Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    19,6%
    2022 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 19,6% құрады және 0,8% жылдамдады (2022 жылғы қазанда – 18,8%)
    24,1%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 24,1% (қазанда – 23,1%), азық-түлік емес тауарларға – 18,6% (қазанда – 17,9%), ақылы қызметтерге 14,1% (қазанда – 13,5%) өсті
    1,4%
    Инфляция бір айда 1,4% құрады, бұл соңғы 5 жылда инфляция деңгейінен жоғары
    1-сурет. 2020-2022 жылдардағы Қазақстан Республикасы бойынша жылдық инфляция.
    2022ж. қараша
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы қарашамен салыстырғанда бағаның өсуі қантқа – 70,6%, өрікке – 65,4%, банандарға – 45,8%, ұнға – 43,7%, макарон өнімдеріне, консервіленген сүтке – 42,2%-дан, қарақұмық жармаға – 38,2%, қаймаққа – 36,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне 34,3% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа – 16,5%, сәбізге – 4,6%, қызылшаға 1,3% байқалды.

    Баға деңгейі кеңсе тауарларға – 67,9%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 43,3%, жеке қолданылатын тауарларға – 36,5%, тұрмыс құралдарына – 26,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 25,1%, құрылыс материалдарға – 23,7%, киім және аяқ киімге 17,1% өсті. Дизель отыны 11,7% қымбаттады, ал баллондағы сұйытылған газ 21,2% арзандады.

    Баға кешенді демалу ұйымдарына – 26,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 23,4%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 17,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 17,2%, санаторийлер қызметтеріне 16,7% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігі қызметтері – 26,9%, темір жол көлігі қызметтері 19,3% қымбаттады.

    Тұрғын үйді күтіп ұстауға тарифтер төлемі – 17,2%, қоқыс шығаруға – 17%, электр энергияға 8,1% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2022 жылғы қарашада жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (23,8%), Астана қаласында (22,6%), Ақмола (21%), Ұлытау (20,3%), Қарағанды (20,2%) облыстарында қалыптасты.

    1-кесте. Өңірлерде қараша айындағы жылдық инфляция, %
    2022 2021 2020
    Қазақстан Республикасы 19,6 8,7 7,3
    Абай 19,5
    Ақмола 21,0 9,0 7,3
    Ақтөбе 19,2 8,8 7,0
    Алматы 17,8 8,4 7,1
    Атыра 19,0 8,5 7,4
    Батыс Қазақстан 18,8 8,8 7,1
    Жамбыл 18,0 8,8 6,9
    Жетісу 19,2
    Қарағанды 20,2 8,9 7,4
    Қостанай 18,8 8,5 7,1
    Қызылорда 19,1 8,5 7,3
    Маңғыстау 23,8 9,4 7,5
    Павлодар 19,1 8,8 7,7
    Солтүстік Қазақстан 19,6 8,8 7,1
    Түркістан 19,0 9,0 7,8
    Ұлытау 20,3
    Шығыс Қазақстан 19,3 9,2 7,2
    Астана қаласы 22,6 8,6 7,6
    Алматы қаласы 19,5 8,6 7,0
    Шымкент қаласы 19,5 8,3 7,2

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (9,5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2,3 пайыздық тармақ), әртүрлі тауарлар мен қызметтер (1,8 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,7 пайыздық тармақ).

    2-сурет. 2021 жылғы қараша мен 2022 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі.
    2022ж. қараша

    Бір жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 32,8%, ет және ет өнімдеріне 16,1% жоғарылады және инфляцияға 2,2 және 1,7 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. 2022 жылғы қарашадағы жылдық инфляцияға, сүт өнімдері 30% қымбаттауы 1,3 пайыздық тармаққа, жемістер мен көкөністерге (17,4%) – 1,1 пайыздық тармаққа, қант (70,6%) - 0,7 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 16% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 2,3 пайыздық тармақты құрады. 2022 жылғы қарашада тұрғын үйді жалдау өткен жылдың қарашамен салыстырғанда 42,3% жоғары болды және жылдық инфляцияға 1,2 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    2-кесте. 2022 жылғы қарашадағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 24,14 9,904
    Нан өнімдері мен жармалар 32,79 2,215
    Ет және ет өнімдері 16,10 1,725
    Сүт өнімдері 29,98 1,248
    Жұмыртқа 19,98 0,178
    Май және тоң май 21,18 0,494
    Жемістер мен көкөністер 17,43 1,128
    Қант 70,57 0,655
    Алкогольсіз сусындар 24,77 0,558
    Азық-түлік емес тауарлар 18,63 5,729
    Киім 16,40 1,119
    Аяқ киім 18,58 0,607
    Жуғыш заттар 43,30 0,577
    Бензин 0,61 0,016
    Жеке қолдану тауарлар 36,52 1,179
    Ақылы қызметтер 14,08 3,955
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 15,99 2,263
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 17,23 0,169
    тұрғын үйді жалдау 42,27 1,181
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 20,61 0,519
    суық су 1,23 0,007
    ысты су 0,48 0,002
    қоқыс шығару 16,96 0,047
    суды бұру 2,90 0,006
    электрэнергия 8,06 0,195
    Газ -5,53 -0,060
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    -0,01 0,000
    сұйытылған -21,19 -0,060
    орталықтан жылыту 1,09 0,014
    қатты отын 10,21 0,176
    домофон 4,01 0,007
    Бір айда баға деңгейі азық-түлік тауарларға 1,8%, азық-түлік емес тауарларға – 1,6%, ақылы қызметтерге – 0,8% өсті.
    3-кесте. Бір айдағы инфляция, %
    Қараша
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2017 0,9 0,8 0,8 1,0
    2018 0,9 1,1 0,8 0,7
    2019 0,7 1,2 0,5 0,5
    2020 0,9 1,3 0,6 0,8
    2021 0,7 0,9 1,0 0,3
    2022 1,4 1,8 1,6 0,8
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    - осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;

    - халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Ш. Әшірбеков
    Тел. +7 7172 749531
    E-mail: chi.ashirbekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші