Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    23,0%
    2022 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2021 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 23%-ға өсіп, 299 782 теңгені құрады.
    16,1%
    Қазақстан Республикасындағы жалақының медиандық мәні бағалау бойынша 2022 жылдың III тоқсанында 16,1%-ға өсіп, 189 018 теңгені құрады.
    60 000 теңге
    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 60000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2022 жылдың алдыңғы тоқсанымен салыстырғанда бір қызметкердің айлық жалақысының орташа мәні 3,9%-ға, нақты жалақы индексі 7,8%-ға азайды.

    2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда бір қызметкердің айлық жалақысының орташа мәні 23%-ға, нақты жалақы индексі 5,8%-ға өсті.

    Қазақстан Республикасындағы тоқсандар бойынша атаулы және нақты жалақы индексі
    2022ж. III тоқсан
    Қазақстан Республикасындағы жалақы
      Айлық жалақының орташа мәні Нақты жалақы индексі, пайызбен Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау)
    теңге пайызбен теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиiстi тоқсанға
    2021                
    I тоқсан 230829 99,0 115,2 97,0 107,4      
    II тоқсан 251545 109,0 118,6 106,5 110,4      
    III тоқсан 243667 96,9 119,3 94,9 109,8      
    IV тоқсан 275580 113,1 118,2 111,1 108,7      
    2022                
    I тоқсан 285433 103,6 123,7 100,5 112,7 179790 103,9 116,7
    II тоқсан 312011 109,3 124,0 102,9 108,9 196728 109,3 124,6
    III тоқсан 299782 96,1 123,0 92,2 105,8 189018 96,1 116,1
    Өңірлік бөліністе 2022 жылдың үшінші тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында қалыптасты және өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 39%-ға, Маңғыстау облысында – 29,9%-ға, Ақтөбе облысында – 28,9%-ға, Ақмола облысында – 27,0%-ға өсті. Ең төменгі өсім Астана қаласында – 15,1% және Жетісу облысында – 16,8% байқалады.
    2022 жылғы III тоқсандағы өңірлер бойынша қызметкерлердің айлық жалақысының орташа мәні
    2022ж. III тоқсан

    2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі құрылыста – 34,5%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 31,3%-ға, көлік және жинақтау саласында – 31,1%-ға, көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында – 29,3%-ға байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 29,3%-ға, білім беруде – 22,4%-ға өсті.

    Орташа айлық номиналды жалақының төмен деңгейлері көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды, онда өсім 5,5% құрады, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 8,9% және өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 15,5% құрады.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда орташа республикалық деңгейден – 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметінде – 1,8 есе, кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 1,5 есе, құрылыс саласында - тиісінше 1,4 есе болып тіркелді.

    2022 жылғы III тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
      Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы Нақты жалақы индексі, пайызбен  
    теңге пайызбен
    өткен тоқсанға өткен жылғы тиісті тоқсанға өткен тоқсанға өткен жылғы тиісті тоқсанға
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 299782 96,1 123,0 92,2 105,8
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 219926 120,9 131,3 116,0 112,9
    Өнеркәсіп 415510 107,4 129,3 103,1 111,2
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 649251 109,6 129,6 105,2 111,4
    Өңдеу өнеркәсібі 346192 105,7 128,5 101,4 110,5
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 260275 102,7 128,1 98,6 110,1
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 187614 103,7 121,1 99,5 104,1
    Құрылыс 422717 105,8 134,5 101,5 115,6
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 267400 106,3 120,4 102,0 103,5
    Көлік және жинақтау 393940 108,6 131,1 104,2 112,7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 270045 103,5 129,3 99,3 111,2
    Ақпарат және байланыс 408254 101,6 123,3 97,5 106,0
    Қаржы және сақтандыру қызметі 535671 91,1 118,3 87,4 101,7
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 213884 101,7 117,6 97,6 101,1
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 444331 105,4 120,3 101,2 103,4
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 308876 102,1 120,6 98,0 103,7
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 249408 100,2 120,6 96,2 103,7
    Білім беру 222905 76,0 122,4 72,9 105,2
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 245212 95,0 108,9 91,2 93,6
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 187700 103,1 115,5 98,9 99,3
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 249028 99,9 105,5 95,9 90,7
    Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы
    2022 жылдың 3 тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 56 578 бірлікті құрады. Оның ішінде салалық құрылымда үштен бірі (32,2%) өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 28,3% – бұл мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және көлік және жинақтаудағы бос орындар.
    Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 10 636 бірлік, Астана қаласы – 7 425 бірлік, сондай–ақ Атырау облысы – 5 797 бірлік және Павлодар облысы – 4 334 бірлік көшбасшы болып табылады.
    Глоссарий

    Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Сагнаева
    Тел. +7 7172 749554
    E-mail: a.sagnaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші