Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    13,1%
    2023 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда баяулады және 13,1% құрады (2023 жылғы шілдеде – 14%), бір айда – 0,7% (өткен айда – 0,6%).
    12,4%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 12,4% (2023 жылғы шілдеде – 13,5%), азық-түлік емес тауарларға – 13,5% (2023 жылғы шілдеде – 15%), ақылы қызметтерге 13,9% (2023 жылғы шілдеде – 13,6%) өсті.
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция.
     2023ж. тамыз
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы тамызбен салыстырғанда бағаның өсуі қырыққабатқа 67,2%, күрішке – 42,6%, консервіленген сүтке – 31,8%, газдалмаған сусындарға – 26,6%, жүзімге – 22,5%, апельсинге – 21,6%, минералды суға – 21,5%, майлылығы 2,5% айранға – 20,6%, пастерленген сүтке – 19,8%, қаймаққа, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 19,6%-дан, жұмыртқаға – 18,7%, макарон өнімдеріне – 17,3%, сары майға – 16,2%, ұнтақ жармаға 15,3% белгіленді. Бағаның төмендеуі құмшекерге – 21,3%, қарақұмық жармасына – 14%, сарымсаққа – 17,8%, басты пиязға – 10,8%, күнбағыс майына 9,2% байқалды.

    Баға деңгейі жуғыш және тазалағыш құралдарға – 28,3%, жеке қолданылатын тауарларға – 19,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 19,2%, ыдысқа – 16,2%, құрылыс материалдарына – 14,5%, оқушылар сөмкесіне – 14,4%, киім және аяқ киімге 14,1% өсті. Дизель отыны – 35,1%, сұйытылған газ баллондағы – 14,5%, бензин 13,3% қымбаттады.

    Тұрғын үйді жалға алу құны 18,6% өсті. Баға демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 18,2%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 17,6%, санаторийлер қызметтеріне – 17,2%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 16,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 14,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 13,1%, білім беру қызметтеріне – 12,2%, қонақ үйлер қызметтеріне 11,6% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігі қызметтері – 10,3%, темір жол көлігі қызметтері 8,5% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 36,1%, су бұруға – 25,9%, электр энергиясына – 16,4%, суық суға – 16,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 15,4%, ыстық суға –14%, орталықтан жылытуға 10,1% өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы тамызда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Ақмолада(14,1%), Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласында (13,9%-дан), Алматы қаласында (13,7%), Қарағанды облысында (13,5%), Жамбыл және Қызылордада (13,3%-дан), Жетісу облысында (13,2%) қалыптасты.

    Өңірлерде тамыз айындағы жылдық инфляция, %
      2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 13,1 16,1 8,7
    Абай 12,4 16,9
    Ақмола 14,1 17,8 8,7
    Ақтөбе 12,5 16,1 9,2
    Алматы 12,3 13,6 8,7
    Атырау 11,0 16,5 9,1
    Батыс Қазақстан 12,6 16,0 8,2
    Жамбыл 13,3 14,8 8,7
    Жетісу 13,2 16,2
    Қарағанды 13,5 16,6 8,9
    Қостанай 12,8 15,9 8,6
    Қызылорда 13,3 15,5 8,2
    Маңғыстау 13,1 19,3 9,7
    Павлодар 12,3 15,9 9,2
    Солтүстік Қазақстан 13,9 16,3 8,2
    Түркістан 13,1 16,0 9,5
    Ұлытау 12,7 18,6
    Шығыс Қазақстан 12,9 16,8 8,7
    Астана қаласы 13,9 17,3 8,5
    Алматы қаласы 13,7 15,9 8,2
    Шымкент қаласы 12,3 15,5 8,6
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан - азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,3 пайыздық тармақ).

    2022 жылғы тамызбен 2023 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі.
     2023ж. тамыз

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 16%, ет және ет өнімдеріне 10,1% жоғарылады және инфляцияға 1,2 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері 18,4% қымбаттауы 0,7 пайыздық тармаққа, жемістер мен көкөністер (11,8%) – 0,6 пайыздық тармаққа, алкоголсіз сусындар (16,3%) – 0,4 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 15,3% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 2 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы тамызда тұрғын үйді жалға алу өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 18,6% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,5 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (11%) – 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

    2023 жылғы тамыздағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 12,4 5,322
    Нан өнімдері мен жармалар 16,0 1,157
    Ет және ет өнімдері 10,1 1,231
    Сүт өнімдері 18,4 0,693
    Жұмыртқа 18,7 0,212
    Май және тоң май 3,5 0,080
    Жемістер мен көкөністер 11,8 0,629
    Қант -20,0 -0,172
    Алкогольсіз сусындар 16,3 0,353
    Азық-түлік емес тауарлар 13,5 3,972
    Киім 13,3 0,844
    Аяқ киім 15,8 0,475
    Жуғыш заттар 28,3 0,438
    Бензин 13,3 0,317
    Жеке қолдану тауарлар 19,9 0,587
    Ақылы қызметтер 13,9 3,842
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 15,3 2,008
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 15,4 0,141
    тұрғын үйді жалға алу 18,6 0,464
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 11,0 0,267
    суық су 16,1 0,086
    ыстық су 14,0 0,055
    қоқыс шығару 36,1 0,104
    суды бұру 25,9 0,060
    электрэнергия 16,4 0,379
    Газ 9,3 0,116
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    8,0 0,082
    сұйытылған 14,5 0,034
    орталықтан жылыту 10,1 0,125
    қатты отын 11,8 0,200
    домофон 6,0 0,011
    Бір айда баға деңгейі ақылы қызметтерге – 1,9%, азық-түлік емес тауарларға – 0,5% өсті, ал азық-түлік тауарларға өзгеріссіз қалды.
    Бір айдағы инфляция, %
      Тамыз
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,2 -0,2 0,6 0,2
    2019 0,2 0,1 0,4 0,1
    2020 0,1 -0,2 0,5 0,3
    2021 0,5 0,1 0,6 0,8
    2022 1,4 1,0 1,8 1,6
    2023 0,7 0,0 0,5 1,9
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Ж.Тоқбаева
    Тел. +7 7172 749790
    Орындаушы:
    Т.Кереева
    Тел. +7 7172 749536
    E-mail: t.kereeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші