Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    103 765 518,2 млн.
    2022 жылғы Қазақстанның өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 103 765 518,2 млн.теңгені құрап және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлемінің өзгеру қарқыны 3,2% жоғарлады.
    7,7%
    ЖӨӨ-нің жоғары өсім қарқыны Ақмола облысында (7,7%), Шымкент қаласында (6,8%) және Солтүстік Қазақстан облысында (5,6%) байқалады.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2022 жылғы ЖІӨ құрылымында ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы– 18,5%, ең аз үлесті Жетісу облысы - 1,4% құрайды.

    2022 жылғы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
    Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың. теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 103 765 518,2 100,0 103,2 5 284,7 х
    Абай 2 383 753,4 2,3 102,0 3 901,1 14
    Ақмола 3 484 572,5 3,4 107,7 4 428,5 12
    Ақтөбе 4 416 899,4 4,3 100,1 4 788,2 11
    Алматы 4 267 665,3 4,1 105,5 2 860,0 16
    Атырау 13 725 399,8 13,2 101,6 19 974,1 1
    Батыс Қазақстан 4 435 130,6 4,3 100,7 6 467,8 5
    Жамбыл 2 685 459,6 2,6 103,4 2 212,2 18
    Жетісу 1 426 882,2 1,4 102,0 2 042,1 19
    Қарағанды 7 278 059,2 7,0 100,3 6 412,9 6
    Қостанай 4 182 077,8 4,0 104,5 5 014,7 10
    Қызылорда 2 417 399,0 2,3 102,4 2 917,9 15
    Маңғыстау 4 401 192,9 4,2 101,1 5 817,8 7
    Павлодар 4 296 923,7 4,1 101,3 5 685,8 8
    Солтүстік Қазақстан 2 198 854,3 2,0 105,6 4 097,7 13
    Түркістан 3 517 281,1 3,4 100,3 1 671,8 20
    Ұлытау 1 609 739,8 1,6 102,5 7 278,4 4
    Шығыс Қазақстан 3 916 818,1 3,8 103,5 5 353,8 9
    Астана қаласы 10 672 480,5 10,3 105,5 8 053,9 3
    Алматы қаласы 19 154 536,7 18,5 105,0 8 985,6 2
    Шымкент қаласы 3 294 392,3 3,2 106,8 2 798,4 17

    2022 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 5284,7 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (19974,1 мың теңге), Алматы қаласы (8985,6 мың теңге) және Астана қаласы (8053,9 мың теңге) алады және соңғы қатарды Жамбыл (2212,2 мың теңге), Жетісу (2042,1мың теңге) және Түркістан (1671,8 мың теңге) облыстары алады.

    2022 жылғы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    тыс. тенге
    2022ж.

    ЖІӨ-ге ең үлкен үлес Алматы қаласында (0,89 п.т.), Астана қаласында (0,58 п.т.) және Ақмола облысында (0,25 п.т.) байқалады.

    Еңбек өнімділігі

    2022 жылы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 10083,2 мың теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты мәнде 1,3%-ға өскенін көрсетті.

    Динамикалық кестелер:
    Бақыланбайтын экономика

    2022 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ үлесі 0,97%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 18,78% құрады.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Алматы қ. (4,03%), Астана қ. (1,96% ) және Атырау облысында (1,48%), ең аз үлесін Абай (0,44%), Жетісу (0,44%) және Ұлытау (0,19%) облыстарында байқалады.

    Жалпы ішкі өнімдегі бақыланбайтын экономиканың үлесі
    2020 2021 2022
    Қазақстан Республикасы 20,23 19,75 18,78
    Абай 0,44
    Ақмола 0,54 0,53 0,57
    Ақтөбе 0,82 0,79 0,77
    Алматы 1,22 1,21 0,90
    Атырау 1,58 1,57 1,48
    Батыс Қазақстан 0,62 0,61 0,57
    Жамбыл 0,54 0,53 0,51
    Жетісу 0,44
    Қарағанды 1,23 1,22 1,02
    Қостанай 0,73 0,72 0,77
    Қызылорда 0,54 0,53 0,55
    Маңғыстау 0,50 0,49 0,55
    Павлодар 0,86 0,85 0,83
    Солтүстік Қазақстан 0,53 0,52 0,51
    Түркістан 0,87 0,86 1,15
    Ұлытау 0,19
    Шығыс Қазақстан 1,25 1,24 0,78
    Астана қаласы 2,28 2,27 1,96
    Алматы қаласы 5,39 5,09 4,03
    Шымкент қаласы 0,73 0,72 0,76
    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ)– белгілі біруақыткезеңі ішіндежәненарықтықбағаменесептелетінжекелеген өңірдің резидент-өндірушібірліктерініңөндірістікқызметініңтүпкіліктінәтижесі.

    Жалпы қосылған құн- экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым- есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну -өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқанүлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Накипбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова
    Ә.Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: .suleimenova@aspire.gov.kz
    E-mail: a.kabylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел көшесі, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші