Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    1 131 млрд.
    Ел ішіндегі туризмге қатысты тұтыну 2021 жылы номиналды мәнде 40,1% өсіп, 1131 млрд.теңгені (2020 жылы 807,2 млрд. теңге) құрады, оның ішінде бизнес-сапарларға 344,4 млрд. теңге келеді.
    786,4 млрд.
    Ел ішіндегі туризмге қатысты шығыстар 2020 жылғы 568,9 млрд. теңгеден 2021 жылы 786,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
    324,5 млрд.
    Оның ішінде келу туризміне қатысты шығыстар 2021 жылы 324,5 млрд. теңгені, ішкі туризмге қатысты шығыстар – 461,9 млрд. теңгені (2020 жылы тиісінше 233,1 млрд. теңге және 335,8 млрд. теңге) құрады.
    Ел ішіндегі туризмге қатысты шығыстар
    млн. тенге
    2021ж.

    Ел ішіндегі туристік тұтыну құрылымында келушілер санаты бойынша 2021 жылы резидент-келушілердің шығыстары басым болды, олардың үлесі 58,7% құрады (резидент емес-келушілер шығыстарының үлесі тиісінше 41,3% құрады).

    2021 жылы келушілер санаты бойынша туристік өнімдерді тұтыну құрылымы
    қорытындыға пайызбен
    2021ж.

    2020 жылы ел ішіндегі туристік тұтыну құрылымындағы резидент емес келушілер шығындарының үлесі 41%, резидент келушілер – 59% құрады

    Туризм салаларында құрылатын жалпы қосылған құн (ТСЖҚҚ) 2021 жылы 2 871 млрд. теңгені құрады, ТСЖҚҚ-ның нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) өткен жылға қарағанда 125,3% құрады (туризм салаларындағы еңбек өнімділігінің индексі, өткен жылға қарағанда пайызбен 124,1% құрады).

    Тікелей туризмде құрылатын жалпы қосылған құн (ТТЖҚҚ) 2021 жылы 572,7 млрд.теңгені құрады, ТТҚЖҚҚ-ның НКИ 131,5% деңгейінде қалыптасты

    ТСЖҚҚ және ТТҚЖҚҚ-ның НКИ динамикасы
    2021ж.

    Туризм үшін (құны бойынша) ішкі өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін шығаруда (ұсынуда) 2020 жылғы 656,8 млрд.теңгеден 2021 жылы 949,3 млрд. теңгеге дейін үлесі артты.

    2021 жылғы тауарлар мен қызметтерді ұсынудағы туризм үлесі
    пайызбен
    2021ж.
    Глоссарий

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі түпкілікті өнім құны;

    Туризм салаларында құрылатын жалпы қосылған құн туризм саласында жұмыс істейтін барлық мекемелермен, олардың өндіретін жалпы өнімі тұтынушыларға арналғанына не арналғанына қарамастан, және олардың өндірістік үдерістерінің мамандану дәрежесіне қарамастан, мекемелермен жасалатын жалпы қосылған құнның сомасы болып табылады;

    Туризм салаларында құрылатын жалпы қосылған құн – өндіретін жалпы өнімінің тұтынушыларға арналғанына не арналғанына қарамастан, және олардың өндірістік процесінің мамандану дәрежесіне қарамастан туризм саласында жұмыс істейтін барлық мекемелер құрайтын жалпы қосылған құнның сомасы;

    Тікелей туризмде құрылатын жалпы қосылған құн – ел ішіндегі туризмге жататын тұтыну серпініне сәйкес тұтынушыларға қызмет көрсетумен тікелей байланысты туризм салаларында және экономиканың басқа салаларында құрылатын, жалпы қосылған құнның бөлігі;

    Кіру туризмі – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегіндегі саяхаты;

    Шығу туризмі – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаты;

    Ішкі туризм – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты;;

    Туризм саласы – қызметінің негізгі түрі туризм үшін типті болып табылатын қызметті жүзеге асыратын мекемелердің жиынтығы;

    Ішкі туризмге қатысты тұтыну – тиісті елдің экономикалық аумағы шегінде резидент келушілердің туристік тұтынуы;

    Туризмнің үлесі – ұсыныстың әрбір жеке элементінің аясында, ел ішіндегі туризмге жататын тұтынудың үлесі;

    Келу туризміне қатысты тұтыну – тиісті елдің экономикалық аумағы шегінде бейрезидент келушілердің туристік тұтынуы;

    Шығу туризміне қатысты тұтыну – тиісті елдің экономикалық аумағы шегінен тыс жерде резиденттердің туристік тұтынуы;

    Туризм –жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;

    Турист – уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;

    Экскурсант – уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;

    Туристік өнім –саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Туризмнің қосалқы шоты (бұдан әрі – ТҚШ) жыл сайынғы негізде қалыптастырылатын он кесте түріндегі статистикалық көрсеткіштер жүйесін білдіреді.

    Кестелер көрсеткіштерін келісу үшін ТҚШ қалыптастыру кезінде туристік өнімдер мен туризм саласының жіктелімі пайдаланылады.

    Туристік өнімдер жіктеліміне туризмге тән тұтыну тауарлары және туризмге қандай да бір қатысы бар өзге де өнімдер кіреді.

    1, 2, 3 - кестелер туристік тұтынуды туризм, туристік өнімдер түрлері және келушілер санаты бойынша құндық мәнде сипаттайды. 1-кестеде кіру туризмі, 2-кестеде ішкі туризм, ал 3-кестеде шығу туризмі қарастырылады. Туристік шығындардың көлемі мен құрылымы туристер және экскурсанттар үшін жеке-жеке анықталады.

    4-кестеде келу туризмі (1-кесте) және ішкі туризммен (2-кесте) байланысты шығыстар көрсеткіштерін және барлық қосымша компоненттердің, соның ішінде бизнес сапарлар жасайтын резидент келушілердің шығыстарын қосу арқылы ел ішіндегі туризмге қатысты тұтыну сияқты негізгі агрегатталған көрсеткішке баға беріледі.

    5-кестеде туризм салаларының және Қазақстан Республикасының басқа экономикалық салаларындағы өндіріс шоты көрсетілген. Туризм салаларының шығарылымы өнімдердің түрлері бойынша бөліністе ұсынылған және базистік бағаларда бағаланады. Аралық тұтыну сатып алушының бағасында бағаланады. Екі шаманың арасындағы айырмашылық базистік бағалардағы жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) деп аталады және тұтас әрбір туризмнің саласына қатысы бар.

    6-кестеде 4-кестеден ел ішіндегі туризмге қатысты тұтыну мен сатып алушылар бағасындағы ішкі ұсыныс салғастырылады. Ішкі ұсыныстың жалпы көлемі 5-кестедегі туризм салаларының ішкі шығарылымы мен импорт, өндірілген және импортталған өнімдерге субсидияларды шегергенде таза салықтар және сауда мен көліктік үстеме бағалар сияқты қосымша көрсеткіштердің сомасы арқылы шығарылады.

    7-кесте туризм салаларындағы халықты жұмыспен қамтудың сандық бағалауын көрсетеді: жұмыспен қамтылған халық саны, жұмыс істеген сағаттар саны, халықтың толық жұмыспен қамтылу баламасында жұмыспен қамтылған халық саны. Жұмыспен қамтылу бойынша деректер жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары негізінде жынысы және жұмыспен қамтылу мәртебесі бөлінісінде экономикалық қызмет түрелері бойынша қалыптастырылады.

    8-кестеде туризм салаларындағы және экономиканың басқа салаларындағы негізгі капиталдың жалпы жинақталуы (бұдан әрі – НКЖЖ) анықталады. Негізгі қорларды сатып алу (шегеру) және негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары НКЖЖ-ны бағалау үшін дереккөз болып табылады.

    9-кесте ұжымдық туристік тұтынуды сипаттайды және келушілердің бірге тұтынуы үшін мемлекеттік басқару органдарының әр түрлі деңгейлерімен ұсынылатын нарықтық емес қызметтерінің құнын көрсетеді. 9-кестені құруда көрсетілетін қызмет түрлері және басқару деңгейі бойынша ұжымдық туристік тұтыну шығыстары туралы әкімшілік дереккөздердің деректері пайдаланылады.

    10-кестеде туризм түрлері, келушілер санаты және тұрақтау ұзақтығы мен ел аумағына кіру үшін бейрезидент келушілер пайдаланатын көлік түрлері бойынша бөлінісіндегі сапарлар саны туралы ақшалай емес көрсеткіштер ұсынылған. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың қорытындылары және статистикалық бизнес-тіркелім ақпараттың дереккөзі болып табылады.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Накипбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    А.М Тұрысбекова
    Тел: +7 7172 74 92 80
    E-mail: ai.turysbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші