Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    9,3%
    2024 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда баяулады және 9,3% құрады (2024 жылғы қаңтарда – 9,5%). Бір айда инфляция үдеп, 1,1% құрады (өткен айда – 0,8%).
    12,8%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 12,8% (2024 жылғы қаңтарда – 12,3%), азық-түлік емес тауарларға – 8,5% (2024 жылғы қаңтарда – 8,6%), азық-түлік тауарларға – 7,4% өсті (2024 жылғы қаңтарда – 8,2%).
    2022-2024 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2024 жылғы ақпан
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 33,9%, орталықтан жылытуға – 30,9%, суық суға – 30,8%, қоқыс шығаруға – 30,7%, ыстық суға – 29,4%, электр энергиясына 19,9% өсті.

    Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 21,5%, санаторийлер қызметтеріне – 16%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 13,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,1%, ұялы байланыс қызметтеріне 12,4% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 8,7%, қалааралық автобуспен 8,2% қымбаттады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру 4% арзандады.

    Баға деңгейі фармацевтикалық өнімдерге – 11,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, киім және аяқ киімге – 11%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 10,9%, ыдысқа – 9,2%, құрылыс материалдарына 6,9% өсті. Дизель отыны – 14,5%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 12,9% қымбаттады.

    Бағаның өсуі күрішке – 26%, жұмыртқаға – 18,3%, жаңа жиналған жемістерге – 17,2%, минералды және ауыз суға – 16,9%, салқындатылған сусындарға – 16,6%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 14,4%, жеміс және көкөніс шырындарға – 12,5%, сары майға – 12,2%, пастерленген сүтке – 11,3%, консервіленген сүтке – 11,2%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдерге – 11%, майлылығы 2,5% айранға – 10,9%, макарон өнімдері және қамырдан жасалған өнімдерге – 10,4%, балық және теңіз өнімдерге 10,1% тіркелді. Бағаның төмендеуі басты пиязға – 42,5%, қарақұмық жармасына – 24,3%, күнбағыс майына – 21,2%, құмшекерге – 14,8%, картопқа 12% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы ақпанда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (11,5%), Шығыс Қазақстан (10,2%) және Маңғыстау (10%) облыстарында.

    Өңірлердегі ақпан айындағы жылдық инфляция, %
    2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 9,3 21,3 8,7
    Абай 9,4 20,7 ...
    Ақмола 9,4 22,4 9,3
    Ақтөбе 8,6 21,5 9,0
    Алматы 7,1 19,3 8,4
    Атырау 9,9 20,3 8,5
    Батыс Қазақстан 8,8 20,9 8,7
    Жамбыл 8,9 20,8 8,1
    Жетісу 9,7 21,1 ...
    Қарағанды 11,5 21,3 9,2
    Қостанай 8,4 21,7 8,5
    Қызылорда 8,4 20,8 8,3
    Маңғыстау 10,0 25,1 8,7
    Павлодар 8,4 21,7 8,5
    Солтүстік Қазақстан 9,5 22,1 8,5
    Түркістан 8,8 21,5 9,2
    Ұлытау 9,0 21,6 ...
    Шығыс Қазақстан 10,2 20,9 9,2
    Астана қаласы 9,5 23,5 8,9
    Алматы қаласы 9,9 20,7 8,5
    Шымкент қаласы 8,9 20,8 8,5
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,8 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2023 жылғы ақпанмен 2024 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі
    2024 жылғы ақпан

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 9,4%, ет және ет өнімдеріне 6,5% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,8 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 18,3%, алкоголсіз сусындар 10,7% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (10%), жемістер мен көкөністер (6,2%) – 0,4 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 14,4% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,9 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы ақпанда орталықтан жылыту өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда 30,9% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (19,9%) – 0,4 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7,9%), тұрғын үйді жалға алу (7,5%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    2024 жылғы ақпандағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 7,4 3,030
    Нан өнімдері мен жармалар 9,4 0,644
    Ет және ет өнімдері 6,5 0,778
    Сүт өнімдері 10,0 0,388
    Жұмыртқа 18,3 0,230
    Май және тоң май -4,3 -0,089
    Жемістер мен көкөністер 6,2 0,380
    Қант -14,2 -0,161
    Алкогольсіз сусындар 10,7 0,221
    Азық-түлік емес тауарлар 8,5 2,631
    Киім 10,3 0,660
    Аяқ киім 12,5 0,383
    Жуғыш заттар 1,2 0,021
    Бензин 13,6 0,320
    Жеке қолдану тауарлар 10,9 0,328
    Ақылы қызметтер 12,8 3,609
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 14,4 1,861
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 7,9 0,057
    тұрғын үйді жалға алу 7,5 0,216
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 7,9 0,201
    суық су 30,8 0,156
    ыстық су 29,4 0,113
    қоқыс шығару 30,7 0,088
    суды бұру 33,9 0,076
    электрэнергия 19,9 0,406
    газ 9,8 0,106
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    9,1 0,083
    сұйытылған 12,9 0,023
    орталықтан жылыту 30,9 0,300
    қатты отын 9,5 0,134
    домофон 5,6 0,008
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі 1,7%, азық-түлік тауарларға – 0,8%, азық-түлік емес тауарларға – 0,7% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Ақпан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2019 0,3 1,5 0,3 -1,3
    2020 0,6 0,9 0,5 0,5
    2021 0,7 1,1 0,4 0,3
    2022 0,8 1,2 0,5 0,6
    2023 1,3 1,5 0,8 1,3
    2024 1,1 0,8 0,7 1,7
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ж.Токбаева
    Тел. +7 7172 749790
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    E-mail: an.makizhanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші