Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    40 034 332,6
    2022 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстанның өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 40 034 332,6 млн. теңгені құрады.
    3,6%
    ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде3,6% жоғарылады.
    7,6%
    ЖӨӨ жоғары өсу қарқыны Ақмола (7,6%), Атырау (6,3%) облыстарында және Шымкент қаласында (6,3%) байқалады. Төмен өсу қарқыны Жетісу (-0,6%), Павлодар (0,1%) және Маңғыстау (0,5%) облыстарында байқалады.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2022 жылғы 1 жартыжылдықта ЖІӨқұрылымында ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы– 17,2%, ең аз үлесті Жетісу облысы - 1,3% құрайды.

    2022 жылғы I жартыжылдықтағыжалпы өңірлік өнім
    Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың. теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-ң орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 40 034 332,6 100,0 103,6 2 046,5 х
    Абай 871 120,8 2,2 103,0 1 424,8 13
    Ақмола 1 192 626,8 3,0 107,6 1 517,9 12
    Ақтөбе 1 930 583,1 4,8 101,5 2 099,7 9
    Алматы 1 737 558,4 4,4 104,2 1 170,5 16
    Атырау 6 340 310,9 15,8 106,3 9 270,0 1
    Батыс-Қазақстан 1 825 487,9 4,6 101,6 2 667,8 5
    Жамбыл 1 057 439,9 2,6 103,1 872,9 18
    Жетісу 510 313,2 1,3 99,4 730,3 19
    Қарағанды 2 970 403,8 7,4 104,0 2 617,7 6
    Қостанай 1 378 171,7 3,4 102,0 1 651,5 11
    Қызылорда 1 009 069,5 2,5 101,2 1 222,0 15
    Маңғыстау 1 847 981,1 4,6 100,5 2 460,2 7
    Павлодар* 1 614 202,0 4,0 100,1 2 135,6 8
    Солтүстік-Қазақстан* 663 219,5 1,7 104,0 1 233,7 14
    Түркістан* 1 172 374,7 2,9 104,0 559,4 20
    Ұлытау* 669 207,5 1,7 103,3 3 028,6 3
    Шығыс-Қазақстан 1 504 123,8 3,8 105,8 2 054,2 10
    Астанақаласы 3 599 986,9 9,0 103,1 2 749,3 4
    Алматы қаласы 6 898 367,4 17,2 104,2 3 260,4 2
    Шымкент қаласы 1 241 783,7 3,1 106,3 1061,9 17

    Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша алғашқы қатарды Атырау облысы (9270,0 мыңтеңге), Ұлытау облысы (3028,6 мың теңге) және Алматы қаласы (3260,4 мың теңге) алады және соңғы қатарды Жамбыл (872,9 мың теңге), Жетісу (730,3 мың теңге) және Түркістан (559,4 мың теңге) облыстары алады.

    2022 жылғы I жартыжылдықтағыжан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім
    мың. теңге
    қаңтар-маусым 2022ж.

    ЖІӨ-ге ең үлкен үлес Атырау облысында (0,90 п.т.), Алматы қаласында (0,76 п.т.), Астана қаласында (0,31 п.т.),ең аз үлес Жетісу облысында (-0,01 п.т.) байқалады.

    Еңбек өнімділігі

    2022 жылдың I жартыжылдығында жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 3853,6 мың теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты мәнде 2,5%-ға өскенін көрсетті.

    Динамикалық кестелер
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ)– белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн- экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым- есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну -өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдейт ұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқанүлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова
    Ж.Қ.Сүлейменова
    Тел. +7 7172 74 9537
    E-mail: suleimenova@aspire.gov.kz
    E-mail: a.kabylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел көшесі, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші