Өңірлік бөліністе 2023 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының ұлғаюы Шымкент (44,6%), Алматы (35,7%), Астана (21,7%) қалаларда және Шығыс-Қазақстан (37,8%), Павлодар (28%), Батыс-Қазақстан (18,3%), Солтүстік-Қазақстан (16,3%), Қарағанды (6,5%), Қызылорда (5,4%), Қостанай (3,2%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (34,8%), Астана (21,2%) қалаларында және Атырау (42,3%), Солтүстік-Қазақстан (29,3%), Түркістан (26,1%), Шығыс-Қазақстан (24%), Алматы (22,7%), Манғыстау (17,8%), Қызылорда (11,6%) облыстарында ұлғайды.
Жүкайналымы | Жолаушылар айналымы | |
---|---|---|
Республика Казахстан | 102,5 | 114,4 |
Абай | 86,6 | 87,1 |
Ақмола | 81,3 | 82,0 |
Ақтөбе | 100,7 | 108,8 |
Алматы | 97,6 | 122,7 |
Атырау | 94,1 | 142,3 |
БатысҚазақстан | 118,3 | 84,6 |
Жамбыл | 95,8 | 100,0 |
Жетісу | 89,6 | 92,0 |
Қарағанды | 106,5 | 97,4 |
Қостанай | 103,2 | 101,8 |
Қызылорда | 105,4 | 111,6 |
Маңғыстау | 95,1 | 117,8 |
Павлодар | 128,0 | 103,6 |
СолтүстікҚазақстан | 116,3 | 129,3 |
Түркістан | 92,9 | 126,1 |
Ұлытау | 99,6 | 98,3 |
ШығысҚазақстан | 137,8 | 124,0 |
Астана қаласы | 121,7 | 121,2 |
Алматы қаласы | 135,7 | 134,8 |
Шымкент қаласы | 144,6 | 100,0 |
2023 жылғы қаңтар-маусымда республика темір жол көлігімен 202,2 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусыммен деңгейінен 1,9%-ға аз, осы кезеңде жүк айналымы 163 млрд. т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 5,9%-ға ұлғайды), 9,6 млн. жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 6,4%-ға артық), жолаушылар айналымы 7,7 млрд. п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,2%-ға өсті).
2023 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 14,3%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 9,9% және 2,4%-ға ұлғайды.
2023 жылғы қаңтар-маусымда 137,9 млн. тонна жүк тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8%-ға аз), жүк айналымы 72,4 млрд.т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,7%-ға азайды).
2023 жылғы қаңтар-маусымда республиканың әуе көлігімен 5930,2 мың жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 27,8%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 11676,5 млн.п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды).
2023 жылғы қаңтар-маусым ішкі су көлігімен 264 мың тонна жүк тасымалданды, (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,6% ұлғайды) 53 мың жолаушы тасымалданды, (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды).
2023 жылғы қаңтар-маусым теңіз көлігімен 633,2 мың тонна жүк тасымалданды, 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 13,5%-ға ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 381,8 млн. т-км құрады және 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,6% өсті.
*Көлік саласы бойынша статистикалық деректер 2023 жылғы қаңтардан бастап автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдіснамалық тәсілдің өзгеруін ескере отырып қалыптастырылды.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырмалы деректерді алу мақсатында көлік саласының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштері қайта қалыптастырылды.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады. .
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).