Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    65,5%
    2022 жылдың IV тоқсанында жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан үлкен жастағы халық санына шаққанда 65,5%, жұмыс күшінің санына шаққанда – 95,2% құрады. Жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 2022 жылдың IV тоқсанында тұрақты болып қалды және 4,8% құрады. Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 456,1 мың адамды құрады. Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқытумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 6,3%-ды құрады.
    122,5 мың
    Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша халықты жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп жүрген адам ретінде 122,5 мың адам жүгінген. Жұмыспен қамту бойынша барлығы 55,3 мың іс-шаралар көрсетілді, 10,3 мың адам кәсіптік оқытуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді, 33,4 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.
    Жұмыспен қамту деңгейі
    2022ж. IV тоқсан
    Еңбек нарығындағы жағдай

    Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2022 жылдың IV тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6,9 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,7%) жалдамалы жұмыспен, 2,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.

    2021 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 153,6 мың адамға, негізінен жалдамалы жұмыскерлердің (113,9 мың адам) есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны (39,9 мың адам) өсті.

    Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,8%), білім беру (12,9%) және өнеркәсіп (12,4%), ауыл шаруашылығы (12%) салаларында байқалды.

    Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адамды құрады.

    Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылған халыққа аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 39 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 41 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 34 сағатты құрады.

    Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдар саны (әлеуетті жұмыс күші) 39,5 мың адамды құрады.

    Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 31,2%-ын құрады.

    Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    2022ж. IV тоқсан
    Электрондық кестелер
    Еңбек нарығы көрсеткіштерінің динамикасы

    2021 жылғы IV тоқсанымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі (ХЕҰ әдіснамасы бойынша) 4,8% деңгейіне дейін төмендеді.

    ҚР ЕХӘЖҚМ жұмыспен қамту органдарында ағымдағы жылғы қаңтар айының соңына 212,1 мың адам жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі өткен жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 0,5 п.т. өсті және жұмыс күшінің санынан 2,3% құрады.

    15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылғы IV тоқсанымен салыстырғанда 0,1 п.т. өсті және 3,8%-ды құрады.

    Жұмыссыздық деңгейі
    пайызбен
    2022ж. IV тоқсан
    Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері
    Жұмыс күші, адам Жұмыспен қамтылған халық, адам Соның ішінде Жұмыссыз халық, адам Жұмыссыздық деңгейі , % Жастар (
    15-28 жаста) жұмыссыздығы деңгейі, %
    Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, адам
    жалдамалы қызметкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер
    2020
    I тоқсан 9 236 463 8 794 054 6 747 145 2 046 909 442 409 4,8 3,8 4 003 320
    II тоқсан 9 157 672 8 703 701 6 659 193 2 044 508 453 971 5,0 4,0 4 082 503
    III тоқсан 9 167 894 8 713 145 6 652 792 2 060 353 454 749 5,0 3,9 4 078 644
    IV тоқсан 9 197 463 8 744 477 6 675 519 2 068 958 452 986 4,9 3,6 4 045 322
    2021
    I тоқсан 9 232 393 8 781 122 6 702 718 2 078 404 451 271 4,9 3,7 4 108 763
    II тоқсан 9 256 383 8 805 024 6 700 319 2 104 705 451 359 4,9 3,7 4 072 404
    III тоқсан 9 263 614 8 812 861 6 684 896 2 127 965 450 753 4,9 3,7 4 063 470
    IV тоқсан 9 262 301 8 811 894 6 717 036 2 094 858 450 407 4,9 3,7 4 058 508
    2022
    I тоқсан 9 419 497 8 959 601 6 860 875 2 098 726 459 896 4,9 4,0 4 267 930
    II тоқсан 9431 321 8971 044 6841 372 2129 390 460 277 4,9 3,9 4257 752
    III тоқсан 9430 788 8971 603 6837 764 2133 839 459 185 4,9 3,9 4260 470
    IV тоқсан 9421 585 8965 536 6830 886 2134 650 456 049 4,8 3,8 4268 903
    Глоссарий

    Жұмыс күші – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық.

    Жұмысқа қабілетті жастағы адамдарға 16 -60,5 жастағы әйелдер, 63 жастағы ерлер жатады («Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және «Қазақстан Республикасы халқын зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес).

    Жұмыспен қамтылған адам– ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

    Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:

    1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;

    2) дара кәсіпкерлер;

    3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

    4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;

    5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;

    6) тәуелсіз жұмыскерлер;

    7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.

    Жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.

    Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.

    – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.– 15-28 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.

    Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.

    Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша іріктемелі зерттеуі жүргізіліп келеді. Зерттеумен қорытындыларын халықтың барлық санына таратумен байқаудың іріктеме әдісінің негізінде республиканың барлық өңірлері қамтылады. 15 және одан жоғары жастағы адамдар байқау бірліктері болып табылады.

    Ұсынылған көрсеткіштер кеңейтілген желі бойынша үй шаруашылығын (үй шаруашылықтарының жалпы санының 4,3%-ы) іріктемелі зерттеуі қорытындысы негізінде қалыптастырылады, іріктеме жылына бір рет қалыптастырылады. Үй шаруашылықтарының тізімі Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қоры тіркелімі негізінде қалыптастырылған. Іріктемені қалыптастыру әдіснамасы Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесін нйғайту бойынша ҚАЗСТАТ Жобасы шеңберінде Германияның Дестатис статистикалық офисінің сарапшыларымен бірлесе әзірленді.

    Халық пікіртерімі үй шаруашылығында әрбір мүшені сипаттайтын сұрақтан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жүргізіледі. Сауалдама негізінде халық жұмыс күші немесе жұмыссыз және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар бойынша жіктелетін сұрақтардың логикалық жүйелілік қағидатымен құрылады.

    Ұғымдар мен анықтамалар «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік тәсілдеріне негізделген.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н.Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    Г. Бекішева
    Тел. +7 7172 749504
    Электрондық пошта:gul.bekisheva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000 , Астана
    Мәңгілік ел даңғылы , 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші