Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    65 487 797,9 млн.
    2022 жылғы 9 айдағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (алдын ала деректер бойынша) 65 487 797,9 млн.теңгені құрады.
    3%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3%-ға өсті.
    143 127,1 млн.
    ҚР ҰБ орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 143 127,1 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ЖҚҚ ең көп номиналды өсімі Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (32,8%), Білім беру (29,7%), Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет (27,7%), Қаржы және сақтандыру қызметі (25,5%), Ауыл, орман және балық шаруашылығы (25,3%) салаларында байқалады.

    2022 жылғы 9 айдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылға, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 65 487 797,9 103,0 119,9 100,0
    Тауарлар өндіру 27 360 824,5 103,1 120,8 41,7
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 3 396 125,2 106,9 117,3 5,3
    Өнеркәсіп 20 527 934,3 102,1 124,3 31,2
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 10 447 491,4 100,1 132,8 15,9
    Өңдеу өнеркәсібі 8 929 638,6 104,6 117,4 13,5
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 975 239,6 99,6 109,5 1,5
    Су мен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 175 564,7 101,0 114,5 0,3
    Құрылыс 3 436 765,0 105,1 106,1 5,2
    Қызметтер өндіру 32 517 568,9 102,3 116,3 49,7
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 9 304 243,7 104,3 113,4 14,2
    Көлік және жинақтау 3 778 785,5 104,8 110,0 5,8
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 460 970,7 102,5 115,5 0,7
    Ақпарат және байланыс 1 159 971,7 110,7 102,8 1,8
    Қаржы және сақтандыру қызметі 2 284 550,7 102,0 123,0 3,5
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 4 430 798,5 101,1 121,1 6,8
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 1 935 803,2 93,7 115,4 3,0
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 1 230 774,6 102,4 124,8 1,8
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 1 340 726,6 100,4 121,2 2,0
    Білім беру 2 860 028,3 102,4 126,7 4,4
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 1 555 558,1 102,9 114,1 2,4
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 449 989,8 102,8 112,7 0,7
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 1 679 598,3 95,4 116,8 2,5
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 45 769,2 100,4 113,4 0,1
    Жалпы қосылған құн 59 878 393,4 102,7 118,3 91,4
    Өнімдерге салынатын салықтар 5 609 404,5 107,8 139,2 8,6

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2022 жылғы 9 айдағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 41,7% және 49,7% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 31,2% алып отыр.

    2022 жылғы 9 айдағы ЖІӨ құрылымы
    2022ж. қаңтар-қыркүйек
    ЖІӨ нақты өсімі

    ВЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3%-ға өсті. Ақпарат және байланыс (10,7%), Ауыл, орман және балық шаруашылығы (6,9%), құрылыс (5,1%), көлік және жинақтау (4,8%), өңдеу өнеркәсібі (4,6%) салалары ең көп өсімді көрсетті. Өнімдерге салынған салық өсімі 7,8% құрады.

    2022 жылғы 9 айдағы ЖІӨ-ге негізгі салалардың қосқан үлесі, п.т.
    2022ж. қаңтар-қыркүйек

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы 9 айдағы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,8%). 2021 жылғы 2 тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жалпы ішкі өнімнің НҚИ динамикасы
    2022ж. қаңтар-қыркүйек
    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2021 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 10369,9 АҚШ долларын құрады, 2020 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 2,9%-ға өсті.

    Жан басына шаққандағы АҚШ долларындағы ЖІӨ номиналды түрде өсуінің төмендеуі АҚШ долларына теңгені айырбастау бағамының 2017 жылы 326 теңгеден 2021 жылы 426,03 теңгеге дейін әлсіреуімен түсіндіріледі.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасы
    2022ж. қаңтар-қыркүйек
    Динамикалық кестелер:
    Бақыланбайтын экономика

    2021 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ деңгейі 0,48%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 19,75% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі - 1,35%.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көлік және жинақтау (2,92%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (2,77%) және Ауыл, орман және балық шаруашылығы (2,54%), ең аз үлесін Қаржы және сақтандыру қызметі (0,08%), Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (0,08%) және Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,08%) салалары алады.

    Бақыланбайтын экономика динамикасы
    2017 2018 2019 2020 2021
    Тауарлар өндіру 7,64 6,90 5,65 5,19 6,26
    Қызметтер өндіру 21,11 20,12 18,04 15,04 13,49
    Барлығы 28,75 27,02 23,69 20,23 19,75
    Динамикалық кестелер:
    Еңбек өнімділігі

    2021 жылы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 8423,4 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 0,7% өсуін көрсетті.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 95 27
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова,
    Ғ.О. Төребеков
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    s.kishkeninova@aspire.gov.kz
    g.torebekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші