Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    9,5%
    2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда баяулады және 9,5% (2023 жылғы желтоқсанда – 9,8%). Бір айда инфляция 0,8% құрады (өткен аймен бірдей).
    8,2%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 8,2% (2023 жылғы желтоқсанда – 8,5%), азық-түлік емес тауарларға – 8,6% (2023 жылғы желтоқсанда – 9,1%), ақылы қызметтерге 12,3% (2023 жылғы желтоқсанда – 12,4%) өсті.
    2022-2024 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2024ж. қаңтар
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда бағаның өсуі күрішке – 31,3%, минералды және ауыз суға – 17,2%, жұмыртқаға – 16,9%, салқындатылған сусындарға – 15,5%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 15%, консервіленген сүтке – 13,9%, сары майға – 13,1%, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге – 12,3%, майлылығы 2,5% айранға – 11,9%, пастерленген сүтке – 11,8%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдерге – 11,7%, балық және теңіз өнімдерге 11,5% тіркелді. Бағаның төмендеуі басты пиязға – 26,4%, қарақұмық жармасына – 23,6%, күнбағыс майына – 19,8%, құмшекерге 15,5% байқалды.

    Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 11,8%-дан, фармацевтикалық өнімдерге – 11,7%, киім және аяқ киімге – 11,1%, ыдысқа – 10,6%, құрылыс материалдарына 7,3% өсті. Дизель отыны – 14,3%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы – 13,5%, тас көмір 10,1% қымбаттады.

    Баға санаторийлер қызметтеріне – 16,1%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 16%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,6%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,2%, білім беру қызметтеріне – 10,2%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 7,9% жоғарылады. Жолаушылар теміржол көлігімен жол жүру – 10,7%, таксимен – 10,1%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар әуе көлігімен – 9,2%, қалааралық автобуспен 7,9% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 29,6%, су бұруға – 28,6%, орталықтан жылытуға – 26,7%, ыстық суға – 23,2%, суық суға – 21,9%, электр энергиясына – 20,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 7,8% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қаңтарда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (11,3%), Маңғыстау (10,6%), Атырау және Шығыс Қазақстан (10,1%-дан) облыстарында.

    Өңірлердегі жылдық инфляция, %
    2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 9,5 20,7 8,5
    Абай 9,6 21,0 ...
    Ақмола 9,8 21,8 9,3
    Ақтөбе 8,6 20,7 9,2
    Алматы 8,5 18,0 8,2
    Атырау 10,1 19,9 8,7
    Батыс Қазақстан 8,9 20,6 8,6
    Жамбыл 9,1 20,2 8,1
    Жетісу 9,9 20,5 ...
    Қарағанды 11,3 20,6 8,7
    Қостанай 8,9 20,7 8,4
    Қызылорда 8,1 20,9 8,0
    Маңғыстау 10,6 24,1 8,7
    Павлодар 8,9 20,6 8,5
    Солтүстік Қазақстан 9,5 21,7 8,3
    Түркістан 9,7 21,1 8,4
    Ұлытау 10,0 20,9 ...
    Шығыс Қазақстан 10,1 20,8 8,8
    Астана қаласы 8,8 23,8 8,3
    Алматы қаласы 9,9 20,2 8,6
    Шымкент қаласы 9,0 20,4 8,5
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,1 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ) қосты.

    2023 жылғы қаңтармен 2024 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі
    2024ж. қаңтар

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 10,1%, ет және ет өнімдеріне 6,8% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,7 және 0,8 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 16,9%, алкоголсіз сусындар 10,9% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (10,4%) – 0,4 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (9%) – 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 13,8% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы қаңтарда орталықтан жылыту өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 26,7% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (20,7%) – 0,4 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (8,7%), тұрғын үйді жалға алу (7,9%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    2024 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 8,2 3,442
    Нан өнімдері мен жармалар 10,1 0,704
    Ет және ет өнімдері 6,8 0,806
    Сүт өнімдері 10,4 0,403
    Жұмыртқа 16,9 0,212
    Май және тоң май -3,4 -0,063
    Жемістер мен көкөністер 9,0 0,518
    Қант -14,9 -0,170
    Алкогольсіз сусындар 10,9 0,226
    Азық-түлік емес тауарлар 8,6 2,669
    Киім 10,4 0,672
    Аяқ киім 12,6 0,388
    Жуғыш заттар 3,0 0,049
    Бензин 13,6 0,319
    Жеке қолдану тауарлар 11,8 0,354
    Ақылы қызметтер 12,3 3,393
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 13,8 1,784
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 7,8 0,056
    тұрғын үйді жалға алу 7,9 0,228
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 8,7 0,217
    суық су 21,9 0,111
    ыстық су 23,2 0,089
    қоқыс шығару 29,6 0,085
    суды бұру 28,6 0,065
    электрэнергия 20,7 0,424
    газ 10,0 0,108
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    9,2 0,083
    сұйытылған 13,5 0,025
    орталықтан жылыту 26,7 0,260
    қатты отын 9,3 0,132
    домофон 6,0 0,009
    Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі 1,1%, ақылы қызметтерге – 0,7%, азық-түлік емес тауарларға – 0,5% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Қаңтар
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2019 0,5 1,3 0,3 -0,2
    2020 0,7 0,9 0,5 0,5
    2021 0,6 1,1 0,3 0,3
    2022 0,7 1,0 0,3 0,6
    2023 1,1 1,4 0,9 0,7
    2024 0,8 1,1 0,5 0,7
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ.Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749790
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749531
    E-mail: an.makizhanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші