Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ЖҚҚ ең көп номиналды өсімі Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (27,9%), Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет (27,2%), Қаржы және сақтандыру қызметі (27,1%), Ауыл, орман және балық шаруашылығы (24,8%) және Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (23,5%) салаларында байқалады.
Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Жалпы ішкі өнім | 101 522 983,7 | 103,2 | 117,2 | 100,0 |
Тауарлар өндіру | 40 335 725,5 | 103,2 | 115,5 | 39,8 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 5 267 971,4 | 109,1 | 114,3 | 5,2 |
Өнеркәсіп | 29 678 203,5 | 101,0 | 118,2 | 29,3 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 14 680 830,7 | 99,0 | 124,8 | 14,5 |
Өңдеу өнеркәсібі | 13 393 530,5 | 103,4 | 113,4 | 13,2 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 383 227,3 | 99,5 | 106,1 | 1,4 |
Су мен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 220 615,0 | 98,2 | 102,2 | 0,2 |
Құрылыс | 5 389 550,6 | 109,4 | 103,4 | 5,3 |
Қызметтер өндіру | 53 407 849,7 | 102,6 | 115,0 | 52,5 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 17 030 794,2 | 105,0 | 115,0 | 16,8 |
Көлік және жинақтау | 6 164 793,6 | 103,9 | 103,8 | 6,1 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 964 099,3 | 102,3 | 116,0 | 0,9 |
Ақпарат және байланыс | 2 157 377,4 | 108,0 | 102,3 | 2,1 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 3 098 775,2 | 102,0 | 124,6 | 3,0 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 6 624 930,8 | 101,1 | 119,4 | 6,5 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 3 359 755,8 | 93,7 | 115,4 | 3,3 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 2 214 761,3 | 102,3 | 124,3 | 2,2 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 1 961 060,5 | 103,1 | 124,1 | 1,9 |
Білім беру | 3 856 396,9 | 102,4 | 116,0 | 3,8 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 2 825 979,3 | 102,9 | 111,6 | 2,8 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 837 891,3 | 103,3 | 110,9 | 0,8 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 2 249 250,7 | 95,4 | 125,5 | 2,2 |
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 61 983,4 | 100,3 | 115,0 | 0,1 |
Жалпы қосылған құн | 93 743 575,2 | 102,9 | 115,2 | 92,3 |
Өнімдерге салынатын салықтар | 7 779 408,5 | 107,9 | 148,5 | 7,7 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 39,8% және 52,5% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 29,3% алып отыр.
ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,2%-ға өсті. Құрылыс (9,4%), Ауыл, орман және балық шаруашылығы (9,1%), Ақпарат және байланыс (8,0%), Көтерме және бөлшек саудада сату (5,0%), Көлік және жинақтау (3,9%), Өңдеу өнеркәсібі (3,4%) салалары ең көп өсімді көрсетті. Өнімдерге салынған салық өсімі 7,9% құрады.
Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).
2021 жылғы 2 тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.
2022 жылы (жедел деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 11229,0 АҚШ долларын құрады, 2021 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 0,1%-ға төмендеді.
Жан басына шаққандағы АҚШ долларындағы ЖІӨ номиналды түрде өсуінің төмендеуі АҚШ долларына теңгені айырбастау бағамының 2017 жылы 326 теңгеден 2022 жылы 460,48 теңгеге дейін әлсіреуімен түсіндіріледі.
2021 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ деңгейі 0,48%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 19,75% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі - 1,35%.
Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көлік және жинақтау (2,92%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (2,77%) және Ауыл, орман және балық шаруашылығы (2,54%), ең аз үлесін Қаржы және сақтандыру қызметі (0,08%), Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (0,08%) және Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,08%) салалары алады.
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |
Тауарлар өндіру | 7,64 | 6,90 | 5,65 | 5,19 | 6,26 |
Қызметтер өндіру | 21,11 | 20,12 | 18,04 | 15,04 | 13,49 |
Барлығы | 28,75 | 27,02 | 23,69 | 20,23 | 19,75 |
2021 жылы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 8423,4 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 0,7% өсуін көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.