Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    105%
    "Сауда" саласы бойынша НКИ 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңіне 105% құрады (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 109,2%)
    106,3%
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемінің НКИ 106,3% құрады (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 110,5%). Бөлшек сауда көлемінің НКИ 102,1% құрады (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 106,5%)
    68,7%
    Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 68,7% құрайды, бөлшек сауданың үлес салмағы 31,0% құрайды
    Сауда саласы бойынша нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне % - бен
     2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Бөлшек және көтерме сауданың нақты көлемінің индексі, өткен жылдың тиісті айына % - бен
     2022ж. қаңтар-желтоқсан

    Көтерме сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 34883,1 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейіне 106,3% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (79,8%). Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Алматы қаласына (37,4%), Астана қаласына (16,4%), Атырау облысына (13,5%), Қарағанды облысына (5,4%) тиесілі.

    Жалпы көтерме сауда көлеміндегі облыстардың үлесі, %
     2022ж. қаңтар-желтоқсан

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда көлемі 15763,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,1% - ға артық. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 2,5%-ға, дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасаушылардың, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,4% - ға ұлғайды.

    Жыл басынан бері жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізуінен 13703,9 млрд.теңге (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 86,9%), шетелдік меншік нысанынан 2059,9 млрд. теңге (13,1%) сомасында айналым алынды.

    2023 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) тауар қорларының көлемі 1378 млрд.теңгені, сауда күндерінде – 54 күнді құрады.

    Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық – түлік тауарларының үлесі-35,6%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 64,4% құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 5,4% - ға азайды, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 6,6% - ға ұлғайды.

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласына (32,3%), Астана қаласына (12,5%), Қарағанды (8,3%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.

    Жалпы бөлшек сауда көлеміндегі облыстардың үлесі
     2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Глоссарий

    Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

    Көтерме сауда – жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейiннен сатуға немесе өзге мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

    Нақты көлем индексі – базистік көрсеткішпен салыстырғанда ағымдағы кезеңде тауар массасын сату көлемінің (тауар айналымының сандық факторы) өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Тауарлық-материалдық қорлар – белгілі бір күнге сауда кәсіпорындарында, қоймаларда, жолда болатын ақшалай немесе заттай түрдегі тауарлардың саны.

    Әдіснамалық түсінідірмелер

    Тауарлар мен қызметтерді сату көлемі сатылған тауарлар, өнімдер және көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін алынған ақшалай түсім сомасын сипаттайды.

    Айналымның нақты көлемінің индексі бағаның өзгеруінің әсерін қоспағанда, оның тек физикалық көлемінің өзгеруі нәтижесінде айналымның қалай өзгеретінін көрсетеді.

    Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өткізудің нақты көлемінің индексін есептеу үшін есепті және базистік кезеңдердің айналымдары, базистік кезең ретінде қабылданған бір кезеңнің бағасымен (тұрақты бағамен) салыстырылады.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172 749060
    Орындаушы:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172 749060
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші