Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Негізгі тұстары

    «Шығындар-Шығарылым» кестелері өндіріс, кіріс, тұтыну және қорланым шотын бірыңғай схемада байланыстыратын, өндіріс процесін және оны түпкілікті пайдалануды модельдейтін теңдеулер жүйесі болып табылады.

    «Шығындар-Шығарылым» симметриялық кестелері өнімнің 68 түріне дейін құрылған. Әрбір өнім үшін: ресурстар пайдалануға тең, сондай-ақ өнімнің жиынтық шығарылымы шығындардың шамасына тең (ЖҚҚ компоненттерін қоса алғанда) баланстық тепе-теңдік қолданылады.

    «Шығындар-Шығарылым» симметриялық кестелерін құру үшін ресурстар және пайдалану кестелері бастапқы негізі болып табылады.

    Глоссарий

    Қызметтер және тауарлар шығарылымы есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын қызметтер және тауарлардың жиынтық құны болып табылады.

    Негізгі баға – өнімдерге төлеуге жататын кез келген салықтарды қоспағанда және өнімдерге демеуқаржыларды (импортқа демеуқаржылардан басқа) қоса, тауар немесе қызмет бірлігі үшін өндіруші алатын баға.

    Сатып алушының бағасы – бұл сатып алушы белгілеген мерзімде және орынға тауар немесе қызмет бірлігін жеткізгені үшін сатып алушы төлейтін сома (шегерілетін кез келген ҚҚС немесе шегерілетін ұқсас салықтарды қоспағанда).

    Аралық тұтыну - есепті кезең ішінде өндіріс үдерісінде трансформацияланатын немесе толықтай тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құны.

    Өнімге салынатын салықтар мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтарды қамтиды. Өнімдерге салынатын салықтарға мыналар жатады: қосылған құн салығы, акциздер, кедендік баждар және т. б.

    Сауда үстеме бағасы нақты баға және қайта сату үшін сатып алынған тауарды өткізу нәтижесінде алынған, шартты түрде есептелген және сауда кәсіпорны ұқсас тауарды сатқан кезде немесе басқа жолмен пайдаланған сәтте сатып алу үшін төлеуге тиіс болатын бағалар арасындағы айырма ретінде анықталады.

    Көлік үстеме бағасы өнімнің өзіндік құнына кіретін көлік қызметін жүк көлігінің жалпы шығарылымынан және субсидиядан шегерумен алынады.

    Тікелей шығындар коэффициенттері – өнім бірлігін өндіруге арналған шикізат, материалдар, отын және энергия шығындарының салалық көрсеткіштері.

    Толық шығындар коэффициенттері – бір саланың басқа саланың өнім бірлігін өндіруге тікелей және жанама шығындарының сомасы.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    А.Нұрсұлтанова
    Тел. +7 7172 749 526
    E-mail: ai.nursultanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші