Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    114 094,8 млн.
    2023 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 114094,8 млн. АҚШ долларын құрады
    2,6%
    2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда номиналды мәнде 2,6% көбейді
    64 611,2 млн.
    Экспорт – 64611,2 млн. АҚШ долларын (номиналды мәнде 8,9% аз)
    49 483,6 млн.
    Импорт – 49483,6 млн. АҚШ долларын құрады (номиналды мәнде 22,8% көп)
    ҚР 2021-2023 жылғы сыртқы сауда айналымының динамикасы
    өткен жылдың сәйкес кезеңіне пайызбен
    2023ж. қаңтар-қазан
    ҚР-дың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

    2023 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 23303,8 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,8% азайды.

    2023 жылғы қаңтар- қазанда тауарлар экспорты 8986 млн. АҚШ доллары (13,2% көп), импорт – 14317,8 млн. АҚШ доллары (9,3% аз) деңгейінде қалыптасты.

    Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,6%, бұдан әрі Қырғыз Республикасына – 4,9%, Беларусь Республикасына – 3,3%, Армения Республикасына – 0,2% келеді.

    Глоссарий

    Тауарлардың сыртқы саудасы - мүше мемлекет пен үшінші елдер арасындағы тауарлардың импорты мен экспорты.

    Тауарлардың өзара саудасы - мүше мемлекеттер арасындағы тауарлардың импорты мен экспорты.

    Тауарлардың экспорты – бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына мүше мемлекеттің материалдық ресурстарының қорларын азайтатын тауарларды әкету.

    Тауарлардың импорты – мүше мемлекеттің материалдық ресурстарының қорларына қосылатын тауарларға мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелу.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өзара сауда статистикасы БҰҰ-ның «Тауардың халықаралық сауда статистикасы» статистикалық бөлімінің Ресми жарияланымында қамтылған ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» 1-ТС статистикалық есептілігінің деректері негізінде қалыптастырылады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №210 шешімімен бекітілген «Тауарлармен халықаралық сауда статистикасы: құрастырушыларға арналған нұсқаулық» және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара сауда статистикасын және сыртқы сауда кедендік статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасы.

    Тауарлардың жіктеуіші ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы қолданылады.

    Тауарлардың өзара сауда статистикасындағы тауарларды есепке алу негізінен мүше мемлекеттердің материалдық ресурстарының қорларына қосылатын, олардың әкелінуі нәтижесінде бір мүше мемлекеттің аумағы басқа мүше мемлекеттің аумағынан қосылатын не оларды әкету нәтижесінде мүше мемлекеттердің материалдық ресурстарының қорларын азайтатын мүше мемлекеттердің арасында өткізілетін барлық тауарларды есепке алуды көздейтін жалпы сауда жүйесі негізінде жүзеге асырылады бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172 74 90 60
    Орындаушы:
    Анес Н.
    Тел. +7 7172 74 93 96
    Эл.адрес: nu.anes@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші