Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    106,1%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2023 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың тиісті кезеңіне 106,1% құрады.
    150,6 млн.
    2023 жылғы қаңтар-ақпанда Республика көлігімен 150,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 0,3%-ға аз, осы кезеңде жүк айналымы 80,4 млрд. т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 1,9%-ға азайды), 238,6 млн. жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 19%-ға артық), жолаушылар айналымы 10,9 млрд. п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 33,8%-ға өсті).
    22,5%
    Өңірлік бөліністе 2023 жылғы қаңтарда жүк айналымының ұлғаюы Ақмола (22,5%), Атырау (18,4%), Абай(15,2%), Жетісу және Туркестан (12,8%-дан), сондай ақ Жамбыл (10,4%), облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы барлық облыстарда, ең көп дәрежеде Атырау облысында (2,8 есеге), Астана қ.(1,9 есеге), Манғыстау (1,8 есеге), Ақтөбе (1,7 есеге), Түркістан (62,8%) және Абай (43,1%) облыстарында ұлғайды.

    «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2023ж. қаңтар-ақпан
    Қазақстан Республикасында жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2023ж. қаңтар-ақпан
    2023 жылғы қаңтар-ақпандағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
    Жүкайналымы Жолаушылар айналымы
    Республика Казахстан 98,1 133,8
    Абай 84,8 143,1
    Ақмола 77,5 103,4
    Ақтөбе 96,5 170,2
    Алматы 93,5 117,3
    Атырау 81,6 283,3
    БатысҚазақстан 106,0 130,6
    Жамбыл 89,6 106,4
    Жетісу 87,2 104,3
    Қарағанды 103,4 106,1
    Қостанай 104,0 137,4
    Қызылорда 99,1 130,8
    Маңғыстау 91,6 183,1
    Павлодар 129,2 130,0
    СолтүстікҚазақстан 111,5 132,0
    Түркістан 87,2 162,8
    Ұлытау 100,9 113,5
    ШығысҚазақстан 133,9 137,7
    Астана қаласы 119,3 191,9
    Алматы қаласы 131,8 106,5
    Шымкент қаласы 171,1 79,7
    Теміржол көлігі

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда республика темір жол көлігімен 65,5 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 7,5%-ға аз, осы кезеңде жүк айналымы 53,2 млрд. т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 2,3%-ға ұлғайды), 3,2 млн. жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 24,1%-ға артық), жолаушылар айналымы 2,4 млрд. п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 19,8%-ға өсті).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 21,2%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 18,7% және 14,1%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда 45,3 млн. тонна жүк тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,4%-ға аз), жүк айналымы–23,2 млрд.т-км (2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,6%-ға азайды).

    Әуе көлігі

    2023 жылғы қаңтар-ақпанда республиканың әуе көлігімен 1763,1 мың жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 53,9%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 3595,2 млн.п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 1,9 есеге ұлғайды).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2023 жылғы қаңтар-ақпанд теңіз көлігімен 137 мың тонна жүк тасымалданды, 2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 13,2%-ға кемігені байқалады, жүк айналымы 65,1 млн. т-км құрады және 2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 39,4% азайды.

    *Көлік саласы бойынша статистикалық деректер 2023 жылғы қаңтардан бастап автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдіснамалық тәсілдің өзгеруін ескере отырып қалыптастырылды.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырмалы деректерді алу мақсатында көлік саласының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштері қайта қалыптастырылды.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер - көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы - жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы - жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі - есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген. Одан басқа, көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне (жүк тасымалдау, жүк айналымы, жолаушы тасымалдау, жолаушы айналымы) автомобильдік коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер жұмысы көлемінің бағалауы кіреді. Бағалау принципі ҚР ИИДМ ұсынған жеке меншік нысанындағы кәсіпорынның 1 автокөлігіне және оның әрі қарай азаматтардың жеке меншігіндегі техникалық ақауы жоқ автокөліктер санына таралу жұмыс көлемінің есептелуіне негізделген.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Г. Акишева
    Тел. +7 7172 749271
    E-mail: e.sarbasov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші