Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    19%
    Ұялы байланысқа немесе өзге де сымсыз байланысқа арналған телефондарға
    12,6%
    Тұрмыстық электр құралдарына
    11,3%
    Косметикалық тауарлар мен дәретханалық керек-жарақтарына
    2021 жылы Интернет арқылы бөлшек сауда көлемі 482 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесі ұялы байланысқа немесе өзге де сымсыз байланысқа арналған телефондарға (19%), тұрмыстық электр құралдарына (12,6%), косметикалық тауарлар мен дәретханалық керек-жарақтарына (11,3%) келеді.
    2021 ж. Интернет арқылы бөлшек сауда көлемі, мың теңге
    2021ж.
    Интернет арқылы көтерме сауда көлемі 209,8 млрд. теңгені құрады. Бірінші үштікті: 8,4% - косметикалық тауарлар мен дәретханалық керек-жарақтары, 8,1% - дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық препараттар, 5,2% - автомобильдерге арналған бөлшектер және керек-жарақтар құрады.
    2021 ж. Интернет арқылы көтерме сауда көлемі мың теңге
    2021ж.
    Интернет арқылы қызметтерді өткізу көлемі
    мың теңге
    Тапсырыстар саны, бірлік Қызметтерді өткізу көлемі, барлығы Одан:
    орналастыру орындарын брондау және көрсетілетін қызметке төлемдері көлік билеттерін өткізу демалыс, ойын-сауық, мәдениет және спорт саласында билеттерді өткізу жарнама саласындағы қызметтер тапсырыспен тамақты жеткізу өзгелер:
    85 007 109 349 933 718 15 623 330 20 120 526 28 533 739 30 381 302 3 053 588 252 221 232
    Интернет арқылы қызметтерді өткізу көлемі 350 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесі жарнама саласындағы қызметтерге (8,7%), демалыс, ойын-сауық, мәдениет және спорт саласында билеттерді өткізу қызметтеріне (8,2%), көлік билеттерін өткізу қызметтеріне (5,7%) тиесілі.
    Бөлшек, көтерме сауда және қызметтерді өткізу көлемі, млн. теңге
    2021ж.
    Бөлшек және көтерме сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі, млн. теңге
    2021ж.
    Электрондық төлем жүйелері арқылы төленген өткізу көлемі, мың теңге
    2021ж.
    Тауарлар мен қызметтерге ақы төлеудің қолданылатын тәсілдері, %
    2021ж.
    2021 жылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу тәсілдерінің ішінде ең қолайлысы төлем карточкалары (25,7%), банктік және почта аударымдары (23%), қолма-қол ақша (21,3%), электрондық терминал (12,1%), ұтқыр телефон (10,2%) және төлемдердің басқа түрлері (7,7%) болды.
    Тауарларды жеткізудің қолданылатын тәсілдері, %
    2021ж.
    Тауарларды жеткізу тәсілдерінің ішінен ең қолайлысы сатып алушылардың өздері алып кетуі (28,9%), бөгде ұйымдардың курьерлік қызметтері (23,4%), өз курьерлік қызметтері (19,5%), онлайн-жеткізу (13,3%), поштаның қызметін пайдалану (7,6%), көлік компаниясын тарту (7,3%) болды.
    Глоссарий
    Электрондық коммерция – электрондық саудадағы кәсіпкерлік қызмет, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді сату;
    Электрондық сауда – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу бойынша кәсіпкерлік қызмет;
    Төлем карточкасы – ұстаушысына электрондық терминалдар немесе басқа байланыс арналары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға не қолма-қол ақша алуға не валюталарды айырбастауды және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған электрондық төлем құралы;
    Электрондық терминал – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын не қолма-қол ақшаны қабылдау және (немесе) беру операцияларын жүзеге асыруға не шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға не өзге де операция түрлерін жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті растау құжаттарын қалыптастыруға арналған электрондық-механикалық қондырғы;
    Электрондық төлемдер деп қолма-қол ақшасыз (банк карталары, шоттар; электрондық ақша, ұялы телефондар, төлем терминалдары арқылы) жүзеге асырылған төлемдер түсініледі.
    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Бұл құжатта Интернет арқылы бөлшек сауда, Интернет арқылы көтерме сауда, Интернет арқылы көрсетілген қызметтер бойынша деректер қамтылған. Бұдан басқа тауарлар және қызмет түрлері бөлінісінде деректер көрсетіледі.

    Электрондық коммерция статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі әдістеме
    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172 749060
    Орындаушы:
    Г.Болатбек
    Тел. +7 7172 749780
    E-mail g.bolatbek@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.,
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші