Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    65 487 797,9 млн.
    2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 65487797,9 млн. теңгені құрады. ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлемінің өзгеру қарқыны 3,0 % өсті
    8,4%
    ЖӨӨ жоғары өсу қарқыны Ақмола облысында (8,4%), Шымкент қаласы (6,7%) және Солтүстік Қазақстан облысында (5,6%) байқалады. Төмен өсу қарқынын Павлодар облысы (-0,1%) көрсетеді
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2022 жылғы 9 айда ЖІӨ құрылымында ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы– 17,3%, ең аз үлесті Жетісу облысы - 1,4% құрайды.

    2022 жылғы 9 айдағы жалпы өңірлік өнім
    Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың. теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 65 487 797,9 100,0 103,0 3 341,6 х
    Абай 1 448 281,8 2,2 102,0 2 370,2 14
    Ақмола 2 108 293,1 3,2 108,4 2 682,8 12
    Ақтөбе 3 009 457,0 4,6 100,3 3 268,3 10
    Алматы 2 538 537,8 3,9 103,7 1 706,3 17
    Атырау 9 010 368,1 13,8 101,8 13 145,0 1
    БатысҚазақстан 2 876 076,9 4,4 101,3 4 198,7 6
    Жамбыл 1 664 270,2 2,5 103,1 1 372,5 18
    Жетісу 913 944,4 1,4 100,0 1 307,8 19
    Қарағанды 4 753 408,5 7,3 100,8 4 189,7 7
    Қостанай 2 588 901,0 4,0 103,1 3 104,0 11
    Қызылорда 1 655 463,2 2,5 102,0 2 001,6 15
    Маңғыстау 3 203 219,2 4,9 100,3 4 250,2 5
    Павлодар 2 571 878,5 3,9 99,9 3 403,4 9
    Солтүстік Қазақстан 1 434 762,8 2,2 105,6 2 671,6 13
    Түркістан 2 236 818,9 3,4 102,5 1 065,4 20
    Ұлытау 1 169 718,5 1,8 104,4 5 293,7 3
    ШығысҚазақстан 2 706 363,9 4,1 105,2 3 697,8 8
    Астанақаласы 6 147 586,4 9,4 103,7 4 663,5 4
    Алматы қаласы 11 341 232,4 17,3 105,0 5 338,8 2
    Шымкент қаласы 2 109 215,3 3,2 106,7 1 797,8 16

    Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша алғашқы қатарды Атырау облысы (13145,0 мың теңге), Алматы қаласы (5338,8 мың теңге) және Ұлытау облысы (5293,7 мың теңге) алады және соңғы қатарды Жамбыл (1372,5 мың теңге), Жетісу (1307,8 мың теңге) және Түркістан (1065,4 мың теңге) облыстары алады.

    2022 жылғы 9 айдағы жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім
    мың. теңге
    2022ж. 9 ай (есепті деректер)

    ЖІӨ-ге ең үлкен үлес Алматы қаласында (0,90 п.т.), Астана қаласында (0,37 п.т.) және Ақмола облысында (0,26 п.т.) байқалады.

    2022 жылғы 9 айдағы өңірлердің ЖІӨ-ге қосқан үлесі, п.т.
    2022ж. 9 ай (есепті деректер)
    Еңбек өнімділігі

    2022 жылғы 9 айда жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 6300,9 мың теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты мәнде 1,8%-ға өскенін көрсетті.

    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова
    Ә.Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: .suleimenova@aspire.gov.kz
    E-mail: a.kabylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел көшесі, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші