Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    75546820,3 млн.
    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі 75546820,3 млн.теңгені құрады және алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 4,9%-ға өсті.
    15%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Жетісу облысында (15%), Алматы қаласында (9,7%) және Атырау облысында (9,3%) байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (19,3%), Атырау облысы (12,8%) және Астана қаласы (10,4%) алды.

    2023 жылғы қаңтар - қыркүйектегі өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
    Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың. теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 75 546 820,3 100,0 104,9 3 802,6 х
    Абай 1 931 427,8 2,6 107,2 3 169,4 12
    Ақмола 2 302 576,7 3,0 99,3 2 921,4 13
    Ақтөбе 3 157 112,7 4,2 99,2 3 385,6 9
    Алматы 3 093 209,7 4,1 103,7 2 041,4 16
    Атырау 9 682 340,9 12,8 109,3 13 887,1 1
    Батыс Қазақстан 3 026 011,6 4,0 106,3 4 384,9 7
    Жамбыл 1 907 237,1 2,5 102,6 1 563,2 19
    Жетісу 1 207 954,8 1,6 115,0 1 728,9 18
    Қарағанды 5 119 584,3 6,8 99,2 4 509,7 6
    Қостанай 2 711 574,2 3,6 100,0 3 261,7 11
    Қызылорда 1 873 331,5 2,5 104,0 2 238,4 15
    Маңғыстау 3 523 341,2 4,7 104,0 4 548,8 5
    Павлодар 2 547 531,5 3,4 103,1 3 374,5 10
    Солтүстік Қазақстан 1 536 753,9 2,0 98,6 2 884,7 14
    Түркістан 2 699 012,0 3,6 102,0 1 268,1 20
    Ұлытау 1 226 557,7 1,6 96,5 5 537,3 4
    Шығыс Қазақстан 3 123 022,1 4,1 103,6 4 283,6 8
    Астанақаласы 7 840 605,4 10,4 105,2 5 673,3 3
    Алматы қаласы 14 591 960,1 19,3 109,7 6 673,5 2
    Шымкент қаласы 2 445 675,1 3,2 104,7 2 033,5 17

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жан басына шаққандағы ЖІӨ 3802,6 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы ( 13887,1 мың теңге), Алматы қаласы (6673,5 мың теңге) және Астана қаласы (5673,3 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Жетісу (1728,9 мың теңге), Жамбыл (1563,2 мың теңге) және Түркістан (1268,1 мың теңге) облыстары алды.

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың. теңге
    2023ж. қаңтар-қыркүйек

    ЖІӨ-ге ең үлкен қосқан үлесті Алматы қаласы (1,67 п.т.), Атырау облысы (1,28 п.т.) және Астана қаласы (0,50 п.т.) алды.

    Еңбек өнімділігі

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 7032,9 мың теңгені құрады және алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 2,5%-ға өскенін көрсетті.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова
    Ә.Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: .suleimenova@aspire.gov.kz
    E-mail: a.kabylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші