Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    14,6%
    2023 жылғы маусымда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 14,6% құрады және 1,3% баяулады (2023 жылғы мамырда – 15,9%).
    14,6%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 14,6% (2023 жылғы мамырда – 16,5%), азық-түлік емес тауарларға – 15,8% (2023 жылғы мамырда – 17,2%), ақылы қызметтерге 13,3% (2023 жылғы мамырда – 13,5%) өсті.
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция.
    2023ж. маусым
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы маусыммен салыстырғанда бағаның өсуі күрішке – 47,6%, қиярға – 33,4%, шақпақ қантқа – 32,2%, минералды суға – 29,1%, сұлы жармасына – 24,3%, макарон өнімдеріне – 24,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 24%, жұмыртқаға – 23,1%, қаймаққа – 23%, майлылығы 2,5% айранға – 22,6%, ұнтақ жармаға – 22,5%, пастерленген сүтке – 21,6%, пиязға – 18,7%, сары майға – 16,6%, қара бидай-бидай нанына 15,6% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 13,8%, құмшекерге – 11,5%, сәбізге – 9,5%, картопқа – 9,1% байқалды.

    Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 67,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 36,2%, жеке қолданылатын тауарларға – 24,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 20,3%, ыдысқа – 18%, киім және аяқ киімге – 15,7%, құрылыс материалдарына 13,5% өсті. Дизель отыны 36,1% қымбаттады.

    Тұрғын үйді жалға алу құны 25,4% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 24,3%, санаторийлер қызметтеріне – 20%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 16,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 15,1%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,8%, білім беру қызметтеріне – 14%, қонақ үйлер қызметтеріне 12,6% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері – 26,5%, әуе көлігі қызметтері 22% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 31%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 21,4%, орталықтан жылытуға – 10,1%, электр энергиясына – 8,6%, ыстық суға 5,3% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы маусымда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Ұлытау (15,9%-дан), Ақмола облысы, Астана қаласында (15,8%-дан), Маңғыстау облысында (15,6%), Шығыс Қазақстан (15,3%), Павлодар (15%), Абай, Жетісу, Қостанай облыстарында (14,7%-дан) қалыптасты.

    Өңірлерде маусым айындағы жылдық инфляция, %
    2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 14,6 14,5 7,9
    Абай 14,7 14,3
    Ақмола 15,8 15,3 8,1
    Ақтөбе 14,4 14,5 8,6
    Алматы 13,0 14,3 7,7
    Атырау 13,7 14,1 8,8
    Батыс Қазақстан 14,6 14,4 7,8
    Жамбыл 14,5 13,7 7,7
    Жетісу 14,7 15,0
    Қарағанды 14,0 15,5 8,3
    Қостанай 14,7 14,2 8,1
    Қызылорда 14,5 14,1 7,8
    Маңғыстау 15,6 17,0 8,9
    Павлодар 15,0 13,8 8,3
    Солтүстік Қазақстан 15,9 14,2 7,9
    Түркістан 14,4 15,7 8,1
    Ұлытау 15,9 15,3
    Шығыс Қазақстан 15,3 14,3 8,3
    Астана қаласы 15,8 14,6 7,3
    Алматы қаласы 14,4 14,2 7,4
    Шымкент қаласы 14,1 13,9 7,9
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,4 пайыздық тармақ), әртүрлі тауарлар мен қызметтер (1,3 пайыздық тармақ).

    2022 жылғы маусым мен 2023 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі.
    2023ж. маусым

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 21,1%, ет және ет өнімдеріне 12,4% жоғарылады және инфляцияға 1,5 пайыздық тармақтан негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері 21,9% қымбаттауы 0,8 пайыздық тармаққа, алкоголсіз сусындар (19,4%), жемістер мен көкөністер (6,5%) – 0,4 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 14,6% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 1,9 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы маусымда тұрғын үйді жалға алу өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 25,4% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,6 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (12,8%) – 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 14,6 6,288
    Нан өнімдері мен жармалар 21,1 1,504
    Ет және ет өнімдері 12,4 1,487
    Сүт өнімдері 21,9 0,817
    Жұмыртқа 23,1 0,260
    Май және тоң май 8,4 0,189
    Жемістер мен көкөністер 6,5 0,394
    Қант -10,0 -0,083
    Алкогольсіз сусындар 19,4 0,417
    Азық-түлік емес тауарлар 15,8 4,595
    Киім 15,0 0,939
    Аяқ киім 17,0 0,505
    Жуғыш заттар 36,2 0,549
    Бензин 12,0 0,282
    Жеке қолдану тауарлар 24,6 0,718
    Ақылы қызметтер 13,3 3,693
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 14,6 1,875
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 21,4 0,194
    тұрғын үйді жалға алу 25,4 0,628
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 12,8 0,307
    суық су 5,0 0,027
    ыстық су 5,3 0,021
    қоқыс шығару 31,0 0,088
    суды бұру 9,2 0,021
    электрэнергия 8,6 0,198
    Газ 3,5 0,043
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    2,4 0,024
    сұйытылған 8,1 0,019
    орталықтан жылыту 10,1 0,124
    қатты отын 12,5 0,211
    домофон 6,9 0,013
    Бір айда баға деңгейі азық-түлік тауарларға 0,2%, ақылы қызметтерге – 0,6%, азық-түлік емес тауарларға – 0,7% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Маусым
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,2 -0,1 0,4 0,3
    2019 0,2 0,2 0,4 0,2
    2020 0,4 0,5 0,5 0,2
    2021 1,1 1,7 0,8 0,7
    2022 1,6 1,9 1,9 0,8
    2023 0,5 0,2 0,7 0,6
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Д. Көбегенова
    Тел. +7 7172 749776
    E-mail: d.kobegenova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші