Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    11,8%
    2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда баяулады және 11,8% құрады (2023 жылғы тамызда – 13,1%), бір айда – 0,6% (өткен айда – 0,7%).
    11,4%
    Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 11,4% (2023 жылғы тамызда – 12,4%), азық-түлік емес тауарларға – 12,1% (2023 жылғы тамызда – 13,5%), ақылы қызметтерге 11,9% (2023 жылғы тамызда – 13,9%) өсті.
    2021-2023 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция.
    2023ж. қыркүйек
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда бағаның өсуі қырыққабатқа 74,3%, күрішке – 41,3%, жүзімге – 37,9%, апельсинге – 32,8%, консервіленген сүтке – 26,4%, газдалмаған сусындарға – 23,9%, сәбізге – 23,4%, минералды суға – 20,8%, пастерленген сүтке – 18,2%, майлылығы 2,5% айранға – 17,5%, қаймаққа – 16,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 15,9%, сары майға – 14,8%, жұмыртқаға – 13,6%, макарон өнімдеріне – 12,6%, шайға – 11,5% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 18,3%, құмшекерге – 18,1%, сарымсаққа – 15,9%, күнбағыс майына 14,8% байқалды.

    Баға деңгейі жуғыш және тазалағыш құралдарға – 20,3%, жеке қолданылатын тауарларға – 18,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 15,8%, ыдысқа – 15,3%, киім және аяқ киімге – 13,3%, құрылыс материалдарына 9,4% өсті. Дизель отыны – 34,4%, бензин – 13,4%, сұйытылған газ баллондағы 13,1% қымбаттады.

    Баға демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 16,5%-дан, санаторийлер қызметтеріне – 15,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,8%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 12,6%, қонақ үйлер қызметтеріне – 11,6%, білім беру қызметтеріне 10,2% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері – 10,5%, әуе көлігі қызметтері 6,8% қымбаттады.

    Тарифтер қоқыс шығаруға – 34,9%, су бұруға – 23,5%, ыстық суға – 16,9%, электр энергиясына, суық суға – 15,2%-дан, тұрғын үйді күтіп ұстауға, орталықтан жылытуға 10,1%-дан өсті.

    Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы қыркүйекте жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Ақмолада (13,2%), Жетісуда (12,7%), Солтүстік Қазақстан облысында (12,6%) қалыптасты.

    Өңірлерде қыркүйек айындағы жылдық инфляция, %
    2023 2022 2021
    Қазақстан Республикасы 11,8 17,7 8,9
    Абай 10,7 18,8
    Ақмола 13,2 19,2 8,8
    Ақтөбе 11,6 17,2 9,3
    Алматы 10,4 15,8 8,5
    Атырау 10,8 17,1 9,4
    Батыс Қазақстан 11,4 17,0 8,7
    Жамбыл 12,3 15,8 9,0
    Жетісу 12,7 17,5
    Қарағанды 12,3 18,4 9,4
    Қостанай 10,8 18,4 8,7
    Қызылорда 12,3 16,6 8,8
    Маңғыстау 10,9 21,7 9,8
    Павлодар 11,4 17,2 8,8
    Солтүстік Қазақстан 12,6 18,0 8,4
    Түркістан 11,8 17,6 9,2
    Ұлытау 11,7 19,6
    Шығыс Қазақстан 11,4 18,8 8,7
    Астана қаласы 11,6 20,0 8,6
    Алматы қаласы 12,4 17,3 8,7
    Шымкент қаласы 11,0 16,5 8,8
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан - азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4,5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,6 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,2 пайыздық тармақ).

    2022 жылғы қыркүйекпен 2023 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасындағы инфляциясына тауарлардың негізгі топтарының үлесі.
    2023ж. қыркүйек

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 13,3%, ет және ет өнімдеріне – 8,6% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 1 және 1,1 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға сүт өнімдері 16,1% қымбаттауы 0,6 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (15,9%) – 0,8 пайыздық тармақ, алкоголсіз сусындар (15%) – 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 11,8% қымбаттады және олардың инфляцияға үлесі 1,6 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді жалға алу өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 7,3% жоғары болды, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (10,2%) және жылдық инфляцияға 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

    2023 жылғы қыркүйектегі Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 11,4 4,768
    Нан өнімдері мен жармалар 13,3 0,960
    Ет және ет өнімдері 8,6 1,059
    Сүт өнімдері 16,1 0,609
    Жұмыртқа 13,6 0,155
    Май және тоң май -0,2 -0,002
    Жемістер мен көкөністер 15,9 0,822
    Қант -17,0 -0,147
    Алкогольсіз сусындар 15,0 0,326
    Азық-түлік емес тауарлар 12,1 3,539
    Киім 12,6 0,795
    Аяқ киім 14,9 0,448
    Жуғыш заттар 20,3 0,313
    Бензин 13,4 0,319
    Жеке қолдану тауарлар 18,3 0,539
    Ақылы қызметтер 11,9 3,445
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 11,8 1,638
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 10,1 0,093
    тұрғын үйді жалға алу 7,3 0,182
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 10,2 0,247
    суық су 15,2 0,082
    ыстық су 16,9 0,066
    қоқыс шығару 34,9 0,100
    суды бұру 23,5 0,054
    электрэнергия 15,2 0,353
    Газ 10,0 0,126
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    9,3 0,095
    сұйытылған 13,1 0,031
    орталықтан жылыту 10,1 0,126
    қатты отын 11,7 0,198
    домофон 6,0 0,011
    Бір айда баға деңгейі ақылы қызметтерге – 0,9%, азық-түлік емес тауарларға – 0,6%, азық-түлік тауарларға 0,3% өсті.
    Бір айдағы инфляция, %
    Қыркүйек
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2018 0,4 0,0 0,8 0,4
    2019 0,3 0,1 0,4 0,3
    2020 0,3 0,0 0,4 0,5
    2021 0,4 0,1 0,6 0,7
    2022 1,8 1,2 1,9 2,7
    2023 0,6 0,3 0,6 0,9
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ.Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749790
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749531
    E-mail: an.makizhanova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші