Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Негізгі ойлар

    Тұрмыс сапасының индексі ЭЫДҰ елдерінің даму процесін сипаттау үшін маңызды деп анықтаған бірқатар әл-ауқат индикаторларын қамтиды. ЭЫДҰ әл-ауқаттың даму процесін материалдық немесе экономикалық өзгеруі ретінде ғана емес, сонымен бірге адамның әлеуетінің кеңеюі ретінде қарастырады.

    Индекстің құрамына кіретін жекелеген индикаторлар бойынша Қазақстанда біршама прогресс байқалады.

    Мәселен, «Тұрғын үй жағдайлары» аспектісінің келесі индикаторлары бойынша оң динамика байқалады:

    • үй шаруашылықтарының жалпы шығыстарында тұрғын үйді күтіп ұстау бойынша қызметтерге жұмсалатын шығыстар үлесінің төмендеуі (2020 жылы 12,1% - дан 2022 жылы 11,6% - ға дейін);
    • орталық кәрізбен жабдықталмаған тұрғын үйдің үлес салмағының төмендеуі (2020 жылы 11,6% - дан 2022 жылы 10,2% - ға дейін). Сонымен қатар, бір адамға шаққандағы бөлмелердің орташа саны өзгерген жоқ және 0,8 бөлмені құрады.

    «Білім беру» сияқты маңызды аспект бойынша 15 жастағы оқушылардың орташа үлгерімі (математикалық, жаратылыстану ғылымы және оқу сауаттылығын қамтитын PISA білім беру рейтингіне сәйкес) 2018 жылғы 402-ден 2022 жылы 411-ге дейін өсті.

    «Денсаулық» аспектісі бойынша өмір сүру ұзақтығының 2020 жылы 71,37 жастан 2022 жылы 74,44 жасқа дейін өсуі байқалатынын атап өтеміз.

    Глоссарий

    Тұрмыс сапасы - адам өмірінің барлық аспектілерінің тиімділігін сипаттайтын пәнаралық ұғым.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тұрмыс сапасының индексі (ТСИ) есептеу сәтінде қолда бар деректерді пайдалана отырып, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) әдіснамасы негізінде есептеледі. ТСИ -бұл ЭЫДҰ халықтың физикалық жағдайлары мен өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіштері ретінде аталған әл-ауқаттың он бір аспектісі бойынша бірқатар индикаторлар.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +77172 749022
    Орындаушы:
    C. Керейбаева
    Тел. +7 7172 749806
    E-mail: s.kereibayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ..
    Мәңгілік ел, 8
    Министрлік үйі, 4 к
    Онлайн кеңесші