Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    111,5%
    "Сауда" саласы бойынша НКИ 2023 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың тиісті кезеңіне 111,5% құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанда – 106,1%).
    110,8%
    2023 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемінің НКИ 110,8% құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанда – 112,8%). Бөлшек сауда көлемінің НКИ 112,9% құрады (2022 жылғы қаңтар-ақпанда – 92,5%).
    70%
    Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 70% құрайды, бөлшек сауданың үлес салмағы 29,7% құрайды.
    Сауда саласы бойынша нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне % - бен
    2023ж. ақпан
    Бөлшек және көтерме сауданың нақты көлемінің индексі, өткен жылдың тиісті айына % - бен
    2023ж. ақпан

    Көтерме сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 5157,1 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы тиісті кезең деңгейіне 110,8% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (81,5%).

    Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2023 жылғы қаңтарда Алматы қаласына (42,7%), Атырау облысына (16,7%), Астана қаласына (14,9%), Қарағанды облысына (5,0%) тиесілі.

    Жалпы көтерме сауда көлеміндегі облыстардың үлесі, %
    2023ж. ақпан

    2023 жылғы қаңтар-ақпандағы бөлшек сауда көлемі 2208,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезең деңгейінен 12,9% - ға артық. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 17,6%-ға ұлғайды, дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасаушылардың, 2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 0,7% - ға ұлғайды. 

    Жыл басынан бері жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізуінен 1936,8 млрд.теңге (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 87,8%), шетелдік меншік нысанынан 269,0 млрд. теңге (12,2%) сомасында айналым алынды.

    2023 жылғы 1 наурызға жағдай бойынша бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) тауар қорларының көлемі 1460,5 млрд.теңгені, сауда күндерінде – 76 күнді құрады.

    Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық – түлік тауарларының үлесі-27,6%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 72,4% құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 5,5% - ға азайды, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 22,5% - ға ұлғайды.

    2023 жылғы қаңтарда республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласына (30,5%), Астана қаласына (12,3%), Қарағанды (8,8%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.

    Жалпы бөлшек сауда көлеміндегі облыстардың үлесі, %
    2023ж. ақпан
    Глоссарий
    Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
    Көтерме сауда – жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейiннен сатуға немесе өзге мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
    Нақты көлем индексі – базистік көрсеткішпен салыстырғанда ағымдағы кезеңде тауар массасын сату көлемінің (тауар айналымының сандық факторы) өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
    Тауарлық-материалдық қорлар – белгілі бір күнге сауда кәсіпорындарында, қоймаларда, жолда болатын ақшалай немесе заттай түрдегі тауарлардың саны.
    Әдіснамалық түсіндірмелер
    Тауарлар мен қызметтерді сату көлемі сатылған тауарлар, өнімдер және көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін алынған ақшалай түсім сомасын сипаттайды.
    Айналымның нақты көлемінің индексі бағаның өзгеруінің әсерін қоспағанда, оның тек физикалық көлемінің өзгеруі нәтижесінде айналымның қалай өзгеретінін көрсетеді.
    Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өткізудің нақты көлемінің индексін есептеу үшін есепті және базистік кезеңдердің айналымдары, базистік кезең ретінде қабылданған бір кезеңнің бағасымен (тұрақты бағамен) салыстырылады.
    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172 749060
    Орындаушы:
    А.Нысанбай
    Тел. +7 7172 749336
    Мекенжай:
    010000, Нұр-Сұлтан қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші