісінше 46,8% және 23,4%-ға өсім байқалады).

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер - көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы - жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы - жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі - есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген. Одан басқа, көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне (жүк тасымалдау, жүк айналымы, жолаушы тасымалдау, жолаушы айналымы) автомобильдік коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер жұмысы көлемінің бағалауы кіреді. Бағалау принципі ҚР ИИДМ ұсынған жеке меншік нысанындағы кәсіпорынның 1 автокөлігіне және оның әрі қарай азаматтардың жеке меншігіндегі техникалық ақауы жоқ автокөліктер санына таралу жұмыс көлемінің есептелуіне негізделген.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Г. Акишева
    Тел. +7 7172 749271
    E-mail: e.sarbasov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші