Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    15,9%
    2023 жылғы мамырда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 15,9% құрады және 0,9% баяулады (2023 жылғы сәуірде – 16,8%)
    16,5%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 16,5% (2023 жылғы сәуірде – 17,9%), азық-түлік емес тауарларға – 17,2% (2023 жылғы сәуірде – 18,2%), ақылы қызметтерге 13,5% (2023 жылғы сәуірде – 13,7%) өсті
    Қазақстан Республикасындағы инфляция
    2023ж. мамыр
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда бағаның өсуі қиярға – 53,4%, күрішке – 44,9%, шақпақ қантқа – 42,7%, консервіленген сүтке – 42,6%, пиязға – 31,9%, қызанаққа – 30,4%, жұмыртқаға – 29,3%, минералды суға – 28,5%, макарон өнімдеріне – 27,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 27,4%, сұлы жармасына – 26,9%, ұнтақ жармаға – 24,5%, қаймаққа – 24,3%, майлылығы 2,5% айранға – 23,7%, пастерленген сүтке 23,2% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа, сәбізге 19,1%-дан байқалды.

    Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 67,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 40,5%, жеке қолданылатын тауарларға – 27,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 24,6%, ыдысқа – 19,5%, киім және аяқ киімге – 16,4%, құрылыс материалдарына 15,7% өсті. Дизель отыны 35,8% қымбаттады.

    Тұрғын үйді жалға алу 25,7% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 21%, санаторийлер қызметтеріне – 16,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,7%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 16,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 16%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15,8%, білім беру қызметтеріне – 14,1%, қонақ үйлер қызметтеріне 12,9% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігі қызметтері – 28,9%, темір жол көлігі қызметтері 28,6% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 29,5%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 19,9%, орталықтан жылытуға – 10%, электр энергиясына – 8,6%, ыстық суға 6,4% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы мамырда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Ақмола, Маңғыстау облыстарында (17,6%-дан), Солтүстік Қазақстан (17,3%), Жетісу (16,7%), Астана қаласында (16,6%), Ұлытау облысында (16,5%), Ақтөбе, Павлодар (16,2%-дан), Батыс Қазақстан, Қостанай, Кызылорда (16,1%-дан), Шығыс Қазақстан (16%) облыстарында қалыптасты.

    Өңірлерде мамыр айындағы жылдық инфляция, %
    2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 15,9 14,0 7,2
    Абай 15,7
    Ақмола 17,6 13,9 7,7
    Ақтөбе 16,2 13,9 8,1
    Алматы 14,8 13,4 7,2
    Атырау 15,9 13,1 7,8
    Батыс Қазақстан 16,1 13,5 7,2
    Жамбыл 15,6 13,1 7,4
    Жетісу 16,7
    Қарағанды 15,4 14,8 7,8
    Қостанай 16,1 13,5 7,0
    Қызылорда 16,1 13,1 7,5
    Маңғыстау 17,6 15,2 8,3
    Павлодар 16,2 13,6 7,3
    Солтүстік Қазақстан 17,3 13,4 7,1
    Түркістан 15,3 15,4 7,3
    Ұлытау 16,5
    Шығыс Қазақстан 16,0 14,5 7,3
    Астана қаласы 16,6 14,4 6,4
    Алматы қаласы 15,3 13,9 6,7
    Шымкент қаласы 15,6 13,6 6,8
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (6,8 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,5 пайыздық тармақ), әртүрлі тауарлар мен қызметтер (1,4 пайыздық тармақ).

    2022 жылғы мамыр мен 2023 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі
    2023ж. мамыр

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 23,4%, ет және ет өнімдеріне 13% жоғарылады және инфляцияға 1,7 және 1,6 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері 23,6% қымбаттауы 0,9 пайыздық тармаққа, жемістер мен көкөністер (7,6%) – 0,5 пайыздық тармаққа, алкоголсіз сусындар (21,1%) - 0,5 пайыздық тармаққа үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 14,9% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 1,9 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы мамырда тұрғын үйді жалға алу өткен жылғы мамырмен салыстырғанда 25,7% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,6 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (14,4%) – 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы мамырдағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 16,5 7,122
    Нан өнімдері мен жармалар 23,4 1,67
    Ет және ет өнімдері 13,0 1,55
    Сүт өнімдері 23,6 0,876
    Жұмыртқа 29,3 0,329
    Май және тоң май 12,2 0,275
    Жемістер мен көкөністер 7,6 0,547
    Қант 1,0 0,011
    Алкогольсіз сусындар 21,1 0,451
    Азық-түлік емес тауарлар 17,2 4,997
    Киім 15,6 0,972
    Аяқ киім 18,1 0,536
    Жуғыш заттар 40,5 0,612
    Бензин 11,5 0,269
    Жеке қолдану тауарлар 27,8 0,812
    Ақылы қызметтер 13,5 3,744
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 14,9 1,900
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 19,9 0,181
    тұрғын үйді жалға алу 25,7 0,634
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 14,4 0,344
    суық су 4,4 0,023
    ыстық су 6,4 0,025
    қоқыс шығару 29,5 0,084
    суды бұру 7,7 0,018
    электрэнергия 8,6 0,198
    Газ 3,1 0,038
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    2,4 0,024
    сұйытылған 5,9 0,014
    орталықтан жылыту 10,0 0,124
    қатты отын 13,0 0,218
    домофон 7,1 0,013
    Бір айда баға деңгейі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 0,5%-дан, ақылы қызметтерге – 0,7% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Мамыр
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,2 0,1 0,4 0,2
    2019 0,6 0,9 0,5 0,2
    2020 0,5 1,2 0,4 -0,3
    2021 0,7 0,8 0,6 0,7
    2022 1,4 1,7 1,4 0,8
    2023 0,6 0,5 0,5 0,7
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    Д. Көбегенова
    Тел. +7 7172 749776
    E-mail: d.kobegenova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші