Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    9,8%
    2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда баяулады және 9,8% (2023 жылғы қарашада – 10,3%), бір айда – 0,8% (өткен айда – 1%) құрады.
    8,5%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 8,5% (2023 жылғы қарашада – 9,2%), азық-түлік емес тауарларға – 9,1% (2023 жылғы қарашада – 9,9%), ақылы қызметтерге 12,4% (2023 жылғы қарашада – 12%) өсті.
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2023ж. желтоқсан
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның өсуі күрішке – 34,3%, минералды және ауыз суға – 18,4%, консервіленген сүтке – 16,9%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 15,6%, майлылығы 2,5% айранға, жұмыртқаға – 13,4%-дан, сары майға – 13,3%, пастерленген сүтке, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге – 12,8%-дан, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 12,3%, балық және теңіз өнімдерге – 12,1%, кондитерлік өнімдерге 10,7% тіркелді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 22,6%, күнбағыс майына – 18%, құмшекерге 15,8% байқалды.

    Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 12,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 11,8%, ыдысқа – 11,4%, киім және аяқ киімге – 11,3%, фармацевтикалық өнімдерге – 10,4%, құрылыс материалдарына 7,3% өсті. Дизель отыны – 15,2%, бензин – 13,7%, сұйытылған газ баллондағы – 13,6%, тас көмір 10,7% қымбаттады.

    Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 16,8%, санаторийлер қызметтеріне – 15,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 13,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,8%, білім беру қызметтеріне – 9,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 8% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 9,1%, қалалық автобуспен – 8,9%, қалааралық автобуспен – 8,8%, жолаушылар әуе көлігімен – 8,6%, теміржол көлігімен 7,3% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 33,2%, су бұруға – 28,8%, орталықтан жылытуға – 26,1%, ыстық суға – 23,4%, суық суға – 22%, электр энергиясына – 19,9%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 7% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын тоғыз өңірлерде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағандыда (11,1%), Ақмола (10,7%), Маңғыстау (10,6%) облысында.

    Өңірлердегі жылдық инфляция, %
    2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 9,8 20,3 8,4
    Абай 9,7 20,1
    Ақмола 10,7 21,1 8,9
    Ақтөбе 9,3 19,8 8,7
    Алматы 8,4 17,7 8,2
    Атырау 9,6 19,7 8,3
    Батыс Қазақстан 9,2 20,2 8,5
    Жамбыл 9,2 19,8 8,1
    Жетісу 10,0 19,9
    Қарағанды 11,1 20,7 8,5
    Қостанай 9,3 20,2 8,3
    Қызылорда 8,8 19,9 8,2
    Маңғыстау 10,6 24,0 9,2
    Павлодар 9,3 20,1 8,3
    Солтүстік Қазақстан 10,5 20,6 8,4
    Түркістан 10,2 20,5 8,3
    Ұлытау 10,5 20,8
    Шығыс Қазақстан 10,1 20,0 9,1
    Астана қаласы 9,1 23,0 8,8
    Алматы қаласы 10,2 20,1 8,2
    Шымкент қаласы 9,5 19,7 8,2
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,3 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ).

    2022 жылғы желтоқсанмен 2023 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі
    2023ж. желтоқсан

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 10,8%, ет және ет өнімдеріне 7% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,8 және 0,9 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 13,4%, алкоголсіз сусындар 11,4% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (11,2%) – 0,4 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (9,5%) – 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 13,9% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы желтоқсанда орталықтан жылыту өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 26,1% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (19,9%) – 0,4 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (8,6%) – 0,2 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы желтоқсандағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 8,5 3,554
    Нан өнімдері мен жармалар 10,8 0,758
    Ет және ет өнімдері 7,0 0,860
    Сүт өнімдері 11,2 0,420
    Жұмыртқа 13,4 0,151
    Май және тоң май -2,6 -0,060
    Жемістер мен көкөністер 9,5 0,544
    Қант -15,2 -0,131
    Алкогольсіз сусындар 11,4 0,245
    Азық-түлік емес тауарлар 9,1 2,709
    Киім 10,6 0,680
    Аяқ киім 12,8 0,392
    Жуғыш заттар 5,9 0,090
    Бензин 13,7 0,325
    Жеке қолдану тауарлар 12,4 0,365
    Ақылы қызметтер 12,4 3,527
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 13,9 1,835
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 7,0 0,065
    тұрғын үйді жалға алу 8,1 0,196
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 8,6 0,204
    суық су 22,0 0,112
    ыстық су 23,4 0,082
    қоқыс шығару 33,2 0,085
    суды бұру 28,8 0,064
    электрэнергия 19,9 0,430
    газ 10,0 0,131
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    9,2 0,098
    сұйытылған 13,6 0,033
    орталықтан жылыту 26,1 0,294
    қатты отын 9,9 0,159
    домофон 6,9 0,013
    Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі 0,9%, ақылы қызметтерге – 0,8%, азық-түлік емес тауарларға – 0,5% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Желтоқсан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,7 1,2 0,5 0,2
    2019 0,7 1,1 0,6 0,3
    2020 0,9 1,5 0,5 0,4
    2021 0,6 0,6 0,7 0,5
    2022 1,2 1,6 1,3 0,5
    2023 0,8 0,9 0,5 0,8
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ.Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749790
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749531
    E-mail: an.makizhanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші