Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    9,1%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы наурызда баяулады, бір жылда 9,1% (2024 жылғы ақпанда – 9,3%), бір айда – 0,7% құрады (өткен айда – 1,1%).
    13,2%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,2% (2024 жылғы ақпанда – 12,8%), азық-түлік емес тауарларға – 8,2% (2024 жылғы ақпанда – 8,5%), азық-түлік тауарларға – 6,9% өсті (2024 жылғы ақпанда – 7,4%).
    2022-2024 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2024 жылғы наурыз
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы наурызбен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 42%, суық суға – 36,5%, орталықтан жылытуға – 33,2%, ыстық суға – 31,9%, қоқыс шығаруға – 30,7%, электр энергиясына 26,1% өсті.

    Баға санаторийлер қызметтеріне – 15,1%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 13,6%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12,7%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 12,6%, ұялы байланыс қызметтеріне – 12,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 11,6% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру – 16,8%, таксимен – 12,3%, қалалық автобуспен – 9,3%, қалааралық автобуспен – 6,7%, жолаушылар теміржол көлігімен 5% қымбаттады.

    Баға деңгейі отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 16,8%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 11,2%, киім және аяқ киімге – 10,9%, жеке қолданылатын тауарларға – 9,9%, ыдысқа – 7,5%, құрылыс материалдарына 6,6% өсті. Дизель отыны – 15,1%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 13% қымбаттады.

    Бағаның өсуі күрішке – 22,7%, жұмыртқаға – 19%, жаңа жиналған жемістерге – 17,9%, минералды және ауыз суға – 17%, салқындатылған сусындарға – 15,7%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 14,2%, жаңа ауланған балыққа – 12,8%, жеміс және көкөніс шырындарға – 12,2%, сары майға – 11,6%, пастерленген сүтке – 10,8%, консервіленген сүтке, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдерге – 10,2%-дан, майлылығы 2,5% айранға – 10,1% тіркелді. Бағаның төмендеуі басты пиязға – 45%, қарақұмық жармасына – 25,1%, күнбағыс майына – 24,6%, картопқа – 10,9%, құмшекерге 10,1% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы наурызда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,8%), Маңғыстау (10,1%) және Павлодар (9,8%) облыстарында.

    Өңірлердегі наурыз айындағы жылдық инфляция, %
    2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 9,1 18,1 12,0
    Абай 9,3 17,8 ...
    Ақмола 9,0 18,8 12,6
    Ақтөбе 8,8 17,7 12,9
    Алматы 6,5 16,7 11,7
    Атырау 9,2 18,3 10,7
    Батыс Қазақстан 8,6 18,5 10,7
    Жамбыл 8,5 17,2 11,8
    Жетісу 9,2 18,1 ...
    Қарағанды 10,8 18,5 12,0
    Қостанай 8,3 17,9 11,9
    Қызылорда 8,1 18,3 11,1
    Маңғыстау 10,1 21,7 11,9
    Павлодар 9,8 18,7 11,4
    Солтүстік Қазақстан 9,7 18,9 11,7
    Түркістан 8,0 17,8 12,9
    Ұлытау 9,0 18,3 ...
    Шығыс Қазақстан 9,7 18,7 12,0
    Астана қаласы 9,4 19,9 12,0
    Алматы қаласы 9,7 17,2 12,3
    Шымкент қаласы 9,1 16,6 12,4
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2,1 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2023 жылғы наурызбен 2024 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі
    2024 жылғы наурыз

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 8,9%, ет және ет өнімдеріне 6% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,7 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 19%, алкоголсіз сусындар 9,8% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (9,1%) – 0,4 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (5,4%) – 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 15,9% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2,1 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы наурызда орталықтан жылыту өткен жылғы наурызбен салыстырғанда 33,2% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (26,1%) – 0,5 пайыздық тармақ, суық су (36,5%), тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7,6%), тұрғын үйді жалға алу (7,3%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    2024 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 6,9 2,814
    Нан өнімдері мен жармалар 8,9 0,603
    Ет және ет өнімдері 6,0 0,713
    Сүт өнімдері 9,1 0,354
    Жұмыртқа 19,0 0,238
    Май және тоң май -5,9 -0,132
    Жемістер мен көкөністер 5,4 0,332
    Қант -9,7 -0,111
    Алкогольсіз сусындар 9,8 0,202
    Азық-түлік емес тауарлар 8,2 2,532
    Киім 10,3 0,662
    Аяқ киім 12,2 0,375
    Жуғыш заттар 0,1 0,004
    Бензин 13,6 0,319
    Жеке қолдану тауарлар 9,9 0,299
    Ақылы қызметтер 13,2 3,707
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 15,9 2,061
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 8,8 0,064
    тұрғын үйді жалға алу 7,3 0,211
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 7,6 0,193
    суық су 36,5 0,185
    ыстық су 31,9 0,123
    қоқыс шығару 30,7 0,088
    суды бұру 42,0 0,095
    электрэнергия 26,1 0,534
    газ 9,8 0,107
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    9,1 0,083
    сұйытылған 13,0 0,024
    орталықтан жылыту 33,2 0,323
    қатты отын 9,2 0,130
    домофон 5,6 0,008
    Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі 1,1%, азық-түлік тауарларға – 0,6%, азық-түлік емес тауарларға – 0,5% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Наурыз
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2019 0,5 1,0 0,3 0,2
    2020 0,9 1,7 0,4 0,5
    2021 0,6 0,8 0,7 0,2
    2022 3,7 5,8 2,8 1,4
    2023 0,9 1,1 0,8 0,8
    2024 0,7 0,6 0,5 1,1
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    E-mail: an.makizhanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші