Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    152 519 теңге
    2022 жылғы III тоқсандағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 152519 теңгені құрады, бұл 2021 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 17,6% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыстар 1,1% өсті
    Тоқсандар бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары
    теңге
     III тоқсан 2022ж.
    Тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа атаулы және нақты ақшалай табыстар

    2022 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 152519 теңгені құрады және 2021 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 17,6% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (16,3%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 1,1% артты.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстары (бағалау)
    Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге 2022 жылғы III тоқсан, пайызбен
    2021 жылғы III тоқсанға 2022 жылғы II тоқсанға
    2022 жылғы III тоқсан 2022 жылғы II тоқсан 2021 жылғы III тоқсан атаулы нақты атаулы нақты
    Қазақстан Республикасы 152 519 150 687 129 742 117,6 101,1 101,2 97,1
    Абай 134 866 139 544 114 977 117,3 100,2 96,6 92,4
    Ақмола 136 874 132 839 124 697 109,8 93,4 103,0 98,1
    Ақтөбе 131 316 131 128 113 356 115,8 99,7 100,1 96,0
    Алматы 106 267 111 915 97 033 109,5 95,6 95,0 92,1
    Атырау 313 758 295 812 255 826 122,6 105,2 106,1 100,8
    Батыс Қазақстан 144 554 145 956 126 641 114,1 98,4 99,0 94,7
    Жамбыл 97 098 105 788 87 851 110,5 96,2 91,8 88,6
    Жетісу 95 661 102 499 101 387 94,4 81,2 93,3 89,3
    Қарағанды 166 873 164 924 141 451 118,0 100,9 101,2 97,0
    Қостанай 147 809 146 537 128 080 115,4 99,1 100,9 96,4
    Қызылорда 106 466 119 025 91 868 115,9 100,3 89,4 85,7
    Маңғыстау 204 890 204 128 155 205 132,0 110,4 100,4 94,7
    Павлодар 166 274 167 337 136 773 121,6 104,9 99,4 95,1
    Солтүстік Қазақстан 142 848 138 576 119 909 119,1 102,3 103,1 98,6
    Түркістан 75 867 83 019 67 515 112,4 96,6 91,4 88,6
    Ұлытау 244 626 205 967 150 883 162,1 137,4 118,8 112,8
    Шығыс Қазақстан 154 058 159 191 132 298 116,4 99,4 96,8 92,5
    Астана қаласы 197 481 198 557 188 886 104,6 89,0 99,5 95,0
    Алматы қаласы 206 587 203 302 177 731 116,2 100,2 101,6 97,7
    Шымкент қаласы 87 637 91 681 80 381 109,0 94,4 95,6 91,9
    Max 313 758 295 812 255 826 162,1 137,4 118,8 112,8
    Min 75 867 83 019 67 515 94,4 81,2 89,4 88,6
    Max /Min, есе 4,1 3,6 3,8 1,7 1,7 1,3 1,3

    2022 жылғы III тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Атырау облысында белгіленді, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден шамамен 2,1 есе артықтығы байқалды. Табысы ең төмен өңір болып Түркістан облысы белгіленді, осы өңірде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің жартысын құрайды. 2022 жылғы III тоқсанда өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 4,1 есені құрады (2021 жылғы III тоқсанда – 3,8 есе).

    2022 жылғы III тоқсандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасымен ара қатынасы
     III тоқсан 2022ж.
    Глоссарий

    Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты;

    Атаулы ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Нақты ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

    Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;

    Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры - ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;

    Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;

    Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.

    Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.

    Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

    1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;

    3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;

    5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;

    6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

    7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.

    Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу

    ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

    Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:

     III тоқсан 2022ж.

    Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.

    Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.

    Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.

    ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:

     III тоқсан 2022ж.

    Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

    Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

     III тоқсан 2022ж.
    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +77172 749022
    Орындаушы:
    А. Макшаева
    Тел. +7 7172 749262
    E-mail: a.makshayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші