Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    21,3%
    2023 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 21,3% құрады және 0,6% жылдамдады (2023 жылғы қаңтарда – 20,7%).
    26,2%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 26,2% (2023 жылғы қаңтарда – 25,7%), азық-түлік емес тауарларға – 20,5% (2023 жылғы қаңтарда – 20,2%), ақылы қызметтерге 15% (2023 жылғы қаңтарда – 14,2%) өсті.
    1,3%
    Инфляция бір айда 1,3% құрады, бұл соңғы 5 жылда инфляция деңгейінен жоғары.
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2023ж. ақпан
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда бағаның өсуі пиязға – 105%, қиярға – 56,8%, қантқа – 55%, консервіленген сүтке – 49,1%, күрішке – 44,9%, банандарға – 44,5%, макарон өнімдеріне – 41,1%, ұнға – 40,2%, сұлы жармасына, қаймаққа – 39,1%-дан, арпа жармасына – 38,9%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге– 36,7%, минералды суға – 36,6%, тұздалған майшабаққа 36,5% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 30,1% байқалды.

    Баға деңгейі кеңсе тауарларға – 71,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 53,9%, жеке қолданылатын тауарларға – 40,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 28,9%, құрылыс материалдарға – 25,5%, ыдысқа – 23%, тұрмыс құралдарына – 21,7%, киім және аяқ киімге 18,7% өсті. Дизель отыны 16,2% қымбаттады.

    Тұрғын үйді жалға алу 33,7% өсті. Баға қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 24,7%, кешенді демалу ұйымдарына – 22,9%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 19,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 18,5%, санаторийлер қызметтеріне 16,7%, білім беру қызметтеріне – 15,8%, қонақ үйлер қызметтеріне – 14,5% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігі қызметтері – 37,8%, темір жол көлігі қызметтері 26,6% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 22,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 19,9%, орталықтан жылытуға – 9,1%, электр энергиясына – 7,9%, ыстық суға 7,2% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (25,1%), Астана қаласында (23,5%), Ақмола облысында (22,4%), Солтүстік Қазақстан (22,1%), Қостанай, Павлодар (21,7%-дан), Ұлытау (21,6%), Туркістан және Ақтөбе (21,5%-дан) облыстарында қалыптасты.

    Өңірлерде ақпан айындағы жылдық инфляция, %
      2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 21,3 8,7 7,4
    Абай 20,7
    Ақмола 22,4 9,3 7,4
    Ақтөбе 21,5 9,0 7,4
    Алматы 19,3 8,4 7,2
    Атырау 20,3 8,5 7,3
    Батыс Қазақстан 20,9 8,7 7,2
    Жамбыл 20,8 8,1 7,1
    Жетісу 21,1
    Қарағанды 21,3 9,2 7,8
    Қостанай 21,7 8,5 7,2
    Қызылорда 20,8 8,3 7,3
    Маңғыстау 25,1 8,7 8,8
    Павлодар 21,7 8,5 7,6
    Солтүстік Қазақстан 22,1 8,5 7,3
    Түркістан 21,5 9,2 7,4
    Ұлытау 21,6
    Шығыс Қазақстан 20,9 9,2 7,4
    Астана қаласы 23,5 8,9 7,1
    Алматы қаласы 20,7 8,5 7,3
    Шымкент қаласы 20,8 8,5 7,1
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (10,5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2,2 пайыздық тармақ), әртүрлі тауарлар мен қызметтер (2 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім, үйге қажетті заттар (1,7 пайыздық тармақтан).

    2022 жылғы ақпанмен мен 2023 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі.
    2023ж. ақпан

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 34%, ет және ет өнімдеріне 16,8% жоғарылады және инфляцияға 2,4 және 2 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға, жемістер мен көкөністер 24,1% қымбаттауы 1,5 пайыздық тармаққа, сүт өнімдері (32,8%) – 1,2 пайыздық тармаққа, қант (55%) - 0,5 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 17,2% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 2,2 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы ақпанда тұрғын үйді жалға алу өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда 33,7% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,8 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (17,9%) – 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы ақпандағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 26,2 10,860
    Нан өнімдері мен жармалар 34,0 2,402
    Ет және ет өнімдері 16,8 2,022
    Сүт өнімдері 32,8 1,222
    Жұмыртқа 28,7 0,323
    Май және тоң май 22,7 0,515
    Жемістер мен көкөністер 24,1 1,489
    Қант 55,0 0,474
    Алкогольсіз сусындар 26,8 0,576
    Азық-түлік емес тауарлар 20,5 6,135
    Киім 17,8 1,132
    Аяқ киім 20,5 0,605
    Жуғыш заттар 53,9 0,815
    Бензин 0,0 -0,001
    Жеке қолдану тауарлар 40,5 1,190
    Ақылы қызметтер 15,0 4,253
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 17,2 2,215
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 19,9 0,181
    тұрғын үйді жалға алу 33,7 0,835
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 22,7 0,543
    суық су 3,5 0,019
    ысты су 7,2 0,028
    қоқыс шығару 22,8 0,065
    суды бұру 6,8 0,016
    электрэнергия 7,9 0,182
    Газ 0,9 0,012
       тарату желілері арқылы
       тасымалданатын газ
    0,6 0,007
       сұйытылған 2,0 0,005
    орталықтан жылыту 9,1 0,112
    қатты отын 12,4 0,209
    домофон 6,8 0,013
    Бір айда баға деңгейі азық-түлік тауарларға 1,5%, ақылы қызметтерге – 1,3%, азық-түлік емес тауарларға – 0,8% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Ақпан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,7 0,8 0,5 0,7
    2019 0,3 1,5 0,3 -1,3
    2020 0,6 0,9 0,5 0,5
    2021 0,7 1,1 0,4 0,3
    2022 0,8 1,2 0,5 0,6
    2023 1,3 1,5 0,8 1,3
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Д. Көбегенова
    Тел. +7 7172 749776
    E-mail: d.kobegenova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші