Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    20,7%
    2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 20,7% құрады және 0,4% жылдамдады (2022 жылғы желтоқсанда – 20,3%)
    25,7%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 25,7% (2022 жылғы желтоқсанда – 25,3%), азық-түлік емес тауарларға – 20,2% (2022 жылғы желтоқсанда – 19,4%), ақылы қызметтерге 14,2% (2022 жылғы желтоқсанда – 14,1%) өсті
    1,1%
    Инфляция бір айда 1,1% құрады, бұл соңғы 5 жылда инфляция деңгейінен жоғары
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция
    2023ж. қаңтар
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда бағаның өсуі пиязға – 62,4%, қантқа – 60,9%, қиярға – 55,6%, консервіленген сүтке – 46,4%, банандарға – 45,2%, ұнға – 42,8%, макарон өнімдеріне – 42,3%, арпа жармаға – 41%, күрішке – 39,6%, қаймаққа – 38%, тұздалған майшабақ – 38,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне 36,2% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 26,5% байқалды.

    Баға деңгейі кеңсе тауарларға – 71,4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 51,5%, жеке қолданылатын тауарларға – 40%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 29,1%, құрылыс материалдарға – 25,7%,  тұрмыс құралдарына – 22,6%, киім және аяқ киімге 18,2% өсті. Дизель отыны 15,7% қымбаттады.

    Тұрғын үйді жалға алу 35,2% өсті. Баға қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне– 25,1%, кешенді демалу ұйымдарына – 24,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 19,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 18%, санаторийлер қызметтеріне 16,7%, қонақ үйлер қызметтеріне – 15% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері – 24%, әуе көлігі қызметтері 21,3% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 22,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 18,2%, электр энергияға 7,2% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (24,1%), Астана қаласында (23,8%), Ақмола (21,8%), Солтүстік Қазақстан (21,7%), Туркістан (21,1%), Абай(21%), Ұлытау, Қызылорда (20,9%-дан), Шығыс Қазақстан (20,8%) облыстарында қалыптасты.

    Өңірлерде қаңтар айындағы жылдық инфляция, %
      2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 20,7 8,5 7,4
    Абай 21,0
    Ақмола 21,8 9,3 7,4
    Ақтөбе 20,7 9,2 7,1
    Алматы 18,0 8,2 7,2
    Атыра 19,9 8,7 7,3
    Батыс Қазақстан 20,6 8,6 7,2
    Жамбыл 20,2 8,1 7,2
    Жетісу 20,5
    Қарағанды 20,6 8,7 7,8
    Қостанай 20,7 8,4 7,1
    Қызылорда 20,9 8 7,3
    Маңғыстау 24,1 8,7 8,7
    Павлодар 20,6 8,5 7,7
    Солтүстік Қазақстан 21,7 8,3 7,4
    Түркістан 21,1 8,4 7,2
    Ұлытау 20,9
    Шығыс Қазақстан 20,8 8,8 7,5
    Астана қаласы 23,8 8,3 7,8
    Алматы қаласы 20,2 8,6 7,1
    Шымкент қаласы 20,4 8,5 6,7

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (10,2 пайыздық тармақ), әртүрлі тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй қызметтері (2 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім, үйге қажетті заттар (1,7 пайыздық тармақ).

    2022 жылғы қаңтармен мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі
    2023ж. қаңтар

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 34,1%, ет және ет өнімдеріне 16,9% жоғарылады және инфляцияға 2,4 және 2 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға, жемістер мен көкөністер 21,2% қымбаттауы 1,3 пайыздық тармаққа, сүт өнімдері (32,4%) – 1,2 пайыздық тармаққа, қант (60,9%) - 0,5 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 15,8% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 2 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы қантарда тұрғын үйді жалға алу өткен жылдың қаңтармен салыстырғанда 35,2% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,9 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (22,3%) – 0,5 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 25,7 10,641
    Нан өнімдері мен жармалар 34,1 2,408
    Ет және ет өнімдері 16,9 2,035
    Сүт өнімдері 32,4 1,207
    Жұмыртқа 25,8 0,290
    Май және тоң май 22,4 0,508
    Жемістер мен көкөністер 21,2 1,283
    Қант 60,9 0,526
    Алкогольсіз сусындар 26,9 0,578
    Азық-түлік емес тауарлар 20,2 6,056
    Киім 17,4 1,106
    Аяқ киім 19,9 0,588
    Жуғыш заттар 51,5 0,780
    Бензин -0,1 -0,003
    Жеке қолдану тауарлар 40,0 1,178
    Ақылы қызметтер 14,2 4,047
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 15,8 2,045
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 18,2 0,166
    тұрғын үйді жалға алу 35,2 0,872
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 22,3 0,536
    суық су 1,9 0,010
    ысты су 0,5 0,002
    қоқыс шығару 22,8 0,065
    суды бұру 2,8 0,006
    электрэнергия 7,2 0,166
    Газ -0,1 -0,001
       тарату желілері арқылы
       тасымалданатын газ
    0,0 0,000
       сұйытылған -0,4 -0,001
    орталықтан жылыту 1,4 0,018
    қатты отын 11,5 0,195
    домофон 5,4 0,010
    Бір айда баға деңгейі азық-түлік тауарларға 1,4%, азық-түлік емес тауарларға – 0,9%, ақылы қызметтерге – 0,7% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
      Қаңтар
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2017 0,6 0,6 0,3 0,8
    2018 0,5 1,3 0,3 -0,2
    2019 0,7 0,9 0,5 0,5
    2020 0,6 1,1 0,3 0,3
    2021 0,7 1,0 0,3 0,6
    2022 1,1 1,4 0,9 0,7
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Ш. Әшірбеков
    Тел. +7 7172 749531
    E-mail: chi.ashirbekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші